Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы мәліметтер бере отырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен ізденуге, өтіліп жатқан тақырыптың ішіндегі ең негізіне, маңызды мәселелерге көңіл бөлу;
оқушылардың ой қабілетін шыңдау, өзіндік ойлау, қазақ тілінде жатық сөйлей білуге баулу, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы даярлау, жеке тұлға қалыптастыру; сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау;
оқушыларды іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа, өзін-өзі басқаруға, бағалай білуге, бір – бірінің пікірін тыңдауға, қазақ халқының салты – қонақ күту рәсімі туралы ұғым беріп, «қонақжайлық», «меймандостық» деген сөздердің мағынасын терең сезіндіріп, оларды мейрімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Типі: аралас сабақ
Әдісі: «миға шабуыл», диалогтік тәсіл, АКТ, аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру , көрсету әдістері, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, ойын, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдттар, рефлексия парағы, ватмандар, фломастерлер, қима қағаздар, доп.
Ұжымдастыру формасы: топтық жұмыс
БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру: сыныппен сәлемдесу. Сыныптағы оқушылардың дайындығын тексеру.
- Сыныпта кім кезекші?
- сыныпта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
- Бүгін қай күн?
-Бүгін ауа-райы қандай?
- Ертең қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару. Қазір қандай сабақ екенін есімізге түсіріп жіберейік.
Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
ІІ.Үй жұмысын тексеру: ауызша сұрау
ІІІ.Өткенді қайталау: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал!» . Оқышыларға кезекпен доп лақтыра отырып, сұрақтар қоямын. Допты ұстап алған оқушы дереу жауап беруге тиіс.
-Сөйлем мүшелерін ата.
- баяндауыш деген не?
- Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
- Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
- «Мен ұлттық тағамдарды білемін» сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсет.
ІV. Тақырыпқа шолу:
Эпиграф «Ас-адамның арқауы» (интерактивті тақтада проекцияланады)
Сөйлемді оқыңдар
Бұл қандай сөйлем деп ойлайсыңдар?
Не үшін осы мақалды алып отырмын деп ойлайсыңдар?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Тақырыбы «Ұлттық тағамдар»
V. Топқа бөлу, топтарға атау.
Топтастыруды мақал – мәтелдерді құрастыру арқылы жүргіземін.
І топ: «Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама»
ІІ топ: « Ас тасыса, қатығы төгілер. Ашу тасыса, ақылы төгілер»
ІІІ топ: «Нан – тамақтың атасы. Ынтымақ – көптің батасы»
Топқа ат қоюды балалардың өздеріне ұсынамын және оның себебін түсіндіруді тапсырамын.
VI. Түсіну.(Жаңа материалды игеру)
1-слайд: Тапсырма сұрақтары
2- слайд: дастарқан басында бесбармақ жеп отырған адамдар бейнеленген сурет.
3-13-слайд: атаулары жазылған ұлттық тағамдар суреттері.
Қазы , қарта, май, сүт, шұжық, бауырсақ, қуырдақ, қымыз, шұбат, құрт, шелпек, ірімшік, қаймақ, айран, таба нан т.б.
14-салйд: талдау-жинақтау сұрақтары:
Осы суреттерде белгіленген заттар не үшін керек? Себебі.
Суреттер бір – бірімен байланысты ма? Себебі.
Суреттердің арасында қандай айырмашылық көрдіңдер? Себебі.
Суреттерді қандай топтарға бөлуге болады. Себебі.
Топтарға атау бер. Себебі.
1-сурет қашан түсірілген деп ойлайсыңдар? Себебі.
Сен осындай көріністі өмірде көрдің бе?
Қандай жағдайларда байқауға болады?
Осы суретпен қалған суреттер қалай байланысты деп ойлайсың? Себебі
Қандай қорытынды жасар едің?
