Астана қаласы
№14 мектеп - гимназиясы
Үйірме сабақ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу жолдарын үйрету
Мақсаты :Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқу
жолдарын үйрету
қазақ тілі мен әдебиет нурымбаева с.К.
пәні мұғалімі:
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқу
жолдарын үйрету
Қай ұстаз болмасын өз шәкіртінің дүрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше деп ойлаймын. Баланың сөз мағынасын, сөйлем мәнін ұғынуында мәнерлеп оқудың да маңызы зор.
Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын. Ол үшін бала ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің, мақалдың немесе өлең жолдарының мағынасын, айтпақшы ойын анық түсіне білуі керек.
Екіншіден, әрбір тыныс белгісінің мәнін ұғып, соны дұрыс пайдалана білуі тиіс.
Үшіншіден, өлең сөздің ұйқас ырғақтарын, бунақ тармақтарын ажырата білуі керек. Демек, бұдан келіп шығатын қорытынды нағыз мәнерлеп оқи білетін бала қазақ тілі мен әдебиеті теориясынан толық білімді болып шығады екен. Бұлай дейтін себебіміз, егер оқушы қазақ тіліндегі тыныс белгілерін (пунктуация) не үшін қойылатынын, әдебиет теориясында теңеу, эпитет, метонимия, метафора, т.б. сияқты ұғымдардың қандай жерлерде не мақсатпен жазылатынын білмесе, онда оқушының мәтін мазмұнын дәл ұғып, түсінуі қиындау болар еді.
Мысал келтірсек:7-сынып, Қазақ тілі.
-Ия, алдымен айта кетейін: Отан, ата-мекен, ата-баба, ұрпақ, қазан-ошақ, ағайын-туыс деген қасиетті сөздер сол шақта да нақ осы күнгі сияқты мән-мағынада болған. Осы сөйлемді тыныс белгілерін алып тастап оқысақ, сөйлем өзінің жеткізейін деп тұрған қасиетті ұғымынан мүлде алыстап, түсініксіз былдыр болып шығар еді. Немесе, «Бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы»- деген мақалдағы сызықша мен үтірді алып тастасақ та, жоғарыдағыдай жағдайға душар болар едік.
Бірінші сөйлемді оқығанда бала түсінігінде « Отан, туған жер, туыс, ата-баба» сияқты сөздердің қасиетін ұғатындай ұғым болуы керек десек, мақалды оқығанда бала дарақылық, мақтаншақтық сияқты жаман қылықтардан жиренетіндей дәрежеде болуы керек. Сонда ғана мақал өз дәрежесіне сай жеріне жеткізіле айтылады. Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді келтірейік:
«Сыр сандықты// ашып қара,
Ашып қара // сырласым.
Сым пернені// басып қара;
Басып қара// жырласын!
Сұлу сымда// перне әуені
Перне әуені// жыр айтар
Көңіл ашар// тербеу әні,
Тербеу әні //сыр айтар».
Міне, бұл жолдарды оқығанда оқушы сыр сандықтың адамның жан дүниесі (метофора), сым перненің көңіл – күйі ( метафора) және әр шумақтың бунақ, тармақтан тұратынын ажырата білуі керек, сонда ғана ол ақын жанын түсініп, сезіміне еніп, тыңдаушы жүрегіне сол сұлу сазды, сырлы назды жеткізе алады.
М. Әуезовтың « Көксерегінде» Құрмаштың әжесінің мына бір сөзіне назар аударайықшы:
« Түу, мына кәпірдің екі көзі жап – жасыл боп кетіпті – ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара; Қой, балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық»,- деп еді.
Бұл сөйлемді оқығанда оқушы ең алдымен көпті көрген көне көздің байқағыштық қасиетін көре білуі тиіс, екіншіден, бұл сөйлемнің иесі жас адам емес, қарт әже екенін ұмытпауы керек, үшіншіден, қасқыр тұқымының жыртқыштық қасиетін жан – дүниесімен сезінуі қажет. Сонда ғана қарт әженің аузынан шыққан бір ауыз құдіретті сөз тыңдаушысына өз мәнінде жетеді.
