Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Құрастыру
Тақырыбы: «Машиналар мен жаяу жүргіншілерге арналған жол» ( «кең»және «тар»)
Мақсаты: Кеңейту немесе бөлшектерін ауыстыру арқылы құрылысын өзгерту іскерліктерін дамыту.
Сөздік жұмыс: Жаяу жүргінші
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | «Балалар тілегі»-топтық жиын | Балалар бір-бірімен амандасып, «қайырлы күн, бүгінгі күн шуақты, нұрлы болсын!»- деп тілек білдіреді, достық, ынтымақтастық сыйлайды. |
Ұйымдастырушылық ізденушілік | Ғажайып сәт: Қонаққа қоян келеді. Сәлеметсіздер ме балалар! Балалар қоян өзімен бірге сиқырлы дорба әкеліпті. Ол дорбада әр балаға конструкторлар әкеліпті. Балалар сол конструктормен біз машиналарға және жаяу жүргіншілерге жолдар құрастырамыз. Сергіту сәті: «Кең» және «тар» ұғымдарымен таныстыру. | Балалар қоянға келгеніне қуанып амандасады. Әкелген конструкторға өте қуанады. Конструктормен машиналарға және жаяу жүргіншілерге жолды құрастыруға тырысады. «Кең» және «тар» түсініктерін қалыптастыру |
Рефлексивті-түзетуші | Жақсы құрастырған балаларды мадақтау. | Балалар қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: «Кең» және «тар» ұғымдарын
Түсінеді: Жүргіншілер және жол туралы түсінігі
Қолданады: Конструктормен жол құрастыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
ІІ кіші топ «Ақ ерке» Аптасы: 3
Білім саласы: «Таным» Күні: 16.09.2013
Кіші сала: Құрастыру. Тәрбиеші: Белгибаева П.А
Тақырыбы: «Түрлі-түсті жапырақтар»
Мақсаты: Балаларды түрлі-түсті қағаздан кішкентай бөлшектерін жыртып алуға үйрету.
Іс –әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | «Орманға саяхат» барамыз. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қандай өзгерістер болады? | Саяхатқа баруға дайындалды. -күз мезгілі -күн суытады, жапырақтар сарғаяды, |
Ұйымдастырушылық ізденушілік | -Балалар, қарандаршы қаншама жапырақтар жатыр. -Олардың түстері қандай? Күзгі жапырақтар түрлі-түсті болады. -Енді балалар, біз осындай түрлі-түсті жапырақтарды жасаймыз.Ол үшін бізге түрлі-түсті қағаздар қажет болады. Дайын жапырақтарды ақ қағаз бетіне ретімен қою керек екендігі айтылды. Балалар енді жасаған жапырақтарды қолдарыңа алындар. Жел соққан кезде жапырақты ұшырамыз. | Орман табиғатын тамашалайды. -жасыл,сары,қызыл. Балалар өз орындарына барып отырды. Түрлі-түсті қағаздардан кішкентай бөлшектерді алады. Жапырақтарды қағаз бетіне қояды. Балалар жел соққанда бірге жапырақтарды ұшырады. |
Рефлексивті- түзету | -Біз бүгін қайда саяхатқа бардық? -Нені тамашаладық? -Бүгін не жасадық? -Неден жасадық? | -Орманға. Табиғатты тамашаладық. -Түрлі-түсті жапырақтар. -Түрлі-түсті қағаздан. |
Күтілетін нәтиже:
Түстерді ажырата білу
Жапырақ туралы түсініктері болу
Кішкентай бөлшектерді, қағазбетіне жапсыру қолынан келу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің Айы: қазан
технологиялық картасы Аптасы: 2, 09.10.2012ж
ІІ кіші тобы «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.М.Досанова
Білім саласы: «Таным»
Бөлігі: Құрастыру
Тақырыбы: «Үйге баратын жол»
Мақсаты: Қарапайым құрылыстар жасауды жалғастыру,бөлшектерді қатарластырып,
кірпіш-пластиналар бөлшектерін ауыстыру арқылы құрылысын өзгерту.
Билингвалдық компонент: кірпіш,пластиналар,суреттер.
Сөздік жұмыс: кірпіш-кирпич,құрлысшы –строитель,жол-дорога..
