І кезең- мотивациялық қозғаушы | Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады. Қара көзің мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды, Жібек жүнің үлбіреп, Қарасаң көз тоймайды. Тәрбиеші балалардан жұмбақтың жауабын сұрап, түйенің қандай жануар түріне жататынын сұрайды. Ойлануға ұсыну: -Түйе қандай жануарға жатады? | Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, жауап береді. Үй жануарлары жайлы айтады. -(түйе) -үй жануары |
ІІ кезең-ұйымдастырушылық ізденушілік | Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды. -Балалар тағы қандай үй жануарларын білесіңдер? -Олардың қандай пайдасы бар? -Ал, мысықтың қандай пайдасы бар? -Біз үй жануарларына қалай қамқор боламыз? -Иә, дұрыс айтасыңдар! Сергіту сәті: Ат ерттеуге жарайық Жонына қамшы салайық Жорға мініп жарысып Көрші ауылға барайық Тәрбиеші балаларға табиғи материалдарды береді, әр бала одан мысықтың мүсінін құрастырады Табиғи материалдарды жануарлардың бейнесіне сәйкес таңдауға үйренеді. Тәрбиеші жасау жолдарын көрсетеді, әдіс-тәсілдерді түсіндіреді. Ережелерін қайталап естеріне сақтауды ұмытпайды. | Тәрбиешіні мұқияттыңдайды. -қой, жылқы, сиыр, ешкі, ит, мысық, тауық т.б -Олар адамға дос, ит үйді күзетеді, ал сиыр, жылқы сүт береді, ет береді т.б -мысық үйді тышқаннан тазартады -оларға су, тамақ береміз Оларды күтіп, баптаймыз Тәрбиешімен бірге іс-қимылдарды жасайды. Балалардың мысықтың мүсоны жасауға кіреседі. Олардың сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. |
ІІІ кезең- Рефлекстік түзету | Балаларды бір-бірден шығарып, неліктен ол жануарды салғанын, несімен ұнағанын сұрайды. Сұрақтар қойып бүгінгі тақырыпты қорытындылайды, жақсы қатысқан балаларды мадақтайды. | Бала тәрбиеші қойған сұраққа жауап береді. Өзі алған жануар жайлы толық мағлұмат береді. |