Енді осы қасиеттерді балаға қалай меңгертуге болады? Ол үшін төмендегі сызбаны (1 сызба) негізге ала отырып, мынадай жұмыстар жүргіздім:
¨ мәтінді жанрына қарай өзім оқып, таныстырамын; - тыныс белгілерінің қойылу ерекшеліктерін сұрап, білгенін өзім түсіндіріп өтемін:
¨ оқушыға іштей оқытып, сөйлем немесе шумақ мазмұнын ұғып алуына мүмкіндік беремін.
¨ жеке- жеке оқушыға даралап оқыттырамын;
¨балаларға кезекпен немесе барлық сынып оқушыларына бірден дауыстап оқытамын ( бұл, әсіресе, төменгі сыныпқа қолайлы);
¨ егер кейіпкер сөзі не диалог болса баланың сол бейнеге енуіне жағдай жасаймын;
¨ теледидардан берілетін кештер мен айтыстарды үнемі көріп отыруын тапсырып, қадағалаймын;
¨ тек оқулық көлемімен шектелмей, өздерінің ұнатқан шығармаларын жаттап, сынып алдында айтуына мүмкіндік беремін ( бұл баланың ізденуіне мүмкіндік);

¨ мәнерлеп оқуды өте жақсы меңгерген оқушыларды сынып алдында жеке оқытамын, әр түрлі шараларға қатыстырып отырамын;
¨ баланың бет – қимылын қозғалысын қалыптастыруға бағыт беремін ( бұл баланың алға ұмтылуына, талпынуына жағдай жасайды).
Бұл талаптарды жаңа сабақтарда, блок сабақтарында, үй тапсырмаларын сұраған кезде жүзеге асырып отырамын.
Енді «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, осы жұмыстар негізінде қол жеткізген нәтижеме тоқталсам:
¨ Өзім сабақ беретін сынып оқушыларының жартысынан көбі жақсы, бесеуі өте жақсы дәрежеде мәнерлеп оқу жолдарын меңгерген;
Қорыта келгенде, « Сөйлеудің екі түрі болады: бірі – жалаң, екіншісі - көрнекі. Көрнекі сөйлеуді жырлау – толғау дейміз. Жырлау – толғауда айтылатын әсерлі сөзді дарынды сөз деп айту қолайлы. Сөздің асыл болуы – адамға ұнауымен. Сөз мағына жағынан күштілігімен, көркемділігімен, ұнайды», - деп, А. Байтұрсынов айтқандай, мәнерлеп оқу жолдарын толық меңгерген оқушы «сөз асылын» табатын, «сөз мағынасын» ұғатын, «дарынды сөзді» тани білетін тұлға болып қалыптасады.
Мәнерлеп оқу жолдарын үйретуде үйірме жұмысының да маңызы зор деп білемін.Сол мақсатта жасалған «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің үлгі жоспарын ұсынып отырмын.
Үйірменің негізгі мақсаты:
оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
оқырмандық талғамды қалыптастыру
ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Міндеті:
әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.