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Көлікпен саяхатқа бару | Балалар үлкен көліккн отырды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | -Балалар,қалай саяхатқа барамыз? -Балалар,сендер үйге қалай барасындар? -Ал автобус,көлік неніңмүстінде жүреді? -Сендер қай қалада тұрасындар? -Қостанайда жолдар барма? -Ал біз қалай саяхатқа барамыз? Бізде жол жоқ қой! -Жолды құрастыру керек. | -көлікпен,автобуспен. -Жолда. -Қостанайда. -Бар. Балалар кірпіш,пластиналар алып жол құрастырды.Көлікке отырып саяхатқа барып келді. |
Рефлексивті-коррекциялау | -Біз немен саяхатқа бардық? -Біз не құрастырдық? | -Көлікпен. -Жол. |
Күтілетін нәтиже:
«Ұзын», «қысқа» ұғымдары туралы білу
Пішіндерді, түстерді туралы түсініктері болу
Кішкентай пішіндерден композиция жасау (жол) қолынан келуі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: қазан
технологиялық картасы аптасы: 4, 23.10.2012ж
ІІ кіші тобы «Жидек» Тәрбиеші: А.М. Досанова
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: Құрастыру
Тақырыбы: «Қақпа» (биік,кең)
Мақсаты:Балаларға құрылыс материалды таңдауға,бөлшектерді ауыстыру арқылы
құрылысын өзгерту.Іскерліктерін дамыту.
Билингвалдық компонент: Қақпа-ворота,биік-высокий,аласа-низкий.
Сөздік жұмыс: қақпа
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Балалармен амандасу. Балалардың көңіл-күйлерін көтеру. | Тәрбиешімен жақсы көңіл-күйде амандасу. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Іс-әрекеттің тақырыбын түсіндіреді. Балалар екі топқа бөлініп,тәрбиешімен бірге қақпа құрастырады. Сергіту сәті: Қуыр,қуыр,қуырмаш Балапанға бидай шаш Бас бармақ Балан үйрек Ортан терек Кішкене бөбек «Биік» және «аласа» ұғымдарымен таныстыру. Д/О: «Не жоқ?» | -Балалар назарларын тәрбиешіге бөледі. -Балалар қызығушылықпен қақпаны құрастыра бастайды. -Ойынды жақсы ойнады. |
Рефлексивті-коррекциялау | Жақсы құрастырған балаларды мадақтау. | Балалар сабаққа өте риза болды. |
Күтілетін нәтиже:
«Биік» және «кең» ұғымдарын білу
Құрылыс материалдары туралы түсініктері болу
Конструктормен құрастыру қолынан келуі
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің Айы: қазан
технологиялық картасы Аптасы: 5, 30.10.2012ж
ІІ кіші тобы «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.Қ.Абжанова
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: Құрастыру
Тақырыбы: «Түрлі-түсті қарындаштар»
Мақсаты: Балаларды түзі сызықтарды әр түрлі бағытта дұрыс құрастыруға үйрету.
Билингвалдық компонент:
Сөздік жұмыс: түзу
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талдау | Балалар біз бүгін қарындаштар еліне саяхатқа барамыз. | Балалар қарындаштар еліне баруға жиналады. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалар назарын интерактивтік тақтаға аудару. Балалар, мынау қарандаш. Карандаш әр түрлі және әр түсті болады. Мынау қандай түсті қарандаш? Біз қазір қағаз бетіне түзу сызықтар құрастыруға үйренеміз. Сергіту сәті: Бала, бала, балақан Кәне қайсы алақан Саусақтарын әйбат Былай,былай ойнат | -сары,қызыл,жасыл -Түзі сызықтар салуға тырысады |
Рефлексивті-коррекциялау | Жақсы салған балаларды мадақтау | |
Күтілетін нәтиже:
Түстерді ажырата білу
Қарандаш туралы түсінігі болуы
Түзу сызықтар құрастыру қолынан келеді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: Қараша
технологиялық картасы аптасы: II күні:13.11.
ІІкіші топ «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.Қ.Абжанова
Білім саласы: Таным
Кіші сала: Құрастыру
Тақырыбы: «Бұтақтағы шымшық»
Мақсаты:Қызыл түсті дымқыл қағазды умаждау арқылы дөңгелек пішінге келтіру.
