СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

" ?лтты? ойындар" авторлы? ба?дарлама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптар?а арнал?ан авторлы? ба?дарлама

Просмотр содержимого документа
«" ?лтты? ойындар" авторлы? ба?дарлама»


Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Интернет «Қазақтың ұлттық ойындары» сайты.

2.Т.Әбілова «Балалар ойындары»





















Түсінік хат


Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы Қазақтың ұлттық ойындары оқушының сөздік қорын байыта түседі.Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы – оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.

Еліміздің егеменді алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін ұлттық нақышта жас ұрпақ бойына қалыптастыру мақсатында осы бағдарламаны қарастырдым. Бастауыш сынып оқушылары ойынға етене жақын болып келетіні бәрімізге мәлім. Дене тәрбиесі сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарына небары 3-4 сағат қана беріледі. Бұл уақыт аралығында біз бала бойына ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді, соған байланысты ұлттық ойындарымызды толық үйретіп, насихаттай алмаймыз. Сол себепті мен сол алған білімдерін толықтыру мақсатында «Қазақтың ұлттық ойындары» бағдарламасын бастауыш сынып оқушыларына арнап құрастыруды жөн деп білдім.




«Қазақтың ұлттық ойындары» бағдарламасының мақсаты:

  1. Оқушыларға ұлттық ойындар, олардың ойналу тәсілдерін үйрету.

  2. Өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

  3. Ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру.

  4. Дене бітімінің сұлу, сымбатты, денсаулығының мықты болуына жағдай туғызу.

  5. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

  6. Қазақтың салт-дәстүрін насихаттау.


Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М. Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді :

1.Жалпы ойындары;

2.Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;

3.Ашық алаңқайдағы ойындар;

4.Қыс мезгіліндегі ойындар;

5.Демалыс ойындары;

6.Ат үстіндегі ойындар;

7.Аттракциондық- көрініс үстіндегі ойындар.

Ал мен осы ойын түрлерін кірістіре отырып, қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай мынадай 3 топқа жіктедім:

  1. Ұлттық ат ойындары.

  2. Асық ойындары.

  3. Дәстүрлі ойындар.




болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады


Ұшты-ұшты. Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын заттарға қол көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

-Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты (ұшады)

-Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты (ұшпайды)

-Ұшты, ұшты – тырна ұшты (ұшады)

-Ұшты, ұшты – тырма ұшты (ұшпайды)

Соқыртеке- Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды- «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.






Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді.Теңгені жерден іліп

алғандарға бәйге береді. Бұрындары қазақ жігіттері атпен

шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде

жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсетін.

Қыз қуу. Ол-ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, бетінен сүюге тиісті. Бұл –жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл- қыздың жеңгені.


Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір – бірінен ала қашып, мәз- мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр, 10 адамнан болса 500х200 метр;15 адамнан


Бағдарламаның мазмұндық бөлімі

Бірінші бөлім. Ұлттық ат ойындар (10 сағат)

Бұл бөлімде балаларға ұлттық ат ойындарының ойналу тәсілдері үйретіледі, ойындарды көрініс ретінде көрсетуге болады.



Екінші бөлім. Асық ойындар (6 сағат)

Бұл бөлімде баланың асықпен ойналатын ойындары берілген. Ойындар үйретіліп, мектеп ауласында ойнатуға болады.

Үшінші бөлім . Дәстүрлі ойындар (18 сағат)

Бұл бөлімде оқушылардың той-томалақ кезінде, сонымен қатар күнделікті уақытта, жазғы сауықтыру күндерінде ойналатын ойындары кіріктірілген.





Күнтізбелік жоспар (34 сағат)


Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І -бөлім. Ұлттық ат ойындары 10 сағат


1.

Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі

1


2.

Ұлттық ат ойындары

1


3.

Қыз қуу

1


4-5.

Көкпар

2


6.

Теңге алу

1


7.

Бәйге

1


8.

Аударыспақ

1


9.

Жарыс

1


10.

Алтын қабақ

1



ІІ- бөлім Асық ойындары 6 сағат


1.

Асық ойындары

1


2.

Асық ату

1


3.

Хан алшы

1


4.

Омпы

1


5.

Атбақыл

1


6.

Жарыс

1









түрлері: жаяу немесе ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы бір түрі- жамбы ату, садақ ату.

Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б.

Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады.Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.