«Мәнерлеп оқу» таңдау курсының жоспары:
№ | Мазмұны | сағат саны | Пайдаланылатын әдебиеттер | Уақыты |
1 | а) сөз сырына үңілсем (сөз мағынасы) ә) Абай «Өлең - сөзің патшасы, сөз сарасы» (өлең құрылысы) | 1 2 | Қазақ тілі оқулығы, лексика бөлімі | 04-05.09.15. 11-12.09.15. 18-19.09.15. |
2. | а) Пунктуация ережесі – дұрыс сөйлеу негізгі (ереже) б) мақал – сөз мәйегі | 1 1 | Пунктуациялық сөздік | 25-26.09.15. 02-03.10.15. |
3. | а) Көркем тәсіл – сөз бояуы ә) М.Жұмабаев «Сағындым» т.б. | 2 2 | З. Қабдолов. «Әдебиет теориясы» | 09-10.10.15. 16-17.10.15. 23-24.10.15. 30-31.10.15. |
4. | а) М.Мақатаев өлеңдері ә)А.Құнанбаев өлеңдері | 2 2 | Өлеңдер жинағы Өлеңдер жинағы | 13-14.11.15. 20-21.11.15. 27-28.11.15. 04-05.12.15 |
5. | « Поэзия! Сен менімен егіз бе едің?» (теория ) ( практика) | 2 | Ф.Оңғарсынованың поэзиялық өлеңдері | 11-12.12.15. 18-19.12.15. |
6. | а) Сахна мәдениеті – көрермен назарында б) кейіпкер бейнесіне ену, жан – дүниесін түсіну жолдары в) мәнерлеп оқу сайсытарына қатысуға дайындық | 2 2 2 | Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең» («Сәйгүліктер» романынан үзінді.) | 25-26.12.15. 09.01.16. 15-16.01.16. 22-23.01.16. 29-30.01.16. 12-13.02.16. |
7. | а) Теледидар кеші – шеберлікті ұштау көзі б) Әдеби кештерге талдау жасап, оқылған өлеңдерді сараптай білу | 2 2 | Теледидардан әдеби кештерді көру | 19-20.02.16. 26-27.02.16. 04-05.03.16. 11-12.03.16. |
8. | а) Менің сүйікті шығармам (өлең) б) драма в)проза | 2 2 2 | Көркем шығармалармен жұмыс | 18-19.03.16. 02.04.16. 08-09.04.16. 15-16.04.16. 22-23.04.16 29-30.04.16. |
9. | Жаттығу сағаттары | 1 | | 06.05.16 |
10. | Қайталау | 1 | | 13-14.05.16. |
11. | Қорытындылау (Мәнерлеп оқу сайысы) | 1 | | 20-21.05.16 |
Тақырыбы: Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі
Жоспар
І. Кіріспе
Сыныптан тыс жұмыс түрлері.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазіргі оқу үрдісіндегі жеке тұлғаны қалыптастырудағы
үйірменің рөлі.
2. Білімді ұстаз – оқушы мерейі.
ІІІ. Қорытынды
ІY. Пайдаланылған әдебиеттер.
Сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі -сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді.
Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.
Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әр түрлі болады. Дегенмен үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Ойлау – баланың таным әрекеттерінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады. Ойлау – белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен – өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізіп отыру қажет.
М. Жұмабаев: ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек – деген.
Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық операциялардан тұрады.
Сонымен бірге оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін дамытуда үйірменің әсері мол.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңындағы өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Осы тұста үйірме жұмысы оған көп көмегін тигізері мол.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда мынадай әді – тәсілдерді қолдануға болады.
реті
Оқушыны шығармашылық қабілетін дамыту
1.Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас туғызу
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындар
(анаграмма, сөз жұмбақ, ребус) құрастыру
4.Берілген тапсырманы түрлендіру
(әңгіме мәтінін құру, өлең шығару, шығарма жазу)
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, ат қою, бөліктерге бөлу
6.Қиялдау арқылы сурет салдыру, рөлге бөліп оқыту, диафильм құрастыру
7.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру
8.Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамыту, мәтіндерді, ертегіні аяқтау
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаларға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамытады.
Осы орайда өз тәжірибемді ортаға салмақпын. Мен «математика әлемі» үйірмесін өткізіп келемін. Сабақ кезінде оқушыларды ынталандырып, қызықтырып отырған жөн.
Сөзжұмбақ
Ребус-------------------------------------------жұмбақтар
әзіл-есеп--------------------------------------өлең-есеп
логикалық есеп-----------------------------жаңылтпаш
Мысалы: «таңқаларлық цифрлар» тақырыбын өткен кезде бір сабаққа бірнеше түрлі тапсырмаларды келтірдім.
Реті
«Таңқаларлық цифрлар» тақырыбы
1
А) «Таңқаларлық цифрлар» ойыны
Б) «Кім қырағы» ойыны
2 Логикалық есептер
3 Математикалық жаңылтпаш
4 Викторина
Тақырыбы: Математикалық ертегі.