Билингвалдық компонент: шымшық,қызыл,дөнгелек
Сөздік жұмыс: шымшық-соловей, қызыл-красный, дөңгелек-круглый
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Сәлеметсіздерме,балалар! Балалар бізге бір кішкентай қонақ келіпті,ол не екен? | Сәлеметсізбе! Кішкентай шымшық екен. |
Ұйымдасты-рушылық ізденіс | І.Балаларға қызыл түсті дымқыл қағаз таратамын. ІІ.Осы қағазды умаждау арқылы дөңгелек пішін жасайтындарын айтамын. ІІІ.Сергіту сәті. Бала,бала,балақан, Қане қайсы алақан? Саусақтары әйбат, Былай-былай ойнат. | І.Балаларға дымқыл қағазды көру қызықты болды. ІІ.Балалар тапсырманы қызықты да көңілді орындады. ІІІ.Балалар саусақтарын жаттықтырды. |
Рефлексивті-коррекциялау | І.Қорытынды ІІ.Талдау. ІІІ.Мадақтау. Сау болыңдар! | І.Шаттана,қуанады. ІІ.Сабақ көңілді өтті. |
Күтілетін нәтиже:
Дөңгелек ұғымдарын білу
Түрлі-түсті қағаздар туралы түсінігі болу
Дөңгелек пішін жасай алуы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: Қараша
технологиялық картасы аптасы: 4 күні:27.11.12 ж
ІІкіші топ «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.Қ.Абжанова
Білім саласы: Таным
Кіші сала: Құрастыру
Тақырыбы: «Үлкен және кіші қақпалар»
Мақсаты: Құрылыс бөліктерін көлеміне қарай (үлкен,кіші) ажырата білуге үйрету.Бөлшектерді ауыстыру арқылы құрылысын өзгерту іскерліктерін дамыту.
Билингвалдық компонент:құрылыс,бөлшектер
Сөздік жұмыс: Құрылыс –стройтельство,үлкен-большой,кіші-маленький,қақпа-ворота.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Балалар бүгін біз сендермен құрлысшы боламыз.Құрлысшылар не салады?Балалар қараңдаршы бізге нелер келіп тұр? Балалар біз сендермен осы машиналар қайда тұрады? | Құрлысшылар үй салады. Бізге машиналар келіпті. Машиналар қақпада тұрады |
Ұйымдасты-рушылық ізденіс | Ендеше біз осы машиналарға гараж жасаймыз.Қайсысы машинаға үлкен,қайсысы кішкентай? Құрылыс бөліктеріне қарап қайсысы үлкен қайсысы кіші екенің сұрау. Олар не үшін қажет екенің айту. Балалар енді осы бөлшектерден қақпа салайық. Сергіту сәті. Бала,бала,балақан, Қане қайсы алақан? Саусақтары әйбат, Былай-былай ойнат. Балалар біз не жасадық? | Машиналарға қақпа жасауға дайындалады. Қызыл машина-үлкен,көк машина-кішкентай. Балалар құрылыс материалдарын бөліп алады. Балалар қызыға жұмысқа кіріседі.Апайдың көмегімен олар қақпа құрастырады. Біз қақпа жасадық |
Рефлексивті-коррекциялау | Қорытынды .Мадақтау.\ Балалар жасаған қақпаларына қуанады | .Шаттана,қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Үлкен,кіші ұғымдарын білу
Бөлшектер туралы түсінігі болу
Қақпаны жасай алуы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: желтоқсан.
технологиялық картасы аптасы:2.11.12.2012ж
ІІ кіші тобы «Қарлығаш» Тәрбиеші:А.Қ.Абжанова
Білім саласы: «Таным»
Бөлігі: Құрастыру
Тақырыбы: «Үлкен поезд»
Мақсаты:Балаларға құрылыс материалды таңдауға,бөлшектерді ауыстыру арқылы
құрылысын өзгерту.Іскерліктерін дамыту.
Билингвалдық компонент:үлкен-большой.
