СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Үлкен,кіші орамалдар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Үлкен,кіші орамалдар

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
««Үлкен,кіші орамалдар»»

ҰОҚ конспектісі

Күні: 06.03.2019 жыл

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Үлкен,кіші орамалдар»

Мақсаты:

Білімділік:  Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолданатын орамалды білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгерту.

Тәрбиелік: Өзін және өзгелерді сыйлауға,өз ойын жеткізе білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: үлкен-большой, маленький-кішкентай

Сөздік жұмыс: үлкен, кіші

Қызмет кезеңдері


Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық −

қозғаушылық

Ш.ш: Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем жер

Ұйымдастыру −

іздестіру

Балалар бүгін бізге таным елінен бір - бірінен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар келіпті. Олардың ұқсастығы сондай кейде ажырата алмай қаласыңдар.
Бірақ қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен жас ерекшеліктері әр - түрлі.
Біздің бәріміздің өз атымыз бар, сол сияқты қуыршақтардың да аттары бар екен.
- Ең үлкені Әлия
- Ал одан кішісі Сәния
- Сәниядан кішісі Ғалия
- Ғалиядан да кішісі Жания
- Ең кішкентайы Мира екен.
Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.
Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім? Рет - ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атау.
Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
- Балалар біздің қуыршақтарымыздың айтып жүретін бір әні бар екен, сол әнді біз бәріміз айтып берейік.

Сергіту сәті.
Біз қуыршақпыз
Міне біздің қолымыз
Ал бізде, ал бізде
Таза бет орамал

Мына үстел үстінде әр түрлі көлемде қуыршақтарға арналған орамалдар бар, сол орамалдарды қуыршақтарға сыйлыққа берейік.
Ең үлкен қуыршаққа қандай
орамал сыйлаймыз?
Әр қуыршаққа өзіне сәйкес
орамалдар беріледі.
Балаларды мадақтау!

Рефлексиялық − түзетушілік

Балаларды мадақтау!