Ортасы | Бірінші тапсырма: Оқушылардан алдыңғы сабақты еске түсіреміз, суретшілердің жұмыстарын қайталап, атап шығу керек.(Ұ) Мұғалім оқушыларға ұлттық бұйымдар мен олардың атауы мен қолданылуы туралы қарастыруды ұсынады. Ұсынылған бұйымдардың қайсысы сіздерге таныс? Олар қалай аталады? Олардың қолданылуын түсіндіріңіздер. Олар қандай материалдан жасалған? Формасы, түсі мен фактурасы қандай? Сабақ барысында бірнеше ұлттық заттарды жинақтау (ұлттық ыдыстар, музыкалық аспаптар, бас киімдер, және т.б.) оқушыларға оймен өзіндік композицияларын құрып, ұсынылған визуалды ақпараттан 2-3 затты таңдап, алдағы натюрмортта 2 D орналастыру. Заттарды оймен жазықтықта орналастыруды таңдап, оқушылар композиция құрастырады. Композиция құрастырып болған соң оқушылар оны қағаз бетіне түсіруді бастайды. Жұмыс барысында мұғалім жеке бастың гигиенасына, қауіпсіздік ережелеріне, материалдар мен құрал жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтауды басты назарға алады. Жұмыс орнын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Натюрморт: Сурет көшірмесі Айша Ғалымбаев «Дастархан» Анар Абжанова натюрморты Оқушылар алдыңғы сабақтара алған білімдерін қолдана заттар композициясын қағаз бетінде орналастыру ержелерін ескере отырып конструкциясын тұрғызады. Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмысын қатар қойып, арнайы қойылған нұсқамен дұрыс орналасқанын салыстырады. (Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі. Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. Альбомда эскиздерді орындау. | Дескриптор Бағалау критерийлері: - Сызықты портрет жасайды. -кейіпкердің мінезін жеткізеді. | Натюрморт: http://www.picture-russia.ru/genre/6 http://veta.kz/products/1247420 http://afisha.kz/news/vystavki/the_opening_of_a_personal_exhibition_gulfairus_ismailova/ Сурет көшірмесі Айша Ғалымбаев |