Сөздік жұмыс: поезд.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Балалармен амандасу. Жұмбақ жасырамын: Бас аяғы теп-тегіс болып біткен, Селкілдесе денесі дір-дір еткен. | Тәрбиешімен жақсы көңіл-күйде амандасу. Балалар жұмбақты шешеді. Поезд. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Біз бүгін поезд жасаймыз. Поезд қандай бөлшектерден тұрады? Қанша вагондар болады? Балалар екі топқа бөлініп,тәрбиешімен бірге поезд құрастырады. Сергіту сәті: Қуыр,қуыр,қуырмаш Балапанға бидай шаш Бас бармақ Балан үйрек Ортан терек Шылдыр шүмек Кішкене бөбек. Жұмыстарын аяқтайды. Жеке көмек көрсету. | -Балалар назарларын тәрбиешіге бөлейді. -Балалар жауап беруге тырысады. - вагондар. -Көп. -Балалар қызығушылықпен поезд құрастыра бастайды. Балалар саусақ жаттығу жасайды. Балалар қызығушылықпен жұмыстарын аяқтайды. |
Рефлексивті-коррекциялау | Жақсы құрастырған балаларды мадақтау. | Балалар сабаққа өте риза болды. |
Күтілетін нәтиже:
Үлкен деген ұғымды білу.
Құрылыс материалдары туралы түсініктері болу .
Құрастыру материалдан поезд жасау қолынан келу.
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің Айы: Желтоқсан
технологиялық картасы күні:25.12
ІІ кіші тобы «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.Қ.абжанова
Білім саласы: «Таным»
Бөлігі: Құрастыру
Тақырыбы: «Шырша»
Мақсаты: Жасыл түсті шаршы пішінді қағазды диагональ бойынша бүктеп үйрету.Бүктеген қағаздардан шырша құрастыру.
Билингвалдық компонент: Шырша-ёлка,ойыншықтар-игрушки,құрастыру-строить.
Сөздік жұмыс: Шырша шамдары,шаршы.
Көрнекіліктер: Шырша,жасыл түсті қағаз,интерактивті тақтадағы суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талдау | «Шаттық шеңбер» Қол аласып қәне біз Достасайық бәріміз Айтарым бар сендерге, Тік тұрындар шеңберге Қандай жақсы бір тұру Достарыммен бір жүру | -Балалар шеңберге тұрады. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Тақтамен жұмыс Балалар менің қолымда не бар? Түсі қандай? Қандай пішінге ұқсайды? Ал енді осы жасыл түсті қағазды бүктейміз. Ал енді қандай пішінге ұқсады? Біз не жасадық? Сергіту сәті: Бала,бала,балақан. Кәне қайсы алақан, Саусақтарым айбат. Былай-былай қозғалт. | -Балалар қыс мезгілін әңгімелеп береді. -Қағаз. Жасыл. -Шаршы. -Үшбұрыш пішінге. -Шырша. -Балалар жақсы орындады. -Балаларды мадақтау. |
Рефлексивті-коррекциялау | Балалар біз бүгін не орындадық? Шыршаның түсі қандай? Шыршамыз қандай пішінге ұқсайды? | -Шырша -Жасыл. -Үшбұрыш пішінге ұқсайды. |
Күтілетін нәтиже:
Үшбұрыш пішінді білу
Жаңа жыл туралы түсініктері болу
Қағазды үшбұрыштап бүктеуді жасай алу
Бүктеген қағаздан шырша құрастыру қолынан келуі
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің Айы: 25 желтоқсан
технологиялық картасы Аптасы:4
ІІ кіші тобы «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.Қ.Абжанова
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: «Құрастыру»
Тақырыбы: «Шырша»
Мақсаты: Жасыл түсті шаршы пішінді қағазды диагональ бойынша бүктеп үйрету.Бүктеген қағаздардан шырша құрастыру.
Билингвалдық компонент: Шырша-ёлка,ойыншықтар-игрушки,құрастыру-строить.
Сөздік жұмыс: Шырша шамдары,шаршы.