А) Математикалық ертегі
Ә) Логикалық есептер
Б) Фигураны қол көтермей сыз
В) «Тез есепте!» ойыны
Сонымен бірге «Мәнерлеп оқу»үйірмесін өткізу барысында ана тілінде таза сөйлеуге, оны терең меңгеруге баулуға, ой, сезім, тіл жылдамдықтарын дамытып бірліктерін нығайтуға, сөз өнеріне, шешендік пен тапқырлыққа, ана тілін сүюге, қадірлеуге тірбиелеу мақсатында мынадай сабақ түрлерін өткізіп отырдым.
реті
Тақырыбы: «Ана тілі – көркем тіл» мәнерлеп оқу
1
А) «Білеміз – білмейміз» /қазақ аңызы/
Б) Қобыланды батыр жыры
В) «Лашын» әңгімесін мәнерлеп оқу
2
А) Әңгімені оқы. Оқиғаны өз бетіңше жалғастыр.
Б) Балалардың таласы немен аяқталды, оқиғаны жалғастыр. «Балалар мен мұғалім» әңгімесі.
Осындай тапсырмаларды бере отырып, оқушы шығармашылығын дамытып отырдым. Жаңашыл педагог И.П. Волков «егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез-келген мамандық дайындау сияқты қатардағы шара»-дейді. Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттерді қалыптастыруда үйірме жұмысының әсері көп. Осының нәтижесінде оқушыларым жетістіктерге жетті.
Қорыта келе, жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда үйірме жұмысын жүргізе отырып, өздігінен бақылау жүргізуге, қарапайым тәжірибе жасауға, эксперимент қою, текспен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, модельдеу сияқты іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен іздене алатын, айналадағы дүниеге қарым қатынасқа түсетін оқушыны дайындау, әрбір мұғалімнің «жаңалық ашып» оның нәтижесінің қызығына бөлейтін, әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмаларды тұрақты жүргізіп отыруы міндетті.
Үйірме жұмысының оқушыға үйретері мол екендігін естен шығармауымыз керек.
Жоспар
КІРІСПЕ
І Мәнерлеп оқудың теориялық негіздері мен әдістері
Мәнерлеп оқу және оқу дағдылары
Мәнерлеп оқудағы дикцияны қалыптастыру
Мәнерлеп оқудағы кідіріс, сөйлеу техникасы, екпін.
ІІ Мектепте оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету тәжірибелері
Шығарманы мәнерлеп оқуға алдын ала жүргізілетін жұмыстар
Ертегілерді мәнерлеп оқуға үйрету әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе
Білім беру саласының алдындағы негізгі мақсат – оқушы бойында білім-білік, дағдыларға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімді, өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен кез-келген мәселені адамгершілік тұрғыда шеше алатын, өзіндік ойы бар жеке тұлға қалыптастыру [1].
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім жүйесі әлемдік білім кеңістігіне бетбұрыс жасауда. Қазақ мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы, негізінен, «Қазақстан–2030» стратегиялық құжаттарында көрсетілді [2].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін сапалы дамыту туралы «халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді басым дамыту; білім беру үрдісін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру» көзделген [2].
Ең алдымен, білімді жинақтай білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан ең бастысы - оқуға деген оң көзқарастың дамуы.
Міне, осы мақсаттарды шешуде еліміз үздіксіз білім беру жүйесін құрып, сол бойынша нақты істерге кірісіп, көптеген мектептерде 12 жылдық білім беру сынамасын бастап та кетті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында баланы әлеуметтендіруге, яғни, балаларды 1 жастан бастап мектеп алды даярлыққа дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды арнайы бағдарламалар бойынша қоғамдастыру мәселесіне ерекше мән беріп, шұғыл іске кірісіп жатыр. Өйткені бұлай етпей бастауыш мектеп оқушыларын әлеуметтендірудің барынша жоғары сапалы нәтижеге жетуі екіталай. Мектепке дейінгі мекемеде тиісті біліммен қаруланып келген бала бастауыш буынды өз деңгейінде игеріп кетеді.
Бүгінгі таңда оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзіреттілігін жетілдіру ісіне айрықша мән беріп отырғаны бәрімізге аян. Бұл ретте мектеп оқушыларын туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиетіміздің туындыларымен сусындата алсақ қана жасөспірімнің жан дүниесін жадырата аламыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауындағы бесінші тарауындағы алтыншы міндетте – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту көзделген.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады.