VII. Мәтінмен жұмыс:
Сөздік:
1-топ: оқулықта берілген жаңа сөздермен таныс. Оларға фонетикалық талдау жаса (топ мүшелері бір – екі сөздер бөліп алады)
2-топ: оқулықта берілген жаңа сөздермен таныс. Ондағы берілген сөздердің қандай сөйлем мүшесіне жататынын анықта.
3-топ. Оқулықта берілген жаңа сөздермен таныс. Осы сөздерді қатыстырып сөзтіркестері мен сөйлемдер құрастырыңдар.
Мәтін:
1-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Бірінші абзацты аударыңдар.Сөйлем түрін анықтаңдар (жалаң не жайылма сөйлем). Бөлімге ат қойындар.Сұрақтар дайындандар.
2-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Екінші абзацты оқыңдар. Сөйлем түрін анықтаңдар (жалаң не жайылма сөйлем). Бөлімге ат қойындар.Сұрақтар дайындандар.
3-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Екінші абзацты оқыңдар. Сөйлем түрін анықтаңдар (жалаң не жайылма сөйлем). Бөлімге ат қойындар.Сұрақтар дайындандар.
VIII. Қолдану:
«Мозаика» әдісі. Қонақ шақыру
1-топ: қонаққа шақыруды ұйымдастыру.
2-топ:Дастарқан мәзірін дайындау.
3-топ: өту барысы және шығарып салу.
IX.талдау – жинақтау. Талантты және дарынды баламен жұмыс:
1-бала.Мәтін бойынша талдау кестесін құр.
2-бала. Эссе жазу.
3-бала. «Қазақ дастарқаны» моделін жаса.
X. Қорытынды.
Біз бүгін не туралы айттық?
Осы тағамдарды кім және қандай жағдайларда әзірлейді?
Осы тағамдарды неліктен ұлттық тағамдар деп айтамыз?
Сабақта алған ақпараттар негізінде қандай қорытынды жасар едің?
Егер сенің мейрамханан болса, сен не істер едің?
XI. балалардың түсіну дәрежесін анықтау парағы:
№ | Мен нені білемін? | өте жақсы | жақсы | орташа | нашар |
1 | Мен ұлттық тағамдар туралы айта аламын | | | | |
2 | Ұлттық тағамдардың түрлерін білемін | | | | |
3 | Мен өзімнің сүйікті тағамым туралы айта аламын | | | | |
4 | Мен сөйлем мүшелерін білемін | | | | |
5 | Мен сөйлемге синтаксистік талдау жасай аламын | | | | |
ХІІ. Рефлексия:
Тақтада ашық және жабық есікті үйлер салынған суреттер ілінеді. Балалар сабақтан алған әсерлері жазылған стикерлерді сол үйлердің тұсына жабыстырады. Ашық есік – түсіндім, қызықты болды. Жабық есік – түсінген жоқпын. Ұнамады.
ХІІІ. Үйге тапсырма:
ІІІ деңгей: жаңа сөздерді жатта. Мәтіннің мазмұнын айт.
ІІ деігей: мәтіннің мазмұнын айт. Тақырыпқа байланысты 3 мақал – мәтелдер жатта.
І деңгей: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбына эссе жаз.
ХІV. Бағалау:
Бағалау парақшасы:
№ | Жұмыс түрі | Жалпы ұпай | Оқушы берген ұпай | Мұғалім берген ұпай |
1 | Өткенді қайталау | 2 | | |
2 | Топқа бөліну | 2 | | |
3 | Түсіну кезеңі | 5 | | |
4 | Сөздік жұмысы | 3 | | |
5 | Мәтінмен жұмыс | 5 | | |
6 | Дарынды бала жұмысы | 6 | | |
7 | «Мозаика» | 5 | | |
8 | Қорытынды кезеңі | 3 | | |
| Жалпы ұпай саны | 31 | | |
| Баға | | | |
Бағалау шкаласы:
«5» - 31-25 ұпай
«4» - 24-19 ұпай
«3» - 18-9 ұпай
«2» - 8 -0 ұпай