Көрнекіліктер: Шырша,жасыл түсті қағаз,интерактивті тақтадағы суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талдау | Балалар жылдың қандай мезгілі? Біз қандай мерекені тойлаймыз? Жаңа жылда нені әшекелейміз? | Жылдың мезгілі қыс.Біз жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.Біз шыршаны безендіреміз. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Тақтамен жұмыс Балалар менің қолымда не бар? Түсі қандай? Қандай пішінге ұқсайды? Ал енді осы жасыл түсті қағазды бүктейміз. Ал енді қандай пішінге ұқсады? Біз не жасадық? Сергіту сәті: Бала,бала,балақан. Кәне қайсы алақан, Саусақтарым айбат. Былай-былай қозғалт. | -Балалар қыс мезгілін әңгімелеп береді. -Қағаз. Жасыл. -Шаршы. -Үшбұрыш пішінге. -Шырша. -Балалар жақсы орындады. -Балаларды мадақтау. |
Рефлексивті-коррекциялау | Балалар біз бүгін не орындадық? Шыршаның түсі қандай? Шыршамыз қандай пішінге ұқсайды? | -Шырша -Жасыл. -Үшбұрыш пішінге ұқсайды. |
Күтілетін нәтиже:
Үшбұрыш пішінді білу
Жаңа жыл туралы түсініктері болу
Қағазды үшбұрыштап бүктеуді жасай алу
Бүктеген қағаздан шырша құрастыру қолынан келуі
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің Айы: 15 қаңтар
технологиялық картасы Аптасы: 2
ІІ кіші тобы «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.М. Досанова
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: Құрастыру
Тақырыбы: «Шыршаға арналған ойыншықтар»
Мақсаты: Түрлі-түсті қағаздарды умаждап, түрлі пішіндер жасауға жаттықтыру. Шетіне жіп байлап ілу.
Билингвалдық компонент: Шырша-ёлка,ойыншықтар-игрушки,құрастыру-строить.
Сөздік жұмыс: шырша
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талдау | -Балалар жылдың қандай мезгілі? -Біз қандай мерекені тойлаймыз? -Жаңа жылда нені әшекелейміз? | -Қыс мезгілі. -Біз жаңа жыл мерекесін тойлаймыз. -Біз шыршаны безендіреміз. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Ғажайып сәт Балалар, қарандаршы мынау жерде шырша ағашы өсіп тұр. Ол шырша қөніл сіз тұр екен. Кәнекі, балалар, шыршанын қөнілін көтеру үшін біз оған ойыншықтар жасап береік. Ендеше біз қазір ойыншықтарды әр түрлі-түсті қағаздардан жасаймыз. Сергіту сәті Топ-топ басайық, Қағаздан гүл жасайық. Жаса-жаса алтын күн, Жаса-жаса жарқын күн. | -Шырша өсіп тұр. Ойыншықтар жасауға тырысты. |
Рефлексивті-коррекциялау | Ал, енді балалар жасаған ойыншықтарына жіп іліп шыршаны безендірейік. Балаларды мақтап, мадақтау. | Өз жасаған ойыншықтарын шыршаға іліп қойды. |
Күтілетін нәтиже:
Шырша ағашын білу
Жаңа жылда шыршаны безендіру туралы түсініктері болу
Түрлі-түсті қағаздарды умаждап ойыншықтар жасау қолынан келуі
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің Айы: 29 қаңтар
технологиялық картасы Аптасы: 4
ІІ кіші тобы «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.М. Досанова
Білім саласы: «Таным»
Бөлігі:Құрастыру
Тақырыбы: «Қар жауып тұр»
Мақсаты: Қағаздарды кішкентай бөлшектерге жырту тәсілін жалғастыру.
Билингвалдық компонент: қағаз-бумага,қар –снег.
Сөздік жұмыс:жырт,жауады.
Көрнекіліктер: қолдан жасаған қарлар,аққала бөлшектері,ақ парақтар.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Таңғы шеңбер: «Салемдесу» | Балалар қимыл-қозғалыспен орындайды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Адамдар қыста қалай киінеді? Ауа-райы қалай? Жерде не жатыр қыс мезгілінде? Бүгін біз алдымыздағы ақ қағазды ұсақтап жыртамыз. Жыртып болған соң . Ойын: «Қар жауып тұр» Жасаған қарымызды шашамыз не жауады? | -Қыс мезгілі.
-жылы киім киеді. - күн суық,аяз болып тұр. - жерде қар жатыр.
Балалар алдарындағы ақ қағаздарынан жыртты қар жасады.