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген [3].
Осы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауындағы айтылған мәселелерге баса назар аудару қазіргі мұғалімдердің міндеті болып табылады. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру ол ұстаздардың борышы. Әсіресе оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамытуды жүзеге асыруға көп көңіл бөліп, әр мұғалім өз сабағына күнделікті дайындалып, ізденіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы жөн.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан єрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезенде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қаза тілін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі [4].
Қай мемлекеттің болмасын іргетасы, жарқын болашағы - ұрпағы екені белгілі. Олай болса түптеп келгенде, елдің тілінің, туған жерінің, салт-дәстүрінің, қадір-қасиетінің артуы – сол жас жеткіншектердің сана-сезімі, түйсік жетесі арқылы ұлтының болашағын сақтауға деген ұмтылысы болып табылады. Сол ұрпақты тәрбиелейтін де, жоғары сапалы азамат ретінде қалыптастыратын да мектеп болса, бұл – қоғамның мектепке қоятын талаптарынан туындайды. Ол мақсаттан Білім және мәдениет министрлігі ұсынған «Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында» былай делінген: «Нағыз ұлттық мектеп – мемлекетті құратын ұлттың тарихи аумағында қызмет атқаратын және осы аумақта өзінің егемендік білім беру саясатын жүзеге асыратын, оқушыларда ұлттық мінезді және ана тілінің негізінде өз халқының рухани әлемін еркін қалыптастыратын мектеп».
«Мәнерлеп оқу» таңдау курсының жоспары:
№ | Мазмұны | сағат саны | Пайдаланылатын әдебиеттер | Уақыты |
1. | а) сөз сырына үңілсем (сөз мағынасы) ә) Абай «Өлең - сөзің патшасы, сөз сарасы» (өлең құрылысы) | 1 2 | Қазақ тілі оқулығы, лексика бөлімі | 04-05.09.15. 11-12.09.15. 18-19.09.15. |
2. | а) Пунктуация ережесі – дұрыс сөйлеу негізгі (ереже) б) мақал – сөз мәйегі | 1 1 | Пунктуациялық сөздік | 25-26.09.15. 02-03.10.15. |
3. | а) Көркем тәсіл – сөз бояуы ә) М.Жұмабаев «Сағындым» т.б. | 2 2 | З. Қабдолов. «Әдебиет теориясы» | 09-10.10.15. 16-17.10.15. 23-24.10.15. 30-31.10.15. |
4. | а) Дұрыс оқылған сөйлем – көркем сөйлеудің алғышарты ә) М.Әуезов «Ақын қонақтар», т.б. | 2 2 | Орфоэпиялық сөздік (прозалық шығарма) | 13-14.11.15. 20-21.11.15. 27-28.11.15. 04-05.12.15 |
5. | « Поэзия! Сен менімен егіз бе едің?» (теория ) ( практика) | 2 | Ф.Оңғарсынованың поэзиялық өлеңдері | 11-12.12.15. 18-19.12.15. |
6. | а) Сахна мәдениеті – көрермен назарында б) кейіпкер бейнесіне ену, жан – дүниесін түсіну жолдары в) мәнерлеп оқу сайсытарына қатысуға дайындық | 2 2 2 | Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең» («Сәйгүліктер» романынан үзінді.) | 25-26.12.15. 09.01.16. 15-16.01.16. 22-23.01.16. 29-30.01.16. 12-13.02.16. |
7. | а) Теледидар кеші – шеберлікті ұштау көзі б) Әдеби кештерге талдау жасап, оқылған өлеңдерді сараптай білу | 2 2 | Теледидардан әдеби кештерді көру | 19-20.02.16. 26-27.02.16. 04-05.03.16. 11-12.03.16. |
