СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үйден оқытылатын бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жеке коррекциялық (түзету) сабақтарды ұйымдастырудың маңызы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәстүрлі  жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше мән берілгені баршамызға мәлім.

            Білім туралы заңның екінші тарау 8 бабының 6 тармағында «Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын , дамуындағы ауытқуды түзетуін және оларға әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген.

            Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Ол қамқорлықтың бәрі елбасымыздың халыққа жолдауында, Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»  заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу мәселелері қарастырылған.

Просмотр содержимого документа
«Үйден оқытылатын бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жеке коррекциялық (түзету) сабақтарды ұйымдастырудың маңызы.»


ҮЙДЕН ОҚЫТЫЛАТЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖЕКЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ (ТҮЗЕТУ) САБАҚТАРДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ.


Есжанова Бақыт

Ш.Ермағанбетова атындағы

246 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәстүрлі жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше мән берілгені баршамызға мәлім.

Білім туралы заңның екінші тарау 8 бабының 6 тармағында «Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын , дамуындағы ауытқуды түзетуін және оларға әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген.

Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Ол қамқорлықтың бәрі елбасымыздың халыққа жолдауында, Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу мәселелері қарастырылған.

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі балаларға өте көп назар аударылып отырғаны бәрімізге де мәлім. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуға, медициналық көмек, әлеуметтік саладан көмек алуға құқылы. Осындай балалардың білімге құштарлығын арттыру, педагогикалық жағынан жақсы көмек көрсету және қолдау мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Білім беру саласында даму мүмкіндігі шектеулі балаларға диагноздарына байланысты арнаулы мектепке және үйден оқуға тартылады. Үйден оқуға көбінесе есту қабілеті нашар балалар, тірек қимыл аппараттарына ақауы бар балалар, тіл дамуында ауыр мүкістігі бар балалар, талма аурулары бар балалар көбінесе жіберіледі.

Менің педагогикалық практикамда тірек қимыл аппаратында ақауы бар Ермекбай Айжан деген балаға сабақ беріп жүрмін. Бұл баланың медициналық қорытындысы (диагнозы) «спинно-мозговая грыжа» деп берілген.

Бұл баланы оқыту барысында коррекциялық жұмысты тиімді пайдалануға тырыстым.

Коррекциялық жұмыс әр баланың тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп, психологиялық жағдай қалыптастырады. Жас ерекшелігіне байланысты әр баланың мүмкіншілігін іске асыру, баланың қызығушылығын, бейімділігін, өзіне сенімділігін арттыру болып табылады. Сондықтан дамып жетілу кезінде, барлық балалардың жеке жас ерекшеліктері мүмкіншіліктерінің қалыптасуына коррекциялық жұмыс керек деп ойлаймын.

Айжанды оқыту барысында мынадай жеке жұмыстар жүргіздім. Жеке жұмыстардың түрлері сан алуан. Атап айтқанда дидактикалық ойындар, логикалық дамыту жаттығулары, әріптік-буындық-дыбыстық талдауға арналған жаттығулар, инттелектуалды дамыту тесті, танымдық жаттығу, әңгіме құрастыру, оқулықпен жұмыс, бақылау, сөздік диктант, тіл дамыту, сурет салу, конструкторлық құрастыру, бой жазу жаттығулары, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ертегілер, аңыз әңгімелер. Осы жұмыс түрлерін сабақ өткізу педагогикалық практикамда қолдандым.


Баланың танымдық қабілетін, ойын дамыту кезеңінде мынадай жұмыстар жүргіздім.





КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

Елестеу

Әдістеме:

«Бір нәрсенің суретін сал»

Қабылдау

Әдістеме:

«Мына суреттерде не жетіспейді?»


Зейін

Әдістеме:

«Тап та, сызып таста»












Сөйлеу

Әдістеме:

«Сурет бойынша әңгімеле»



Ойлау

Әдістеме:

«Артық затты тап»


Есте сақтау

Әдістеме:

«Бейнені есіңде сақта»














Қабылдау «Мына суретте не жетіспейді?»

Балаға бірнеше сурет ұсынылады. Әр суретте қандай да бір бөлшек қалып қойылған. Бала тапсырманы алып, тез арада орындап шығуы керек.







Бала бірінші сурет бойынша иттің құйрығын орналастырды, екінші сурет бойынша күректің сабын, үшінші суерт бойынша телефон сымын орналастырды.



