Ұйымдастыру- іздестіру | Тетікшені (кнопканы) басқанда музыка ойнайды. Шытты ашу. - Ой балалар, мынау не? Бұны ферма деп айтады. - Фермада үй жануарларын күтіп, баптайды. - Жануарларды күтіп баптайтын адамды – Бақташы деп айтамыз. - Қазір мен ойыншық бақташыны сиқырлап тірі бақташыға айналдырамын. Сендер көздеріңді жұмып, шапалақтаңдар. Музыка қосу. Көздерін ашқанда шынайы бақташы отырады. Бақташы амандасады. Бақташы: мен сендердің үй жануарлары туралы не білетіндеріңді білгім келеді. «Ненің дауысы?» дидактикалық ойыны: Мақсаты: үй жануарларының дыбыстарын ажыратып айтады. Бақташы. Балалар, сендер үй жануарларының қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме? - Балалар, бұл не? - Сиыр бізге не береді? - Сүттен не жасайды? Сиырды орыс тілінде – корова деп айтады. - Балалар, сүттің дәмін көріңдерші. - Балалар, бұл не? - Жылқының сүтін не деп айтамыз? Жылқыны орыс тілінде – лошадь деп айтады. Бақташы қымыздың дәмін татып көреді. - Балалар, бұл не? Түйенің сүтін шұбат деп айтамыз. Орыс тілінде түйені – верблюд деп айтады. Шұбатты ішіп көру. - Балалар, бұл не? - Қой бізге не береді? - Жүннен не жасайды? - Қолғапты қай кезде киеміз? Сергіту сәті: Біздер де бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Айтқаныңнан шықпайды. Сөздік жұмыс: Үй жануарларын атау: түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі. Қостілдік компонент: Сиыр – корова - cow, ешкі – коза - goat, жылқы – лошадь - horse, қой – баран - ram, түйе – вербюд - camel. Балалар, жануарлар және олардың төлдері туралы қандай тақпақтарды білесіңдер? Тапқпақтарды айтқызады. Тыйым сөз сұрау. «Өз үйін тап» дидактикалық ойыны: Шарты: Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажыратып, бөліп дұрыс таба білу. | Қызыға мұқият қарайды. - Бұл үй. Қайталайды. Көздерін жұмып шапалақтайды. Таңданып қарайды. Амандасады. Қызығушылықпен ойнайды. - Иә. - Бұл сиыр. - Сүт береді. - Айран, қатық, май, сүзбеше, құрт жасайды. Қайталайды. Сүтті ішеді. - Бұл жылқы. - Қымыз деп айтамыз. Қайталайды. - Бұл түйе. Қайталайды. - Бұл қой. - Жұмсақ жүн береді. - Шұлық, қолғап тоқиды. - Қыс мезгілінде киеміз. Қимыл-қозғалыстарды жасай отырып, бойларын сергітеді. Сөздерді қайталайды. - Мінезім жайлы-сиырмын, Байлығымын бір үйдің. Етім-дәмді, сүтім-бал, Сырымды менің ұғып ал. - Шөре, шөре, лағым, Тентек болма, шырағым! Секектеме, деміңді ал, Селтеңдемей құлағың. - Құлын, құлын, құлыншақ, Желкілдейді тұлымшақ. Құйрығында құндызы, Маңдайында жұлдызы. - Әукім, әукім, әукешім! Қасиыншы әукесін. Енең әне келеді, Ақ мамасын береді. - Айналайын, торпақ, Бола берме қорқақ. Тысқа шық та, заула, Тар болып тұр аула. - Айналайын, ботам, Қандай күлте жотаң. Табандарың жалпақ, Теріп жейсің жаңтақ. - Малды теппе, ақты төкпе. Ойынға қызығушылықпен қатысады. |