Тақырыбы: мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру мақсаты арқылы қазақ халқының ұлттық әшекей- бұйымдарымен таныстыру.
мақсаты: Халқымыздың ұлттық мұраларының бірі әшекей бұйымдар туралы бүлдіршіндерге насихаттау, мектепке дейінгі балалардың қол маторикасын дамыту, санасына ұлттық сезімді ояту.
жас ұрпақ зердесіне сіңіру үшін мектепке дейінгі мекемелерде меңгерту. Мұндай игі істердің жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде, халық өнерін, салт-дәстүрін меңгертуге атқаратын қызметі білімдік тұғырдан да, тәрбиелік тұрғыдан да маңызды болмақ. Жалпы, балалардың өз халқының өнерін сүюде, оны мақтаныш тұта білуде бұл бұйымдардың зор мәні бар.
Міндеттері:
-Зергерлік қолөнердің ежелгі түріне сипаттама жасау.
-Зергелік әшекей бұйымдарға талдау жасау.
-Зергерлік әшекей бұйымдарға байланысты әдет-ғұрып,наным-сенімдер.
Дәстүрі мен діні біте қайнасқан қазақ халқы барлық дүниеге ұлттық таным тұрғысынан мән берген. Көрер көзге әдемі әшекейдің бәрі өзі екі түрлі қызмет атқарған. Бірі – адамның ажарын ашып, сән-салтанатын келістіру, екіншісі – оның жасынан, жай-күйінен ақпарат беретін мән-мағыналық қызметі. Мәселен, қыз-келіншектердің таққан сырғасынан-ақ олар туралы біраз мағлұматқа қанық болуға болады
Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге деп есептеген. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.
"Шебердің қолы ортақ" демекші, он саусағынан өнер тамған небір зергерлер (қазіргінің дизайнерлері) әшекейдің түр-түрін жасаған. Сондықтан бір-біріне ұқсамайтын сан алуан бұйым бүгінге дейін жеткен. Бұл тек әсемдік бұйымдары ғана емес, әшекейлердің тәрбиелік мәні де зор. Қазақ қыздары бет-жүзін бүркемей, ашық ұстаған. Алайда бойжетіп келе жатқан қызына шолпы тағу арқылы "қырық үйден тыю" жасай білген, яғни, шолпысы сылдырлап, қыздың қайда жүргенінен хабар беріп отырған. Шолпы сылдырынан жасқанған қыз бала бейсауат жүрмеген. Асыл аналарымыз бұйымдарды қыздарына, келіндеріне мұраға қалдырып отырғандықтан, олар бүгінге дейін жетіп отыр. Солардың біріне назар салайық. Бұл бұйымның барлығы да күмістен соғылған. Сырға. Сырғалардың түрлері өте көп. Қазақ үшін сырғаның атқаратын рөлі өте маңызды болған. Себебі халқымызда бүгінге дейін сақталған "сырға салу" дәстүрі бар. Сырға салынған қыз енді өз "статусына" сәйкес жүріп-тұрып, үй шаруасын меңгере бастаған. Сырға анадайдан "мен мұндалап" тұратындықтан, оған басқа жігіттер көз салмайды. Кейбір сырғалар ауыр, ұзын етіп жасалған, оларды қалыңдық сәукелесіне қадаған.
Зергерлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, білектеу, көркем шекіме, канфаренье, бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн, сынкәптәу, жылтырату және т.б тәсілдер қолданылады. Зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісудан жануарлар – таутеке, ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт саймандары, әйелдердің алтын бас киімі, жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған.
Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады, ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан, жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді.
Шолпы. Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын
сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы – шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес,
шашты өсіретін, әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады.
Естеріңізде болар, «Алпамыс батыр» дастанында: Заманында тағыпсың, Тіллә шашбау жар – жар, - деп жырланатыны. Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды «шолпы» деп те атайды. Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде, жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп, үйдегі үлкендер қалжыңын қойып, әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып, жүгіріп, секіруін тыйған. «Шолпы» деген ұғым балықтың судағы секіріп ойнағанынан шыққан сияқты. Жас қыздар мынандай шолпы таққан:
Шаштеңге. Шолпының күміс, алтын теңгелерден тізбелеп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс. Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншекттің мезгілсіз жүргенінен хабар беріп, «айтып» қояды.
Халық қолөнерінен туған бұйымдар тек мұражайлар мен көрме залдарында ғана тұруы керек десек қателескен болар едік. Қайта шебер қолынан шыққан алуан түрлі асыл бұйымдарды, заттарды мұражайлардан көріп тамашалаумен бірге күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданып, қажетімізге жаратсақ, қандай жақсы болар еді. Ол үшін халық қолөнерінің бай мұраларына жаңаша түр, сипат беріп, оларды жасаудың технологиялық әдістерін жетілдіру қажет.
Жоғарыда айтылғандай шабаудың ұлттық мұра екенін ескере келе, оның пайдалы жақтарына, халықтық ырым, тыйымдардың мазмұнына үңіле отырып, жаңа заман талабына сай етіп шашбауларды жасау және қолданысқа енгізу өз ұлтымыздың шоқтығын биіктету деп білемін. Шашбауды мектеп өміріне енгізсе, бұрымды қыздарымыздың саны артып, өз халқының құндылықтарын сақтай білетін ұрпақ санасы жетілер ме еді деген ойдамын.
Халық өнерінің сырын, үнін ұға, көңіл бөліп назар аударған жөн. Қазіргі өскелең мәдениетімізге сай, өнер зерттеу, оларды жастарға үйрету ісін қолға алу нұр үстіне нұр болар еді. Халықтың мол өнерін иеленіп, іске асырғанымыз, жолын кеңітіп оны тұрмыс мәдениетін көркейтуге пайдаланғанымыз жөн.Сол себепті мен өз бүлдіршіндеріме қазақтың ұлттық әшекейлерімен таныстырып, олардың жасалу түрлерімен таныстырдым, балабақшадағы балаларға моншақты тізбектеп өткізудің өз пайдасы бар,ұсақ қол маторикасын дамытып,ой өрісін кеңейтеді.Ұлттық сана-сезімін кеңейтіп, потриоттық сезісге баулиды.
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Тақырыбы: мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру мақсаты арқылы қазақ халқының ұлттық әшекей- бұйымдарымен таныстыру.
Тәрбиешілер : Садвокасова В.А.,Смағұл П.А.
Костанай қ 2020 оқу жылы
.