СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҰБТ-ға дайындыққа арналған тесттер жинағы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл тесттер жинағы тараулар бойынша жасалған. Сұрақтар ҰБТ спецификациясы бойынша құрастырылған. ҰБТ-ға дайындық жүргізетін мұғалімдерге арналған

Просмотр содержимого документа
«ҰБТ-ға дайындыққа арналған тесттер жинағы»

1 нұсқа(жаңасы)

1.Жасушасының қабықшасы қатты хитиннен тұратын, дайын органикалық заттармен қоректенетін тірі табиғаттың ерекше тобы:

A) Бактериялар

B) Мүктер

C) Вирустар

D) Саңырауқұлақтар

2.Ақуыз және рибонуклеин қышқылы бар органоидтар:

A) Ядро.

B) Гольджи жиынтығы.

C) Жасуша орталығы.

D) Митохондриялар.

E) Рибосомалар.

3.Пенициллин антибиотигі ... алынады.

A) Ашытқы саңырауқұлағында

B) Зең саңырауқұлағынан

C) Ақұнтақ саңырауқұлағынан

D) Түлкіжем саңырауқұлағынан

E) Қалпақшалы саңырауқұлақтан

4.Хлорелланың хламидомонадаға ұқсастығы:

A) Талшығы бар.

B) Көп жасушалы.

C) Көзшесі жоқ.

D) Хроматофоры бар.

5.Спора дамитын орын.

A) Спорангий.

B) Сапрофит.

C) Өркен.

D) Бүршік.

6.Жасушасы жоқ өте ұсақ ағзалар

A) Вирустар

B) Көп жасушалылар

C) Қарапайымдылар

D) Бактериялар

7.Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді

A) Митохондрия

B) Жасуша орталығы

C) Рибосома

Д) Лизосома

8.Жұқтырушы микробы қараңғы, ылғалды, жылы жерде ұзақ сақталады

A) туберкулез

B) тұмау

C) пневмония

D) цирроз

9.Хромосомалардың толық жиынтығы.

A) Гаплоидті.

B) Аутосома.

C) Диплоидті.

D) Интерфаза.

10.Қыналардың жақсы өсуі үшін қажет:

A) Су және көлеңкелі орта

B) Құнарсыз топырақ немесе батпақты жер

C) Оттегіне бай таза ауа, жарық

D) Қараңғы немесе көлеңкелі орта

11.Ферменттердің басқа ақуыздардан айырмашылығы

A) Химиялық реакциялардың катализаторы

B) Энергия көзі болып табылады

C) Рибосомаларда синтезделеді

D) 20 әртүрлі аминқышқылдарынан тұрады

12.Жасуша құрамындағы майлардың мөлшері.

А) 1-5%.

В) 2-3 %.

С) 5-10%.

D) 0,5 -2%.

13.Жануар жасушасындағы көмірсудың мөлшері.

А) 1-5%.

В) 3-4%.

С) 6-7%.

D) 8%.

14.Дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар тобы

А) Продуценттер

B) Эукариоттар

C) Гетеротрофтар

D) Автотрофтар

15.Өсімдік қалдықтарымен, өлекселермен қоректенетін ағзалар тобы

А) Гетеротрофтар

B) Автотрофтар

C) Паразиттер

D) Хемотрофтар

E) Сапрофиттер

16. Белгілі бір иесінде тіршілік ететін ағзалар тобы

А) Продуценттер

B) Паразиттер

C) Гетеротрофтар

D) Автотрофтар

17. Нуклеин қышқылдарының атқаратын қызметі:

A) Қорғаныштық.

В) Құрылыстық.

C) Катализдік.

D) Ақпараттық.

18. Ферменттер табиғаты жағынан:

A) Ақуыздар (нәруыздар) .

В) Көмірсулар.

C) ДНҚ.

D) Минералды тұздар.

19. Органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар:

A) бір жасушалы балдырлар.

В) космополиттер.

C) автотрофтылар.

D) редуценттер.

20. Cаңырауқұлақтың споралары өнетін орта

A) кебу топырақ.

