Ұлттық дүниетаным 2 – сыныпқа арналып жасалған жинақ. Бұл жинақ екінші сынып оқушыларын жан-жақты
дамытып, білімге деген құштарлығын тексеру, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ұлттық дүниетанымын терең меңгеруге баулу мақсатында пайда болды. Ұлттық дүниетаным оқушыларды саналылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді.
Ұлттық дүниетанымның оқушыларға берері мол. Халқымыздың ежелгі замандардан бүгінге жекізіп берген
дәстүрлі танымы мен білімін, сенімі мен көзқарасын, өлшемі мен түсінігі осы оқулықта анық жазылған.
Бұл жинақ оқушының өз бетімен тапсырмаларды орныдауына, оқу іс-әрекетінің нәтижелерін қадағалауға
мүмкіндік береді, оқушылардың қызығушылығы мен даму ерекшеліктерін ескереді.
Бір сөзбен айтқанда бұл жинақ оқушыларды халық даналығына бастайды.
Бағдарлама құрастырушы – авторы Құралұлы А. Алматы: Өнер 2015 «Ұлттық дүниетаным» 1-11-сынып арнайы
пәнінің бағдарламасына сәйкес, қазақ мемелекеті, хандары, билері, батырлары, шешендері, ақындары, күйшілері, қару –жарақ және мал әбзелдері атаулары, аңшылық, ұлттық киімдер т.б. материалды қамтиды.
- Халықтық тәлім – тәрбие бере отырып, ұлтжандылық сезімдерін ояту.
№ | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Уақыты | Сөздік жұмыс | Қосымша танымдық материал | Күтілетін нәтиже |
1 | Жеті ата туралы түсінік | 1 | | Жеті ата | Суреттер, шиырмалар | Жеті ата туралы түсінік алады |
2 | Пышақ және оның түрлері | 1 | | Пышақ | Плакаттар | Пышақтың құрылысымен танысады |
3 | Қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары | 1 | | Тәулік | Сызбалар кестелер | Тәулік мезгілдерінің түрлері туралы ақпарат алады |
4 | Қазақша жыл мезгілдерінің атаулары | 1 | | Жыл мезгілі | Суреттер, шиырмалар | Жыл мезгілдерінің атауы туралы мағлұмат алады. |
5 | Қазақша жыл аттары | 1 | | Мүшел | Сызбалар, кестелер | Жылдардың реттері мен атауларымен танысады |
6 | Туыстық атаулары | 1 | | Жиен, жиеншар, жезле, бөле,нағашы. | Дайын плакат | Туыстық атауларымен танысады |
7 | Үй ішіндегі бөлме және орын атаулары | 1 | | Қағылға, кәсек, босаға | Сызбалар, кестелер | Үй ішіндегі бөлме және орын атауларын үйренеді |
8 | Үй мүліктері | 1 | | Абажа, кебеже, әбдіре, аағаш төсек,асадал, жастықағаш, адалбақан, жүкаяқ, сандық. | Суреттер, шиырмалар | Ерте кездегі үй мүліктерімен танысады |
9 | Асықтың түрлері мен атаулары | 1 | | Алшы, тәйке, бүге, шіге, оңқа, шоңқа, қынжы. | Суреттер, дид-лық ойын | Асықтың түрлері мен атауларын меңгереді |
10 | Төрт түлікке қатысты ұғымдар | 1 | | Келе, үйір,табын, отар | Сызбалар кестелер | Төрт түлікке қатысты ұғымдармен танысады |
11 | Төрт түлік малды және үй жануарларын шақыру | 1 | | Төрт түлік малды және үй жануарларын шақыру түрлері | Суретті кесте | Төрт түлік малды және үй жануарларын шақыруды үйренеді |
12 | Жануарларға байланысты ұлттық ойындар | 1 | | Соқыртеке,ұшты-ұшты, біз де | Ойын түрлері | Жануарларға байланысты ұлттық ойындармен танысады |
13 | Төрт түлікке қатысты тыйымдар | 1 | | Тыйым | Сюжетті суреттер | Төрт түлікке қатысты тыйымдарды үйренеді |
14 | Тереңдік өлшемдері | 1 | | Өлшем | Кесте, суреттер | Тереңдік өлшемдерімен танысады |
15 | Қазақ халқында жиі қоданылатын сандар | 1 | | Ширек, бүтін, сирақ, жарты, бір, екі | Дид-лық ойын | Қазақ халқында жиі қоданылатын сандармен танысады |
16 | Мал әбзелдері мен құрал-жабдықтарының атаулары | 1 | | Әбзел | Суретті кесте | Мал әбзелдері мен құрал-жабдықтарының атауларын үйренеді |
17 | Шешендік өнер. Жиренше шешен | 1 | | Шешендік өнер, шешен | Дид-лық ойын | Жиренше шешен өнерімен танысады |
18 | Қазақ халқының ақын жыраулары, күйшілері | 1 | | Ақын жырау, | Сюжетті суреттер | Қазақ халқының ақын жыраулары, күйшілерімен танысады |
19 | Құрманғазы. Дина. | 1 | | Күйші | Дид-лық ойын | Құрманғазы, Дина туралы ақпарат алады |
20 | Қазақ батырлары | 1 | | Батыр | Суретті кесте | Қазақ батырлары туралы мағлұмат алады |
21 | Қазақтың мақал-мәтелдері | 1 | | Мақал, мәтел | Дид-лық ойын | Қазақтың мақал-мәтелдері туралы толық ақпарат алады |
22 | Қазақтың салт-дәстүрлері | 1 | | Салт-дәстүр | Кесте, суреттер | Қазақтың салт-дәстүрлерімен танысады |
23 | Аңыз –әңгімелер | 1 | | Аңыз,әңгіме | Суретті кесте | Аңыз –әңгімелермен танысады |
24 | Жұмбақтар | 1 | | Жұмбақ | Дид-лық ойын | Жұмбақ туралы толық ақпарат алады |
25 | Ертедегі қазақтардың тұрмыс-жағдайы | 1 | | Тұрмыс | Сюжетті суреттер | Ертедегі қазақтардың тұрмыс-жағдайымен танысады |
26 | Қазақтың би өнері | 1 | | Би өнері, би | Кесте, суреттер | Қазақтың би өнерімен танысады |
27 | Қазақтың ұлттық ойындары | 1 | | Ойын | Дид-лық ойын | Қазақтың ұлттық ойындарын үйренеді |
28 | Аңшылық, саятшылық құралдары | 1 | | Аңшылық, саятшылық | Сюжетті суреттер | Аңшылық, саятшылық құралдарымен танысады |
29 | Қазақтың ұлттық киімдері.Ерлер, әйелдер киімдері. | 1 | | Ою | Сюжетті суреттер | Қазақтың ұлттық киімдері.Ерлер, әйелдер киімдерімен танысады |
30 | Қазақ салмақ өлшемдері | 1 | | Салмақ | Суретті кесте | Қазақ салмақ өлшемдерімен танысады |
31 | Қазақтың байырғы өлшеуіштері | 1 | | Өлшеуіш | Суретті кесте | Қазақтың байырғы өлшеуіштері туралы ақпарат алады |
32 | Бес, алты, жеті сандарының мағынасы | 1 | | Киелі сан | Дид-лық ойын | Бес, алты, жеті сандарының мағынасын түсінеді |
33 | Қорытынды сабақ. Бақылау жұмысы | 1 | | | | Білімдерін еске түсіреді |
А.Құралұлы. Ұлттық дүниетаным. Алматы: «Өнер»-2015