СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Углеводы. Көмірсулар

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

«ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» - дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.

1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.

2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.

3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.

4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.

5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар

6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.

7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.

8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.

9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық - еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.

10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.

11. Таңертеңгілік 8 - 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі - кешкі 19. 00.

12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.

Просмотр содержимого документа
«Углеводы. Көмірсулар»

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы

12 Т.Рустемов атындағы мектеп гимназиясы

Биология пәні мұғалімі Адахамова Салима

Ашық сабақ

Тақырып: Органикалық заттар: көмірсулар, олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметі.

«Маған айтып берсең-ұмытып қаламын,

Көрсетсең-есте сақтаймын

Өзіме жасатсаң-үйренемін!»

(Конфуций)

«ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» - дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.

1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.

2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.

3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.

4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.

5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар

6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.

7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.

8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.

9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық - еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.

10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.

11. Таңертеңгілік 8 - 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі - кешкі 19. 00.

12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.











«Ұстаздық ету-уақыт ұту емес, өз бақытын аялау,

Ал оқушы үшін өзінің уақытын аямау»

(Ж.Ж.Руссо)

I. Кіріпсе

1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (2мин)



Шеңбер болып тұрып бір-бірлеріне жылы лебіздер айтып жұмсақ ойыншық беру арқылы сыныпта жылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады




2. Топқа болу (2мин)

  1. Моносахаридтер

  2. Дисахаридтер

  3. Полисахаридтер






3. «Таны мені» әдісі (2мин)

4. «Ыстық орындық» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіту(3мин)

Орындыққа отырып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеді











ІІ. Жаңа сабақтың таныстырылымы

5. «Екі түрлі жазба күнделігі» стратегиясы арқылы жаңа сабақтың мазмұнымен таныстырады(10мин)

Оқушылар жазғандарын дәлелдейді

Екінші бетіне, бірінші бетте жазылған сөздің неліктен әсер еткенін жазады

Плакаттың бір бетіне әсер еткен түсін жазады













ІІІ. Жаңа сабақты қолдану

6. «Менің тұжырымым дұрыс па?» ойыны(2 мин)

1. Глюкоза жай зат;

2. Онда тек қана 1 функционал топ бар;

3. Глюкоза тотығады;

4. Глюкоза тотықсызданады.

«Зейіні өте жақсы биолог» ойыны

1. Мынау сахароза С12Н22О10

2. (С6Н10О5) n)


3. Лактоза - крахмалдың изомері;

4. Целлюлоза - тармақталған полимерлер

7. Тыныштық сәті (2мин)

. Орманға саяхат

Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.Қазір біз бірге орманға саяхатқа барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жағыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыңыз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.

Ішкі ықпалдасу

Енді осы гүл туралы аңыз да бар. Бағзы замандарда ата – бабамыз қызғалдақ гүлін жұлмаған.Себебі, қызғалдақты дұшпанға қарсы соғысқан батыр бабаларымыздың жерге тамған қанынан пайда болған гүл деседі. Сондай - ақ, «қызғалдақ» - қызыл + қан – дақ деген үш сөзден құралған. Уақыт өте келе бұл атау қысқарып қызғалдақ деп аталып кеткен деседі. Биологтардың айтуынша қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар, яғни жан дүниесі таза, рухы биік адамдар іспеттес. Расында адам қызғалдақ гүлінің арасын аралап бірнеше сағат жүрсе, бойында ерекше қуат пайда болып серпіп қалатынын сезінеді. Жапон ғалымдары арнайы микротолқын қабылдайтын аппаратпен барлық өсімдікті зерттей отырып, олардың жаны, рухы бар деген тұжырымға келді. Құтыда өсіп тұрған қызғалдақты қайшымен қырқып тастамақ болғанда, әлгі аппаратқа: Маған қауіп төніп келеді! Қауіп жақындады! Төнді! Өлдім! – деген жазу басылып шыққан. Ғалымдар гүлдің діріл қаққанын аңғарған. Бұдан біз өсімдіктердің де жаны бар екенін түсінеміз,яғни тіршілік етеді.