В) қарашірігі мол ылғалды топырақ.

C) ылғалы мол, бірақ қарашірігі аз топырақ.

D) құс саңғырығының іші.

21. Топырақта азот қосылыстарын жинаушы бактериялар аталады:

A) Сапрофитті.

В) Нитрлеуші.

C) Хемосинтездеуші.

D) Паразитті.

22. Ядроның бөлімінде орналасқан ДНҚ молекуласы:

A) Ядро шырынында.

В) Ядро қабықшасында.

C) Ядрошықта.

D) Ядро қосындыларында.

E) Хромосомада.
23. Пеницилл саңырауқұлақтардың жататын негізгі тобы:

A) Жеуге жарамды.

В) Қалпақшалы саңырауқұлақтар.

C) Паразитті.

D) Зең саңырауқұлақтар.

E) Улы.

24. ДНК нуклеотидтерінің құрамына кірмейтін химиялық қосылыс

A) Дезоксирибоза.

В) Аденин.

C) Фосфор қышқылы.

D) Май қышқылы.

E) Цитозин.
25. Хромосоманың қызметі:

A) Көмірсу синтездейді.

В) Фотосинтезге қатысады.

C) Жасушаның қозғалуына әсер етеді.

D) Тыныс алуға қатысады.

E) Тұқым қуалаушылық ақпаратын сақтайды.













2 нұсқа(жаңасы)

1. Ағашқұлақ (трутовик) саңырауқұлағының ағаштарды зақымдауы:

A) жіпшумақтарымен

В) жекеленген жіпшелерімен

C) қалпақшасымен

D) спораларымен

2. Ескі жасушалардың жаңарып отыруының себебі:

A) Көбею.

В) Ыдырау.

C) Жиырылу.

D) Қозу.

3. Тұмау вирустарының кездесетін жері-

A) өкпеде.

В) қақырықта, сілекейде.

C) тердің құрамында.

D) жастың құрамында.

4. Ағаштардың тамырларымен симбиоздық тіршілік ететін саңырауқұлақтар:

A) Қайыңқұлақ.

В) Қастауыш.

C) Ақ зең.

D) Ағашқұлақ.

5. Жасушаның барлық органоидтарының орны:

A) Жасуша орталығы.

В) Лизосома.

C) Пластидтер.

D) Цитоплазма.

6. Хитинді жабынның атқаратын қызметі:

A) Қорғаныш.

В) Сыртқы ортамен байланыс.

C) Тыныс алу.

D) Қанайналым.

7. Хромосомаларда болатын.

A) Көмірсу

В) Май.

C) Ақуыз (нәруыз).

D) ДНҚ

8. Органикалық затты жасайтын жасыл өсімдіктердің тобы :

A) Продуценттер.

В) Консументтер.

C) Редуценттер.

D) Гетеротрофтар.

9. Қына қабаттамасындағы (денесінде) жасыл балдырлардың ролі

A) Топырақтан суды сіңіреді.

В) Құнарсыз жерлерде өсуіне әсер етеді.

C) Қынаның көбеюіне қатысады.

D) Фотосинтез нәтижесінде органикалық зат түзеді.

10. Автотрофты қоректенетін ағзалар:

A) Вирустар.

В) Саңырауқұлақтар.

C) Өсімдіктер.

D) Адам.

11. Қызыл кітаптың міндеттері-

A) Үй жануарларының барлық түрін сақтап қалу.

В) Республика заңдарына сәйкес сирек түрлерді қорғау.

C) Жабайы өсімдіктердің барлық түрін сақтап қалу.

D) Жабайы жануарлардың барлық түрін сақтау.

12. Биосинтез

A) органикалық қосылыстардың ыдырауы.

В) ортаның физикалық, химиялық өзгерістеріне жауап беру қабілеті.

C) жай заттардың қосылып, ақуыз, май, көмірсудың түзілуі.

D) жасушаның мөлшері мен салмағының артуы.

13. Күн сәулесі энергиясының химиялық заттар энергиясына айналуын жүзеге асыратын

A) Продуценттер.