-жасаған қарларын шашып қар жауғызды. |
Рефлексивті-коррекциялау | Бүгін біз не жасадық? Сендерге қар жауған ұнады ма? | -қағаздан қар жасадық.. -иә |
Күтілетін нәтиже:
Үлкен кіші ұғымдарын білу
Қыс мезгілінде ауа-райы қалай болатынын,адамдардың қалай киінетіні болу
Қағазды кішкентайлап жырту қолынан келуі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: ақпан
технологиялық картасы аптасы: ІІ
ІІ кіші топ «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.М.Досанова
Білім саласы: Таным
Бөлігі: Құрыстыру
Тақырыбы: «Балабақша айналасындағы қоршау»
Мақсаты Құрылыс жасау дағдыларын әрі қарай дамыту, кірпіштерді төртбұрыш бойына арақашықтықты сақтай отырып орналастыру тәсілін қолдану.
Билингвалдық компонент: Ясли-сад - балабақша
Сөздік жұмыс: қоршау
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | -Сәлеметсіздерме,балалар! Есіктің тарсылы балаларды таң қалдырады. Қонаққа келген «Ақ қайын екеніне» балаларға хабарлап айтамын. | Сәлеметсізбе! Балалар есікке үңіле қарайды. Келген қонаққа балалар қатты қуанады. |
Ұйымдасты-рушылық ізденіс | І.Қарандаршы! Тақырып: «Ағаш бұрағымен бүршігі» атты шағын әңгімелеп түсіндіремін. ІІ.Келген қонақпен табысып,тіл табысамыз. ІІІ. Сергіту сәті. «Аю отыр партада» Бойымызды жазып,көңіл көтеріп бір серігіп қалдық. ІV.Келген қонағымыз жай келмей өз ойыны алып келгенін айтады. | І.Тәрбиеші апайдың айтқанын жақсы қайталап айтты. ІІ.Жұмыс жасаған балаларға өте қатты ұнады. ІІІ.Балалар қимыл қозғалыспен қозғала жасайды. ІV.Ойын балаларға өте қатты ұнады. |
Рефлексивті-коррекциялау | І.Ақ қайынның балаларға деген алғысы. ІІ.Талдау. ІІІ.Мадақтау. Сау болыңдар! | І.Шаттана,қуанады. ІІ.Сабақ көңілді өтті. |
Күтілетін нәтиже:
Ағаштың не екенін білу
Оларға деген аяушылық, құрметтерінің болу
Ағаш бұталарын жасай алуы
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің Айы: 26 ақпан
технологиялық картасы Аптасы: 4
ІІ кіші тобы «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.М. Досанова
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: Құрастыру
Тақырыбы: «Кітапша»
Мақсаты:Төртбұрышты қағазды ортасына бұрыштарын келтіріп бүктеу.
Билингвалдық компонент: Кітап-книга
Сөздік жұмыс: Кітапша, парақ
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талдау | Жұмбақ жасыру: | Балалардың жауабы: -Кітап. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалардың назарын интерактивті тақтаға аудару. -Балалар, тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар? -Кітап қандай пішінге ұқсайды? -Балалар, кітаптың сырты жыртылып, бүлінбеу үшін не жасауға болады? -Кітапты шималап, жыртуға болмайды, өйткені біз одан білім аламыз, оқимыз. -Ендеше, қазір біз төртбұрышты қағазды ортасына бұрыштарын келтіріп бүктеу арқылы кітап жасап шығарамыз. Сергіту сәті. Топ-топ басайық, Қағаздан гүл жасайық. Жаса-жаса алтын күн, Жаса-жаса жарқын күн. Мақал-мәтел: «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» -Балалар, мынау мақал қандай мағынаны білдіреді? | -Кітапша -Төртбұрышқа -Сыртын қаптауға болады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша кітапша жасап шығарады. -Өйкені біз кітапты оқып білім аламыз, білм алу арқылы биік шыңдарға шығамыз. |
Рефлексивті-коррекциялау | -Біз сонымен бүгін не жасап шығардық? -Кітап бізге не үшін керек? Балаларды мақтап, мадақтау. | -Кітапша. -Білім алу үшін керек. |
Күтілетін нәтиже:
Геометриялық пішіндердің түрлерін білу
Кітап туралы түсініктері болуы
Қағазды бүктеу әдісін пайдалана отырып қолданады
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 9 cәуір
технологиялық картасы аптасы: ІI
ІІ кіші топ «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.М. Досанова
Білім саласы:Таным
Кіші сала : Құрастыру
Тақырыбы: «Көктемдегі бақбақтар» (ұжымдық жұмыс)
Мақсаты: Дымқыл сары түсті қағазды умаждап гүл жасату. Оны үлкен сары түсті қағазға жапсырту. Ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қиялын, көркемдік талғамын дамыту.