Ақшамшық (сақина салу) Бұл қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға 10-15 адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз- жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір – біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр»,-деп, немесе «Ақшамдығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде»,-деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр

тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату керек.

Аударыспақ. Ол-қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы : «Айгөлек – ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?» , деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы : «Айгөлек – ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек !», - деп бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді.

Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының






ІІІ- бөлім Дәстүрлі ойындар

18 сағат





Сағат саны






Мерзімі

1.

Дәстүрлі ойындар

1


2-3

Айгөлек

2


4-5.

Алтыбақан

2


6.

Ақсүйек

1


7.

Ақшамшық

1


8.

Ұшты-ұшты

1


9.

Соқыртеке

1


10.

Жарыс

1


11.

Көтермек

1


12-13.

Тақия тастамақ

2


14.

Түйілген орамал

1


15.

Арқан тартыс

1


16.

Күрес

1


17.

Тоғызқұмалақ

1


18.

Жарыс

1













Курстан соң оқушылардың біліміне қойылатын

талаптар:


1.Қазақтың ұлттық ойындары- салт- дәстүрдің бір саласы екенін білуі керек.

2.Ұлттық ойындардың аттары және олардың мәні мен мақсатын білуі керек.

3.Мәтінмен жұмыс жасау.

4.Сөздікпен жұмыс жүргізу.

5.Қосымша материалдармен жұмыс.

Оқушылар нені үйренуі керек ?


1.Салт – дәстүрдің бір саласы, түрі-ұлттық ойын жайлы мағлұмат.

2.Ұлттық ойындарды өз мәнінде ойнай білуді үйрену.

3.Ұлттық ойындардың беретін тәрбиелік мәнін үйрену, ұғыну.Ойындарға байланысты сөз, сөйлемдерді дұрыс айта, жаза білуді үйрену.

4.Көрнекілікті, ойын үшін қажетті заттарды, суреттерді өз мәнінде пайдалана білуге дағдылануы керек.











Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілеріне мұғалімдерге әдістемелік көмек болсын деген ниетте тоқталып өтейін.

«Күміс алу». Сөре сызығын белгілеу. Алаңға көп күмістер тасталады. Белгі бойынша жігіттер шабысты бастайды. Жігіттер шабысты тоқтатпай, иіліп,күмісті көтереді де әрі қарай шабады. Кегілді айналып, кейін қайтады да эстафетаны береді. Барлық жастағы балалар қатысады.

Ақсүйек. Қыз- бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қойдың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті.

Алтыбақан. Бұл-жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір- бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақан мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алтыбақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алтыбақанды құрастырып болғаннан соң екі басына 3 қатар арқан байланады.

Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Бірінші жазда көгал үстінде,

Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі бергенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он- бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату керек.

Аударыспақ. Ол-қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы : «Айгөлек – ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?» , деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы : «Айгөлек – ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек !», - деп бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады.Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді.

Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы бір түрі- жамбы ату, садақ ату.

Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б.

Аламан бәйге. Мұнде жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады.Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады



Ақшамшық (сақина салу) Бұл қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға 10-15 адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз- жігіттер үйде дөңгелене отыры, екі алақанын бір – біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен , «Тұр сақинам, тұр»,-деп, немесе «Ақшамдығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде»,-деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.

Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге береді. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсетін.

Қыз қуу. Ол-ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, бетінен сүюге тиісті. Бұл –жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл- қыздың жеңгені.


Көкпар. Ұлттық ат ойыны.Этнографтардың айтуынша , әуелгі атауы « көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір – бірінен ала қашып, мәз- мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес.Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр,ені 100 метр;10 адамнан болса 500х200 метр;15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады


Ұшты-ұшты. Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын заттарға қол көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

-Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты (ұшады)

-Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты (ұшпайды)

-Ұшты, ұшты – тырна ұшты (ұшады)

-Ұшты, ұшты – тырма ұшты (ұшпайды)

Соқыртеке- Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды- «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді.Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады.Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.











Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Интернет «Қазақтың ұлттық ойындары» сайты.

2.Т.Әбілова «Балалар ойындары»






















































































Ақкөл орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен




Бағдарлама


Бастауыш сыныптарға арналған














Дайындаған: Қалқанбаева Назира Науқанқызы

Бастауыш сынып мұғалімі