В) Редуценттер.

C) Консументтер.

D) Вирустар.

14. Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шаралары туралы ғылым:

A) Физиология.

В) Экология.


C) Гигиена.

D) Тәнтану.

15. Ақ зеңнің жіпшумақ жіпшелері ... тұрады.

A) екі жасушадан

В) үш жасушадан

C) төрт жасушадан

D) бір ғана жасушадан

16. Жасушаның сұйық ортада қозғалуға бейімделген жіпше тәрізді нәзік өсінділері:

A) Өсінді.

В) Денешік.

C) Тарақша.

D) Кірпікшелер, талшықтар.

17. Қазақстан жеріндегі қорықтар саны

A) 20

В) 19

C) 15

D) 11

E) 10
18. Қарағайлы ормандарда өсетін қына

A) Қабыршақ қына

В) Талшық қына

C) Бұта қына

D) Жапырақ қына

19. Фотосинтез процесі жүретін жасуша органойды:

A) Хлоропласт.

В) Митохондрия.

C) Хромопласт.

D) Лизосома.

20. Көмірсулардың ішіндегі полисахаридтер:

A) глюкоза

В) крахмал

C) фруктоза

D) дезоксирибоза

21. Әр түрге жататын ағзалардың өзара жағдай туғыза отырып тіршілік етуі:

A) Арамтамақтық.

В) Жыртқыштық.

C) Паразиттік.

D) Селбесу.

22. Қына денесінде саңырауқұлақ

A) Органикалық зат түзеді.

В) Өскен жеріне бекініп тұруына көмектеседі.

C) Су және онда еріген минералды тұздарды сіңіреді

D) Ерекше қышқыл бөледі.

23. Жыныссыз жолмен көбеюге жатады:

A) Спорамен

В) Дәнегімен

C) Тұқыммен

D) Гүлмен

24. Жасушада әрі фермент, әрі гормон, әрі құрылыс материал:

A) ақуыз

В) ДНК

C) крахмал

D) көмірсулар

25. Тұқым қуалайтын белгіні ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші:

A) Цитоплазма.

В) Митохондриялар.

C) Лизосомалар.

D) Хромосомалар.


















3 нұсқа(жаңасы)

1. Көмірсулардың жасушада атқаратын қызметі.

A) Катализаторлық.

В) Тасымалдау.

C) Қорғаныш.

D) Энергетикалық.

2. Саңырауқұлақ жасушасында болмайды:

A) Ядро шырыны.

В) Ядрошық.

C) Цитоплазма.

D) Хлорофилл.

3. Ағзадағы негізгі энергия қоры:

A) көмірсу

В) дәрумен

C) май

D) аминқышқылы

4. Бактериофаг - бұл

A) Бактерияны зақымдаушы вирус

В) Эукариотты жасушаларды жансыздандыратын бактериялар

C) Балдырлар мен саңырауқұлақтардың тобы

D) Бактериядағы жасушаның бөлігі

5. Органикалық заттардың жасушада түзілуі үшін қажет болатындар.

A) Өсу.

В) Қозу.

C) Қозғалу.

D) Энергия

6. Қарында ақуыз ыдырататын фермент

A) адреналин

B) тирозин

C) триопсин

D) пепсин

7. Бактерия талшығының маңызы:

A) Жарық пен қараңғыны сезуге.

B) Көбеюге.

C) Қозғалуға.

D) Қоректенуге.

8. Жануарлар мен адамның жасушасында жоқ органоид:

A) Рибосомдар.

B) Лизосомдар.

C) Митохондрия.

D) Хлоропластар.

9. Эукариоттар дегеніміз.

A) Ядросы қалыптаспаған ағзалар.

B) Прокариоттар.

C) Ядросы болатын ағзалар.

D) Көк-жасыл балдырлар.

10. Жасушадағы майдың түзілу жері:

A) Лизосомада.

B) Хромосомада.

C) Тегіс эндоплазмалық торда.

D) Митохондрияларда.

11. Бірінші ретті консументтерге қандай ағзалар жатады?

