-Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Автобусқа отырып, құс фермасына барамыз. Кім айтады, үйде қандай құстар тіршілік етеді? Құс фермасында құстар қалай тіршілік ететінін көріп қайтамыз. Құс фермасында бізді Құралай апай күтіп отыр. Көлікке отырған кезде абай болуымыз керек. (Қауіпсіздік шараларын түсіндіру.) Сәлеметсіңдерме, балалар ? Қалай жеттіңдер? Шаршаған жоқсыңдарма? Мынау тауық. Ол денесі жағынан кішілеу, үсті толы мамықты қауырсын болады. Бас бөлігінде екі көзі, тұмсығы, айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты бар. Бірақ, тым биікке ұша алмайды. Мынау екі аяғы. Тауық қыт - қыттайды. Мынау әтеш. Оның дене бітімі тауықпен бірдей болып келеді. Әтеш ку - ка - ре - ку деп дауыстайды. Мынау балапан. Балапан сап-сары, жұмсақ мамықты болады. Тауық-ең көп тараған құстардың бірі. Үштілді компонент: үй құстары – домашние птицы – domestic birds. Балалар үй құстарының адамдарға тигізер пайдасы өте көп. Олар бізге жұмыртқа береді. Жұмыртқадан түрлі дәмді тағамдар пісіруге болады. Қане, кім айтады, Аналарың үйде жұмыртқадан қандай тамақ пісіріп береді, жұмыртқаны тағы да неүшін пайдалануға болады? Үй құстарын сыртқы бейнелеріне қарап ажыратып айтуға болады. Үй құстарына адамдар қамқорлық жасап, баптап өсіреді. Оларға жем, су береді, қонақтайтын қорасын тазалайды. Құстардың мамық жүндерінен жастық/көпшік/ жасайды. 1. Үнтаспа тыңдату. Үнтаспадан үй құстарының дауысын тыңдату. -Балалар, сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар? -Иә, балалар, үй құстарының даусы екен? -Дұрыс, тауық, әтеш, балапан. Бұл құстарды неліктен үй құстары деп атайды? -Тауықтың баласын қалай деп атайды екенбіз? -Балапанның түсі қандай? Тауықтар бидайды жақсы көреді. Тауық балапандарын қанатының астына алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен.Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді. Жарайды балалар, біз үй құстары жайлы көп білдік, енді бақшамызға қайтатын уақыт та болды. Құралай апайымызға көп рахмет айтып, қайтайық. Үй құстары туралы көріп-білгеніміз балалар үшін өте қызықты болды, рахмет сізге. Сау болыңыз! (Автобусқа отыру.) Балалар, біз құс фермасынан кандай құстармен таныстық? Дұрыс айтасындар. Олардың қалай жем жеп,су ішкендерін көрдік. Енді солар сияқты билеп көрелік. Сергіту сәті. «Шөжелерім» биі орындалады. |