І кезең-мотивациялық қозғаушы | -бүгін бізге ерекше көңіл күй қажет.Ол үшін бір-біріне қарап күлімсіреңдер,жақсы тілектер айтыңдар. Мен сендерді табиғатқа саяхатқа шығаруға шақырамын. | Балалар бір-біріне қарап, жақсы тілектер айтады. Назарларын бүгінігі оқу іс-әрекетіне аударамын. |
ІІ кезең-ұйымдастырушылық ізденушілік | Жағымды музыка қойылады. -Балалар,біздің жеріміздің табиғатына қараңдаршы(таудың,даланың әдемі табиғат көрнісі көрсетіледі) Біздің жеріміз кең-байтақ.Онда алуан түрлі жануарлар мекендейді. Қандай жануарларды білесіңдер? Тақтаға әртүрлі жануарлар суреті ілінеді (құлақты кірпі, суыр, қарсақ, дала тасбақасы, тышқан, құлан): -Мына суретте көрсетілген жануарлар түрі қандай көп,оларға сүйсіне қарайсың. Сергіту сәті: Иіліп оңға бір, Иіліп солға бір. Денемізді дұрыстап, Тұрамыз тік ұстап. Құлан:шөлді жерде мекендейді. Алматы,Қарағанды хайуанаттар бағында бағылады.Түркімен жерінен әкеліп жерсіндірілген.Ол есекке де,жылқыға да ұқсайды.Олар бұрын Қазақстан жерінде үйір-үйірімен жүретін.Оны есепсіз аулап, азайып кетті.Қазір қорғауға алынған. Дала тасбақасы: Шөлді жерді мекендейді.Ол қауіп төнгенде, басын сауытының ішіне жиып алады.150 жылдай тіршілік етеді.Өсімдіктермен қоректенеді.,жылына 3-4 ай ояу,қалаған уақытта ұйқыда болады. Саршұнақ ашық дала кеңістігінде өмір сүреді.Олар ін қазып,топырағын сыртқа үйіп тастайды.Егінге көп зиян келтіреді. Бірақ оның терісі бағалы. -Бұл жануарларды сендер қай жерен көрдіңдер? | Балалар табиғат көрнісін туралы өздерінің алған әерлерін әңгімелейді. Өздері білетін жануарлары атайды.Балалар Қазақстан жануарлардың атауымен танысады. Серіту сәтін қимылмен көрсетеді. Құлан туралы мәліметтер алады. Дала тасбақасы туралы түсінік алады Саршұнақ туралы түсінік алады. Бұл жануарларды теледидардан,кітаптан көргендерін айтады. Өздерінің не білетіндерін әңгімелейді. |
ІІІ кезең- рефлексивті түзету | Балалардың жануарлардың пайдасы,оларды қорғау туралы қортынды ойларын тындалады. «Мұқият бол!» ойыны. Ал енді мен сендерге бүгінгі танысқан жануарлардың бір белгісін айтамын,сендер қандай аң екенін табасындар. | Балалар айтақан сипаттамасы бойынша қандай жануар екенін табады. |