Билингвалдық компонент: бақбақ
Сөздік жұмыс: Бақбақ-одуванчик, гүл-цветок
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | -Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін табасыңдар. Өзіне шап-шақ, киген қалпағы аппақ, балалар тұр қаптап. | Балалар жұмбақтың шешуін табуға дайындалады. Бақбақ |
Ұйымдастырушылық ізденіс | -Көктем мезгілінде бірінші болып шығатын бақбақ гүлімен танысамыз. Тақтамен жұмыс. -Бақбақ (одуванчик) ерте көктемде өсетін көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырақтары түп жағында топтасып орналасады. Шоқ бас, сары түсті гүлі жалғыздан сабақ ұшында өседі. Бақбақты егістік арасынан, жолдан, сайдан, өзен жағасынан бастау басынан кездестіруге болады. Бақбақ түгелімен дәріге жарамды. Жемісін пісуден бұрын қазып алып, жас күйінде немесе кептіріп. Дәрі жасайды. Дымқыл сары түсті қағазды умаждап гүл жасату. Оны үлкен сары түсті қағазға жапсырту. Ұжымдық жұмыс жасайды. Сергіту сәті: «Гүл» Өсемін былай мен деген, Қауызым бүйтіп ашылар. Кездерде самал тербеген, Хош иісім маңға шашылар. | Балалар мұқият тыңдайды. Тақтмен жұмыс жасайды. Тәрбиешінің түсіндіруі бойынша бақбақ гүлін қағазды умаждау арқылы гүл жасайды. Орнынан баяу тұрады, қолын көтеріп оңға-солға бұрады. Баяу ырғалады, қолын толқындатып қағады. |
Рефлексивті-коррекциялау | -Балалар, біз бүгін қандай гүлмен таныстық? -Түсі қандай болады? -Ендеше мен сендерге үйге «Бақбақ» тақпағын жаттауға беремін. Балаларды мақтап, мадақтау. | -Бақбақ гүлімен таныстық. -Сары болады. Балалар ұжыммен жасаған жұмыстарын тамашалауда. |
Күтілетін нәтиже:
Гүлдердің түрлерін білу
Бақбақ гүлі туралы түсініктері болу
Қағазды умаждау арқылы бақбақ гүлін жасай алуы
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің Айы: 23 cәуір
технологиялық картасы Аптасы: 4
ІІ кіші тобы «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.М. Досанова
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: Құрастыру
Тақырыбы: «Қысқа трамвай»
Мақсаты: Түрлі-түсті бөлшектер мен пішіндерден қарапайым құрылыстар жасауды, бөлшектерді қатарласып қосу тәсілдерін қолдану
Сөздік жұмыс: трамвай
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талдау | -Балалар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын. Табанында жолы бар, Төбесінде қолы бар. | Балалар жұмбақ шешуге дайындалады Трамвай. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | ТРАМВАЙ – электр қуаты арқылы рельспен қозғалып, қалаларда жолаушы тасымалдайтын моторлы вагон. Тақтамен жұмыс. -Балалар, біз бүгін түрлі түсті бөлшектерден қысқа тарамвай құрастырып шығарамыз. Сергіту сәті: -Балалар, біз трамвай жасап болдық, енді тақпақ жаттайық. «Жолың болсын!» Атам шықса сапарға -Жолың болсын!,-дейді апам. Апам шықса сапарға -Жолың болсын,- дейді атам. -Жолың болсын,- дейді олар, Үлкенге де кішіге. | Балалар мұқият тыңдайды. Балалар тақтада,ы суреттерді қарап, қандай көлік екенін ажыратады. Түрлі түсті бөлшектерден трамвай құрастырып шығарады. Ал бәріміз тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық. Тәрбиешімен бірге қайталап, тақпақты жаттап алады. |
Рефлексивті-коррекциялау | -Балалар, сендер бүгін не жасадыңдар? -Трамвай қалай жүреді? -Рахмет сендерге. Балаларды мақтап, мадақтау. | -Трамвай. -Электр қуаты арқылы, рельспен қозғалып, жолаушыларды тасиды. Жасап шығарған трамвайды тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Пішіндерді ажырата білу
Трамвай туралы түсініктері болу
Түрлі-түсті пішіндерден трамвай жасау қолынан келуі
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің айы: 7 мамыр
технологиялық картасы аптасы: ІІ
Білім саласы: «Таным» Тәрбиеші:А.М. Досанова
Кіші сала:Құрастыру
Тақырыбы: «Бұзау мен сиырларға арналған қоршаулар»
Мақсаты:Кірпіштерді көлденеңінен,тігінен орналастыру тәсілдерін қолдану.
