Ерте жас ,«Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 19.11.2019ж.
Тәрбиеші: Ахметші Д.Д
Білім беру саласы: «Қатынас»
Пән: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»
Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ненің жаман, ненің жақсы екенің білуге, түсінуге биімдеу
Дамытушылық: Достарына, жақындарына, бауырмалдық сезімдерін қалыптастыру
Оқыту: Жануарлардын мінез құлық нормаларымен қағидаларын түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Ертегіге байланысты суреттер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Алдар көсе қонаққа келеді
Балалармен амандасады.
Балалар, мен сендерге арнап, тамаша ертегі кітап алып келдім. Бұл кітапты апайларын жақсылап оқып берсін.
- Алдар көсе, сізге үлкен рахмет!
-Келіңіз, төрлетіңіз біздің балаларымызбен бірге ертегімізді тамашалаңыз.
- Мен бұл ертегіні балаларға үстел үсті театры арқылы айтып берейін.
- Келісесіңдер ме, балалар?
- Ертеде жазық далада бір үйшік болыпты. Бір мезгілде шиқылдауық тышқан әдемі үйшікті көріп, тоқтай қалып сұрайды:
—шик-шик-шик үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Бірақ оған ешкім үн қатпады, сөйтіп тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді.
- Содан кейін бақылдап бақа келеді:
— бақ-бақ- бақ үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Деп бақа сұрады.
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық!
— деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
- деп екеуі сұрайды
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
- Енді олар үшеуі үйшікте тұрады.
-Терезені түлкі келіп тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- деп олда сұрайды
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкімін.
- деп түлкі жауап қайтарады.
— Кел, бізбен тұр!
- Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- деп олда сұрайды:
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкімін.
— Ал сен кімсің?
Деп сұрайды
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады.
Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты. Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкімін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
- деп барлығы сұрайды.
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге! деп барлығы аюды шақырады.
- Шақырғандарына қуанған аю үйшікке кірейін-кірейін деп, кіре алмайды. Сонда аю ендеше:
— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық дейді барлығы.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шығыптыты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті.
- Балалар осымен ертегіміз аяқталды.
- Ал, балалар, ендеше сендерде шаршаған шығарсыңдар келіңдер бәріміз бірге ойын ойнайық
Ойын:
Балалар ормандағы аңдардың жүрістерін салайықшы музыка әуенімен.
Қоян қалай жүреді.
Қасқыр қалай жүреді,
Аю қалай жүреді.
Түлкі қалай жүреді.
Қорытынды
Алдар көсе:
- Ой, жарайсыңдар, балалар, менің әкелген ертегім сендерге ұнаған сияқты солай ма?
- Ендеше мен сендерге ертегі кітаптарды естелік ретіңде сыйға тартамын.
- Алдар көсе, сіздің сыйлығыңызға рахмет!
Алдар көсе:
-Балалар маған ертегі ұнады.
- Ендеше мен сіздермен қоштасайын.
-Сау болыңдар!