A) Өсімдікқоректі жануарлар.

B) Бір жасушалы балдырлар.

C) Автотрофтылар.

D) Етқоректі жануарлар.

12. Хромосомалар жасушада ... орналасқан:

A) вакуольде

B) клетка аралықта

C) клетка шырынында

D) ядрода

13. Туберкулез қоздырғышы-

A) Вирус.

B) Бактерия.

C) Амеба.

D) Кірпікшелі кебісше.

14. Тастарға жабысып өсетін қына

A) Қара қына

B) Қоспақты қына

C) Бұта қына

D) Жапырақ қына




15. Жасуша ядрошығының қызметі:

A) көмірсуларды ыдыратады.

B) жасушада органикалық заттардың жиналуын қамтамасыз етеді.

C) жасуша қозғалысын реттейді.

D) рибосомаларды синтездейдi.

16. РНҚ молекуласының тізбегі:

A) 4

B) 3

C) 2

D) 1

17. Дәрі-дәрмек алу үшін өсіретін саңырауқұлақ

A) қаракүйе.

B) қастауыш.

C) пеницилл.

D) ашытқы.

18. РНК молекуласының құрамындағы компоненттер:

A) Дезоксирибоза және цитозин.

B) Дезоксирибоза және урацил.

C) Урацил және рибоза.

D) Тимин және рибоза.

19. Жасушаның көбеюіне қатысады

A) Жасуша аралық зат

B) Ядро

C) Цитоплазма

D) Пластид

20. Саңырауқұлақтың өсімді (вегетативтік) денесі:

A) Жіпшелер.

B) Таллом.

C) Тамыр.

D) Сабақ.

21. Өсімдіктің азот жинақтаушы-түйнек бактериялары орналасқан орны:

A) Жапырақта.

B) Тұқымда.

C) Тамырда.

D) Сабақта.

22. Жасушада АТФ синтезделуі үшін энергиямен қамтамасыз етуші -

A) ферменттер.

B) оттегі.

C) минералды тұздар.

D) глюкоза.

23. Ағашқұлақ саңырауқұлағының жемісті денесінің басқа саңырауқұлақтардан ерекшелігі

A) Жекелеген жасушаларға бөлінген тармақталған жіпше тәрізді.

B) Жемісті денесі-түбіртек пен қалпақшадан тұрады.

C) Жемісті денесі-түссіз жіпше тәрізді.

D) Жемісті денесі-тұяққа ұқсайды әрі өте қатты.

E) Жемісті денесі- ақ үлпектей.

24. Жасушадағы түрлі реакциялардың жүру жылдамдығы ақуыздың ... қызметіне байланысты:

A) тасымалдау.

B) құрылыс материалы.

C) қозғалысты қамтамасыз ету.

D) катализаторлық.

25. Жасушаның бөлінуі кезінде ең негізгі қызмет атқаратын органоид:

A) Жасуша қосындылары.

B) Қозғалыс органоидтары.

C) Жасуша орталығы.

D) Гольджи жиынтығы.
















4 нұсқа(жаңасы)

1. Фагоцитоз ол мынандай процесс

A) Жасушаға судың түсуі

B) Жасуша заттарының түсуін реттейді

C) Мембрана жасушасы сүйық заттарды алып, цитоплазма жасушасына өтеді

D) Мембрана арқылы қатты заттарды өтіп, цитоплазмаға түсуі

2. Қозықұйрықтың боз арамқұлақтан ерекшелігі:

A) Негізінен топ-топ болып өседі.

B) Қалпақшасының асты ақшыл-жасыл түсті.

C) Қалпақшасының асты қызғылт түсті, түбіртегінде сақинасы болмайды.

D) Түбіртегі жіңішке, ұзын, түбіртегінде сақинасы бар.

3. Мекендейтін иесінің қоректік заттарын пайдаланып, тіршілік ету:

A) Паразиттік.

B) Селбесу.

C) Жыртқыштық.

D) Арамтамақтық.

4. Паразит саңырауқұлақтар

A) қи саңырауқұлағы.

B) арышқұлақ.