Есте сақтаудың үш түрі болады.




Есту арқылы Көру арқылы Іс-әрекет арқылы


Оқушының көру және есте сақтау деңгейін анықтау үшін төмендегі тапсырмаларды орындаттым.


-

:

+

=



Таңбалардың қатарын мұқият қарап есте сақтау сұралады. Содан соң осы қатарды жазып шығу керек екендігі ескертіледі. Әр таңба өз орнында болу керек.

Баланың ойлау қабілетін дамыту мақсатында мына жаттығуларды пайдаланған жөн деп ойлаймын.


ҰЙҚАСЫН ТАП

Арба сықырлап жүреді,

Ит арсылдап ..... . (үреді)


..... келді, құс келді, (көктем)

Гүлдер жапты бөктерді.


Жеймін деп көп қауынды

Менің ішім ..... . (ауырды)


Қызыл .... жинаймын, (гүл)

Апама әкеп сыйлаймын.


Нұрлан тойға барады,

Көптеп кәмпит ..... . (алады)


ОЙДЫ СЕРГІТУГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР.

Мына сұрақтарға жауап беруге тырыс.

  1. Бір жылда неше ай бар?

  2. Қай айда отыз күн жоқ?

  3. Тормен су әкелуге бола ма?

  4. Бір таңбалы санды ата.

  5. Адам несіз өмір сүре алмайды?

  6. Сен нені жақсы көресің?

  7. Сені не қызықтырады?


Сөзді жаттап ал.


Берілген тапсырманың көмегімен жаттап алу процесінің диагностикасы анықталады. Балаға бірнеше сыналу арқылы 12 сөзден тұратын қатарды жаттап алу және қатесіз еске түсіру тапсырмасы беріледі. Сөздер: ағаш, қуыршақ, шанышқы, гүл, телефон, кесе, құс, пальто, шам, сурет, адам, кітап.

Қатарды еске сақтау былай жүргізіледі. Мұғалім алты сыналудан алынған есте сақтауының нәтижелерінен алынған қатарларды бірінен соң бірін алты рет оқиды. Әрбір кезекті тыңдаудан кейін бала бүкіл қатарды еске түсіруге тырысады. Мұғалім әрбір сыналу кезінде баланың есте сақтап дұрыс атаған сөздерін жазып алады да сол қатарды қайтадан оқиды.

Баланың өзіне деген сенімділігін арттырып, мына тапсырманы бердім.

«Мен күнмін»

(Ассоциация құру)


Күннің суретін салып, ортасына бала өз атын жазады. Күннің әр сәулесіне бала өзінің жақсы қасиеттерін, жетістігін, өнерін жазады. Неғұрлым күннің сәулесі көп болса, соғұрлым баланың шапағаты көп болғаны.



М Е Н К Ү Н М І Н


Би билеймін Тігін тігемін Мақтау қағазын алдым Мультфильм

Көргенді жақсы көремін





АЙЖАН


Мен жақсымын



Үй шаруашылығына Мен ақылдымын

көмектесемін


Сурет саламын Анамды жақсы көремін


Мен тазалықты жақсы көремін

Мен сұлумын.


Осы ойын арқылы Айжанның өз-өзіне деген сенімділігін арттырдым деп ойлаймын.


Осындай жұмыстарды орындау барысында оқушы төмендегідей жетістіктерге жетті.

  • Оқушының ойлау, есте сақтау, қабілетін дамыту, жаттықтыру жұмыстарының нәтижесінде деңгейі көтерілді.

  • Осы тапсырмаларды, жаттығуларды пәндерге бейімдеп, қолданып, оқушының пәнге деген қызығушылығы артты.

  • Оқушының білім сапасы көтерілді.

  • Оқушының ойлауы, қиялы өз-өзіне деген сенімділігі артты.

  • Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесін анасына таныстырып отырдым, ақыл кеңес бердім.


Ата-ана, мұғалім, оқушы арасында тығыз байланыс орнап, өзара түсіністік

қалыптасқан жағдайда ғана түзету жұмыстары оң нәтижесін береді. Сондықтан әр мұғалім болашақ үшін қызмет етеді. Олар оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына көмектеседі.




Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы 8 ақпан 2008 ж

  2. Педагогикалық нұсқаулар әдістемесі. 2007 ж.

  3. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 27 шілде 2007 ж