8. | а) Менің сүйікті шығармам (өлең) б) драма в)проза | 2 2 2 | Көркем шығармалармен жұмыс | 18-19.03.16. 02.04.16. 08-09.04.16. 15-16.04.16. 22-23.04.16 29-30.04.16. |
9. | Жаттығу сағаттары | 1 | | 06.05.16 |
10. | Қайталау | 1 | | 13-14.05.16. |
11. | Қорытындылау (Мәнерлеп оқу сайысы) | 1 | | 20-21.05.16 |
«Мәнерлеп оқу» таңдау курсының жоспары:
№ | Мазмұны | сағат саны | Пайдаланылатын әдебиеттер | Уақыты 5 «ғ» | Уақыты 5 «д» |
1 | а) сөз сырына үңілсем (сөз мағынасы) ә) Абай «Өлең - сөзің патшасы, сөз сарасы» (өлең құрылысы) | 1 2 | Қазақ тілі оқулығы, лексика бөлімі | 04.09.15. 11.09.15. 18.09.15. | 05.09.15. 12.09.15. 19.09.15. |
2 | а) Пунктуация ережесі – дұрыс сөйлеу негізгі (ереже) б) мақал – сөз мәйегі | 1 1 | Пунктуациялық сөздік | 25.09.15. 02.10.15. | 26.09.15. 03.10.15. |
3 | а) Көркем тәсіл – сөз бояуы ә) М.Жұмабаев «Сағындым» т.б. | 2 2 | З. Қабдолов. «Әдебиет теориясы» | 09.10.15. 16.10.15. 23.10.15. 30.10.15. | 10.10.15. 17.10.15 24.10.15. 31.10.15. |
4 | а) М.Мақатаев өмірі мен өлеңдері ә) А.Құнанбаев өмірі мен өлеңдері | 2 2 | М.Мақатаев өмірі мен өлеңдері А.Құнанбаев өмірі мен өлеңдері | 13.11.15. 20.11.15. 27.11.15. 04.12.15 | 14.11.15. 21.11.15 28.11.15. 05.12.15. |
5 | « Поэзия! Сен менімен егіз бе едің?» (теория ) ( практика) | 2 | Ф.Оңғарсынованың поэзиялық өлеңдері | 11.12.15. 18.12.15. | 12.12.15. 19.12.15. |
6 | а) Сахна мәдениеті – көрермен назарында б) кейіпкер бейнесіне ену, жан – дүниесін түсіну жолдары в) мәнерлеп оқу сайсытарына қатысуға дайындық | 2 2 2 | Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең» («Сәйгүліктер» романынан үзінді.) | 25.12.15. 15.01.16. 22.01.16. 29.01.16. 05.02.16. 12.02.16. | 26.12.15. 09.01.16. 16.01.16. 23.01.16 30.01.16. 13.02.16. |
7 | а) Теледидар кеші – шеберлікті ұштау көзі б) Әдеби кештерге талдау жасап, оқылған өлеңдерді сараптай білу | 2 2 | Теледидардан әдеби кештерді көру | 19.02.16. 26.02.16. 04.03.16. 11.03.16. | 20.02.16. 27.02.16. 05.03.16. 12.03.16. |
8 | а) Менің сүйікті шығармам (өлең) б) драма в)проза | 2 2 2 | Көркем шығармалармен жұмыс | 18.03.16. 08.04.16. 15.04.16. 22.04.16. 29.04.16 06.05.16. | 19.03.16. 02.04.16. 09.04.16. 16.04.16. 23.04.16. 30.04.16. |
9 | Жаттығу сағаттары | 1 | | 13.05.16 | 07.05.16. |
10 | Қайталау | 1 | | 20.05.16. | 14.05.16. |
11 | Қорытындылау (Мәнерлеп оқу сайысы) | 1 | | 20.05.16 | 21.05.16 |
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ тілі оқулығы, лексика бөлімі
2.Пунктуациялық сөздік
3.З. Қабдолов. «Әдебиет теориясы»
4.Орфоэпиялық сөздік (прозалық шығарма)
5.Ф.Оңғарсынованың поэзиялық өлеңдері
6.Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең» («Сәйгүліктер» романынан үзінді.)
7.Теледидардағы әдеби кештер
8.Көркем шығармалар
Таңдау курстың негізгі мақсаты:
оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
оқырмандық талғамды қалыптастыру
ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Міндеті:
әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.