C) түбіртек.

D) қаракүйе.

5. Жасушаның 80% массасын құрайтын зат:

A) Ақуыз (нәруыз).

B) Крахмал.

C) Су.

D) Көмірсулар.

6. Қалпақшалы саңырауқұлақ деп аталу себебі

A) Денесі тек түбіртектен тұрады.

B) Саңырауқұлақтың пішіні қалпаққа ұқсайды.

C) Денесі тек қалпақшадан түзілген.

D) Денесі түбіртек пен қалпақтан тұрады.

7.Жасушаның айналадағы құбылысқа жауап қайтаруы

А.Зат алмасу және қуат

В.Тітіркену

С.Көбею

Д.Өсу мен даму

8.Митохондрияның қызметі

А.Нәруыздарды синтездейді

В.Биосинтез кезінде заттарды тасымалдау, өнімдерді шығару

С.Зат алмасуды реттейді

Д.Энергетикалық

9.Лизосома органоидын ашқан

А.Дж.Палладе

В.С.Миллер

С.Де Дюв

Д.А.Левенгук

10.Эндоплазмалық торды ашқан

А.Дж.Палладе

В.К.Портер

С.Де Дюв

Д.А.Левенгук

11.Жасушаның бөлінуінде жауапты рөл атқарады

А.Ядро

В.Цитоплазма

С.Жасушща орталығы

Д.Вакуоль

12.Гистондар кездеседі

А.Жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларының ядросында

В. Жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларының цитоплазмасында

С. Жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларының вакуолінде

Д.Ұлпаларда

13.Жасушаның құрамында хромосомалары бар негізгі бөлігі

А.Митохондрия

В.Гольджий жиынтығы

С.Ядро

Д.Лизосома


14.Вакуолдің қызметі

А.Нәруыздарды синтездейді

В.Биосинтез кезінде заттарды тасымалдау, өнімдерді шығару

С.Қоректік заттарды жинақтайды

Д.Энергетикалық

15.Эндоплазмалық тор бөлінеді

А.Үлкен, кіші бөлік

В.Тегіс, түйіршікті

С.Сыртқы, ішкі

Д.Бөлінбейді

16.Тотығу процессі жүретін жасуша органоиды

А.Митохондрия

В.Гольджий жиынтығы

С.Ядро

Д.Лизосома

17.Плазмалемманың негізгі химиялық құрамы

А.Нәруыз 40%, май6%, көмірсу 2-10%

В.70% нәруыз, 20 % фосфопротеидтер мен ферменттер болады

C.Нәруыз 60%, май40%,көмірсу 2-10%

В.20% нәруыз, 70% фосфопротеидтер мен ферменттер болады

18.Митохондрияның ішкі мембранасының құрамында

А.Нәруыз 40%, май6%, көмірсу 2-10%

В.70% нәруыз, 20 % фосфопротеидтер мен ферменттер болады

C.Нәруыз 60%, май40%,көмірсу 2-10%

В.20% нәруыз, 70% фосфопротеидтер мен ферменттер болады

19.Ядроның құрылымы.

А.Цитоплазма

В.Вакуоль

С.Кариоплазма

Д.Су

20.Хроматофоры оралма тәрізді орналасқан көпжасушалы жасыл балдыр

А) Хлорелла

В) Спирогира

С) Улотрикс

D) Хлорококк

21.Зең саңырауқұлақ

А) Көңқұлақ

В) Мукор

С) Терекқұлақ

D) Ашытқы

22.Ағаштардың сабағында өсетін паразит саңырауқұлақ

А) Қастауыш

В) Діңқұлақ

С) Терекқұлақ

D) Ашытқы

23.Нағыз ауа тазалығының индикаторы

А) Мүк

В) Бактерия

С) Балдыр

D) Қына

24.Балдыр жасушасындағы хлоропластардың атауы

А) Хлорофилл

В) Лейкопласт

С) Хроматофор

D) Хромопласт

25.Екінші реттік консумент

А) Бактерия

В) Саңырауқұлақ

С) Қасқыр

D) Қой