Билингвалдық компонент:бұзау-теленок,сиыр-корова,қоршау-забор
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талдау | -Балалар, Мараттың сиыры мен бұзауы болыпты. Мараттың үй жануарлары өріске кетіп қала беретін болған соң, оған қоршау керек болыпты. -Енді, Маратқа көмектесеміз бе? | Балалар қызыға қарайды.
-Иә көмектесеміз. |
Ұйымдастырушы- лық ізденіс | Балаларға қоршаудың суреттерін көрсете отырып әңгімелесу. Ғажайып сәт: Қонаққа қоян келеді. Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар қоян өзімен бірге сиқырлы дорба әкеліпті. Ол дорбада әр балаға конструкторлар әкеліпті. Балалар сол конструктормен біз мына суреттегі қоршауды құрастырып көрейік. Сергіту сәті: Д.О: «Төлін тап» | Балалар тындайды. Балалар қоянға келгеніне қуанып амандасады. Әкелген конструкторға өте қуанады. Конструктормен балалар қоршауды құруға кіріседі. Бала,бала,балақан! Қане қайсы алақан? Саусақтарын айбат, Былай,былай ойнат! Балалар қимылдарын жасап, бойларын жазып алады. |
Рефлексивті-коррекциялау | -Біз бүгін не істедік? -Не үшін? -Кімге көмектестік? Балаларды мақтап, мадақтау. | -Қоршау. -Сиыр мен бұзауға арналған. -Маратқа көмектестік. Балалар өте қуанады |
Күтілетін нәтиже:
Үй жануарларын білу
Үй жануарлары қоршауды тұратыны жайлы мәліметтерінің болуы
Конструктормен қоршауды құрастыра алуы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің Айы: 21 мамыр технологиялық картасы Аптасы: IV
ІІ кіші топ «Қарлығаш» Тәрбиеші: А.М. Досанова
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: Құрастыру
Тақырыбы: «Үлкен және кіші үй»
Мақсаты: Қарапайым құрылыстардың бөлшектерін ауыстыру арқылы өзгерту. Құрылыс бөліктерін көлеміне қарай ажырата білуге үйрету.
Билингвалдық компонент: үлкен – большой, кіші – маленький
Сөздік жұмыс: құрастырамыз, үй саламыз, (қабырғасы, іргетасы, төбесі)
Көрнекіліктер: суреттер, құрылыс материалдары
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Балаларға тақпақ оқып беремін. Қолда темір қалағым, Саздан сарай қаладым. Қаламыздан аумайтын Әсем қала саламын. | Балалар қимылмен орындайды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Суреттер бойынша «Үй саламыз» тақырыбында әңгімелеймін. Сұрақтар қойылады. -Үйді салу үшін алдымен несін саламыз? -Үйді кімдер салады? -Ендеше бүгін біз, үлкен және кіші үй құрастырамыз. Тәрбиеші құрастыру үлгісін көрсетеді, үйретеді. Сергіту сәті жасалады. Д.О: «Өз үйіңді тап» | Балалар әңгімеге араласады. Сұрақтарға жауап береді. -Астында ұстап тұратын тасын тұрғызамыз. -Құрылысшылар салады. Балалар үй құрастыру әдіс-тәсілдерін тамашалайды. Өз бетінше құрастыруға кіріседі. Сергіту сәтін орындайды. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, Үп-үлкен боп өседі Балалар ойынды қызыға ойнайды. |
Рефлексивті-коррекциялау | -Бүгін сендер не жасадыңдар? Тәрбиеші балалардың жұмыстарын мақтап-мадақтайды. | -Үлкен және кіші үй құрастырдық. Балалар құрастырған үйлерін тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Үй бөліктерінің атауларын білу
Үй салу жөнінде түсініктері болу
Құрылыс материалдарынан үй тұрғыза алу қолынан келеді