СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ұлтымның ұлы ұстазы"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ұлтымның ұлы ұстазы" танымдық сайысы 9-10-сыныптар арасында өткізілді. Бұл шара қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналды. Шарада ақын өмірі мен шығармаларынан сұрақтар қойылып, тапсырмалар орындалды. 

Просмотр содержимого документа
«"Ұлтымның ұлы ұстазы"»

Баделова Шолпан Баделқызы

Атырау облысы, Исатай ауданы

Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


«Ұлтымның ұлы ұстазы»

азақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткізілетін танымдық сайыстың бағдарламасы)


Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін дамыту, өз туған жерін, елін, ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, Алаш арыстарына деген құрмет сезімдерін ояту.


1-жүргізуші:

Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!Қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткізілген «Ұлтымның ұлы ұстазы» атты 9-10-сынып оқушылары арасында өтетін танымдық сайысқа қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Біздің мектебімізде биылғы оқу жылында да жыл сайынғы дәстүр бойынша 5-9 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай апталық өткен болатын. Биылғы Тілдер мерекесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен қатар келіп тұр. Ол, ең алдымен тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен өнерге деген көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мереке – ұлт тілдеріне құрмет көрсетілетін ортақ мейрам. Ендеше, сіздерді елімізде тойланып жатқан  осы Халықаралық тілдер күнімен құттықтаймын.


1-жүргізуші:

Iрi ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушi, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы, елi үшiн еңбегi зор.

Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы ғалым Ыбырай Алтынсариннен кейiнгi еңбегi ерекше ағартушы-педагог, сөз құдiретiн танытқан жаңаша ақын, қазақ баспасөз тiлiнiң ұлттық үлгiсiн көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесiн көрсетуге көп күш жұмсаған қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынұлы бала кезiнен сөз танып, оны ұғып, көркем сөздiң елде жоғары бағаланатынын сезiп өстi. Саналы өмiрге аяқ басқан кезiнен бастап, халық поэзиясын, Абай, Ыбырай шығармаларын, орыс әдебиетiн оқыды. Мұның бәрi қоғамдық ой-пiкiрде тынымсыз iзденген, өмiрге құштар Ахмет үшiн текке кетуi мүмкiн емес едi.

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!


2-жүргізуші:  

Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.


Бүгінгі танымдық сайыс 3 бөлімнен тұрады.

1-бөлім. «Зымыран сұрақтар»

(Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап беру.)

2-бөлім. «Адасқан әріптер»

(Берілген әріптерден сөздер құрау)

3-бөлім. «Мақал – сөздің мәйегі»


Сайысымыздың қазылар алқасы:

  1. Баделова Шолпан Баделқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі

  2. Тастемирова Амина Бисенғалиқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  3. Абилхайрова Алтынай Серікқалиқызы– қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  4. Сырымова Айгүл Көшәліқызы– қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  5. Иманбаева Аселхан Таңатарқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


1-жүргізуші:

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.


2-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.


Сайысымыздың 1-бөлімін бастаймыз. «Зымыран сұрақтар».

«Ахмет» тобына:

Сұрақтар:

1. Ахмет Қай жылы дүниеге келген? (1872 жыл, 5 қыркүйек)

2. Ахметтің алғашқы жыр жинағы? («Қырық мысал»)

3. А.Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі қай жылдан басталады. (1905 жыл)

5. Ахмет 1909 жылы Семей түрмесіне не үшін қамалды? (Қарақаралы петициясы)

6. Ахмет қандай газет ашқан? («Қазақ»)

7. Ахмет ашқан «Қазақ» газеті қай жылы жабылды? (1918 жылы)

8. Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылы қандай еңбек жазып шықты? (Оқу құралы»)


«Қырық мысал» тобына

1. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы» қандай ұйымға төралқа мүшесі болады? (Бакуде өткен «Бірінші Түркологиялық Құрылтайдың)

2. Ахмет Орынбор, Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қандай пәндерден сабақ берді. (қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы)

3. «Маса» жинағы қай жылы жарық көрді? (1911 жыл)

4. Ахмет Байтұрсынұыл қандай класскитердің шығармаларын қазақ тіліне аударды? (А. Пушкин, М. Лермонтов, Ф. Вольтер, С. Надсон)

5.«Әдебиет танытқыш» еңбегі қашан жарық көрді? (1926 жылы)

6.«Әдебиет танытқыш» еңбегі қандай еңбек? (ғылыми-теориялық)

7.«Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі еібегінде қандай ұғымдарға анықтама берді? (шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас)

8. Ахметтің мұғалімдерге арналған кітабы қалай аталады? («Баяншы»)

«Тіл – құрал» атты оқулығы неше бөлімнен тұрады? (3)


1-жүргізуші:


Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай ,Мұхтарсөйлеген дана тілім.

Қастерлейдіұл-қызыңмәңгісені

Болашағым, бақытым дара тілім.

2-жүргізуші:

Iрi ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушi, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы, елi үшiн еңбегi зор.

Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал», «Маса», «Жиған-терген», «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш» атты еңбектерін баршамыз білеміз. Қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениетінің дамуына орасан еңбек сіңірген Ахаңның әр сөзі ұрпаққа үлгі.


Сайысымыздың 2-бөлімі. «Адасқан әріптер»

(Берілген әріптерден сөздер құрау)


1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.


2-жүргізуші:

Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

Адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.


Сайысымыздың 3-бөлімі – «Мақал – сөздің мәйегі».


1-жүргізуші:

Сонымен құрметті оқушылар кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынов есімін атаудың өзі қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып отыр.Тау сілеміндей мол мұра оқырман қолына тие бастады. Қазақстан Республикасының арнаулы қаулысы бойынша республикамыздың әр жерінде шаруашылықтарға, мектептерге, көшелерге және Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Тіл білімі институтына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.

2-жүргізуші:

Сөйтіп, тарихи әділет, шындық салтанат құрды; халқының бостандығы, тәуелсіздігі, еркіндігі үшін тар заманда жан аямай күрескен ұлы азамат Ахмет Байтұрсынқлы ұлт күрескерлерінің сапына келіп қосылды.

Құрметтi оқушылар! Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған тақырыптық кешіміз осымен аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.