СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:  «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Байқоныр»

Мақсаты: Табиғат байлықтарымен жетістіктері туралы (таскөмір, мұнай, темір, Байқоңыр ғарыш аймағы) ұғымдарын таныстыру. Өз еліне деген мақтаныш сезімдерін ояту. Тәжірибелік эксперимент жасауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Балаларды затқа қарап немесе көз алдына елестету арқылы мүсіндеу дағдыларын дамыту, пішіндердің ерекшеліктеріне мән бере отырып , үйлесімін, құрылуын ,қозғалысын бейнелеу.

 

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Тәрбиеші оқу іс-әрекетін жылулық шеңберімен бастайды:

   Табиғат - біздің анамыз

   Бағалап оны қадірлеп

   Аялайтын боламыз

   Үйреніп оны сыйлауға

   Барымызды саламыз.

 Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен қосылып айтады.

 

Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы»

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Байқоныр»

Мақсаты: Табиғат байлықтарымен жетістіктері туралы (таскөмір, мұнай, темір, Байқоңыр ғарыш аймағы) ұғымдарын таныстыру. Өз еліне деген мақтаныш сезімдерін ояту. Тәжірибелік эксперимент жасауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Балаларды затқа қарап немесе көз алдына елестету арқылы мүсіндеу дағдыларын дамыту, пішіндердің ерекшеліктеріне мән бере отырып , үйлесімін, құрылуын ,қозғалысын бейнелеу.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Тәрбиеші оқу іс-әрекетін жылулық шеңберімен бастайды:

Табиғат - біздің анамыз

Бағалап оны қадірлеп

Аялайтын боламыз

Үйреніп оны сыйлауға

Барымызды саламыз.

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен қосылып айтады.


Ұйымдастыру-

іздестіру

-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Біздің Астанамыз қай қала?

-Сендер қай қалада турасыңдар?

-Табиғатымыз қандай?

-Олай болса балалар біздің еліміздің байлықтарымен жетістіктерімен таныс болайық.

-Суреттер арқылы әр түрлі өндірістік сала бойынша фабрика, заводтар түрлерімен таныстыру.

Ғарыш кешенімен таныстыру.

-Ғарыш айлағының бейнесінің жасалуын көрсету.

Сергіту.

Өз інімнен алысқа,

Шықпаймын мен бекерден.

Төрт аяғым болса да,

Жүремін мен екеуімен.





Қазақстан мемлекеті


Астана қаласы

Қызылорда қаласында

Көрікті





Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият, қызыға тыңдайды, сұрақтар қойып отырады.





Сергіту сәтін жасайды.










Рефлексивті-түзетушілік

 

Ғарыш туралы тақпақтар.

Көкке ұшамын-

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Ер ғарышкер ағамның.


Балаларды мақтау, марапаттау.


Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

 

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Табиғат байлықтарымен жетістіктері туралы.

Түсінеді: : Табиғатты аялауды, қамқорлық көрсете білуді.

Қолданады:













































Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Бидай»

Мақсаты:  Бидай туралы түсініктерін тереңдету. Бидайдың пайдасы туралы айтып түсіндіру. Балалардың өз ойларын ашық жеткізе білуге, ой-өрісін, сөздік қорын, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.  Ұйымшылдыққа,еңбек сүйгіштікке,татулыққа,үлкенге,кішіге көмек бере білуге тәрбиелеу.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балалар бүгін бізде ерекше күн.

Шаттық шеңбер

Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа,

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына.


Балалардың барлығы бір келкі көңілді түрде шаттық шеңберін орындайды.


Ұйымдастыру-

іздестіру

Балалар біз қандай қалада тұрамыз?


Қостанай қаласы туралы не білесіңдер?


Ал балалар сендер білесіңдер ме? біздің қаламыз бидайға өте бай.

Бидай қалай пайда болатынын түсіндіріп беру.


Бидай туралы мақал-мәтелдер.


Жеріне қарай, егін ек,
Жолына қарай жегін жек.


Арпа, бидай —
Ас екен,
Алтын, күміс —
Тас екен.


Жер — адамның бесігі.
Ел — бақыттың есігі.



Ал қане балалар енді біз бидайдың суретін ақ қағазымызға салайық.



Қостанай қаласында.

Біздің қаламыз өте әдемі,үлкен ғимараттар бар,саябақтар.

 Ия білеміз.







 Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап,мақал-мәтелдерді қайталайды.

 

 

 


 



Бидайдың суретін ақ қағазға бояулардың көмегімен салады.





Рефлексивті-түзетушілік

 

Орнымыздан тұрайық.

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы ,

Сау саламат болайық.

Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.

Балалар орындарынан тұрып сергіту сәтін тәрбиешімен бірге орындайды.

 

Күтілетін нәтиже:


  • Ұғынады: Тәрбиешіні тыңдауды, қойылған сұрақтарға толық жауап беруді.

  • Түсінеді:Бидай қалай пайда болатының түсінеді.

  • Қолданады: Бояумен қалай жұмыс істеуді .