СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Үй жануарлары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ортанғы топ бойынша үй жануарлары

Просмотр содержимого документа
«"Үй жануарлары"»

Мектеп алды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні / Дата проведения: 12.02.2020ж

Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А

Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация

Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Бізді қоршаған орта»

Тақырыбы / Тема: «Үй жануарлары»

Мақсаттары / Цели

1. Тәрбиелік- воспитательная: Үй жануарларын күтіп баптауға,деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу

2.Дамытушылық – развивающая: Жануарлардың өзгешеліктеріне қарай бір-бірімен салыстыра білу қабілетін ,балалардың сөздік қорын дамыту.

3. Оқыту – обучающая : Суреттер бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, ИКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Үйжануарларының суреті, слайд.

Көптілділік : үй жануарлары- домашние животные, сиыр-корова, ит-собака,қой- овцы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

(Ғажайып сәт)
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар айналаға қараңдаршы,бізді көптеген заттар әдемі табиғат, жануарлар, адамдар қоршап тұрады.Осындай ортаны қоршаған әлем деп атаймыз.

-Отырыңдар.Бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан барлығымыз қатысайық. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: "Үй жануарлары  және оның төлдері"                          


2.Негізгі бөлім

-Балалар, бүгін біз сендермен үй жануарлары және оның төлдерітуралы әңгімелейміз.Үй жауарларына қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер ,шошқалар,иттер,мысықтар жатады.Бұл жануарлар бізге өте жақын өйткені олар үй жануарлары. Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырдың атасы -Зеңгі баба.

Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.

Келесі ненің суреті?                                                                            

-Дұрыс, жылқы. Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?

Сергіту сәті:

Бала, бала балақан,

Кәне қайсың алақан

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

Көптілділік : үй жануарлары- домашние животные, сиыр-корова, ит-собака,қой- овцы

Жұмбақтар

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)                       

 

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.        (сиыр)                                    

 

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.           (түйе)                  

 

-Балалар, жарайсыңдар. Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер?

-Балалар, кім маған төрт түлік туралы тақпақтар айтып берем дейді?

(Балалар білген тақпақтарын айтады.) 

Жеке жұмыс:

Нұрасыл қандай үй жануарларымен таныстық?

Алан үй жануарлырының төлдерін атап беруін өтіну?

3.Қорытынды
-Балалар сендерге саяхат ұнады ма?  Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың  қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.