8. «Биологиялық диктант» тапсырмаларын орындату (5мин)

I – нұсқа

1. _______ табиғатта өте көп таралған және адам тіршілігінде маңызы өте зор рөл атқарады.

2. Молекулалық формуласы С6Н1206  болатын ______ , оның изомері ______

бірнеше басқада моносахаридтер бар.

3. Молекулаларында көміртегінің бес атомы болатын көмірсулар да бар. Олар -

4. Рибоза жэне дезоксирибоза - суда жақсы еритін дәмі тәтті _______ заттар.

5. Сахарозаның құрылысы _______ қарағанда күрделірек.

6. ______ солодпен әсер етіп крахмалдан алынады.

7. ______ - суда ерімейтін ақ ұнтақ, ыстық суда ол ісініп ерітінді - желімтек түзеді.

II - нұсқа

1. Крахмал желімтегіне мыс (II) гидроксидінің қосып қыздырайық. Мыс (I) оксидінің түзілгендігі байқалмайды. Демек, крахмалда глюкозадағыдай _______қасиет жоқ.

2. Целлюлоза да крахмал тәрізді, табиғи _______

3. Целлюлозаның макромолекуласының крахмалдан ерекшелігі, ол ________қалдықтарынан құралған.

4. Целлюлозаны гидролиздейтін ______ күйіс қайыратын жандарда болатын микроағзалар арқылы өндіріледі.

5. Целлюлозаның жақсы_______ күнделікті өмірде белгілі.

6. Целлюлозаның сірке қышқылды эфирлері - ______ және ______ - өте бағалы заттар.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау

  1. Тест тапсырмасын орындау(5мин)

I - нұсқа

1. Глюкоза молекуласында неше гидроксил тобы бар?

А) үш;

Ә) төрт;

Б) бес;

2. Пентозалардың өкілі?

А) рибоза;

Ә) дезоксирибоза;

Б) Рибоза және дезоксирибоза;

3. Сахарозаның молекулалық формуласы?

А) С12 Н22Оп;

Ә) С6 Н12 06;

Б) (Сб Н10 05)п;

4. Сүтте ... болады.

- А) мальтоза;

Ә) лактоза;

Б) глюкоза;

5. Нешінші жылы К. Кирхгоф күкірт қышқылының катализаторлық әсерінен крахмалдың глюкозаға айналу реакциясын ашты.

А) 1811;

Ә)1813;

Б)1815;

II - нұсқа

1. Мақта талшығында неше пайыз целлюлоза болады?

А) 15%;

Ә) 50%;

Б) 98%;

2. Сахарозаның балқу температурасы?

А) 120°С;

Ә)150°С;

Б) 160°С;

3. Адам қанында неше пайыз глюкоза болады?

А) 0,1%;

Ә) 0,01%;

Б) 1%;

4. Картоп түйнегінде неше пайыз крахмал болады?

) 20%;

Ә) 15%;

Б) 25%;

5. Жүгері дәндерінде крахмал неше пайыз болады?

А) 65%;

Ә) 70%;

Б) 80%;

10. «Тыңшы» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау (оқушылар екі қатар болып тұрып жаңа тақырыпқа байланысты түсінгендерін бір-біріне айтады, тыңшы олардың сөзін тыңдап, мұғалімге жеткізеді) (5мин)







11. Топтық бағалау (Смайликтермен, үш шапалақ, бағдаршам). Ынталанады(3мин)



12. Кері байланыс. Бес саусақ әдісі бойынша. Рефлексия стикерге екі жұлдыз бір тілек (3мин)

13. Үйге тапсырма беру (Эссе жазып келу) (1мин)

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Біліммен аспанға жол салынар

(Ж. Баласағун)