СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок №2 Аминқышқылдары

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың түрі жаңа сабақ түсіндіру.Оқушылардың ойлау қабілетін, ізденуін, қорытынды жасау, біліктіліктерін дамыту мақсатында өткіздім.

Просмотр содержимого документа
«Урок №2 Аминқышқылдары»


БҚОББ «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК





















Ашық сабақ

Тақырыбы: Аминқышлдары

Пәні. Химия



Химия пәнінің оқытушысы

Хатипова Райгуль Табылдиевна













Ашық сабақтың тақырыбы: Аминқышқылдары

Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушыларға аминқышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы теориялық білім беру және оны түсіндіру.

    2. Дамытушылық:Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдіру,ойлау қабілетін, ізденуін, қорытынды жасау біліктіліктерін дамыту

    3. Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Пәнаралық байланыс: биология

Сабақтың көрнекілігі:слайдтар,оқулықтар

Техникалық құралдар:компьютер,ММП


Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.


II.Үй тапсырмасын сұрау:


  1. Азотты органикалық қосылыстарға қандай қосылыстар жатады?

  2. Аминдер деп қандай заттарды айтамыз ?

  3. Аминдер қалай бөлінеді және жіктеледі?

  4. Аминдердің алынуы және физикалық қасиеттері қандай?

  5. Аминдердің негізділігі дегеніміз не?

  6. Анилинді алу реакциясы қалай аталады және анилиннің қасиеттерін кім айтып береді?

7. Аминдерді қайда қолданылады?


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ашық сабақтың тақырыбы: Аминқышқылдары (Слайд)


Сабақтың жоспары (Слайд)

1.Аминқышқылдарының құрылысы (Слайд)

2.Атаулары, изомерлері (Слайд)

3.Алу әдістері (Слайд)

4.Физикалық және химиялық қасиеттері (Слайд)

5.Қолданылуы (Слайд)

6.Оқушылардың презентациясы (Слайд)


Аминқышқылдары дегеніміз – молекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан амин тобы – NH2 және карбоксил тобы – СООН болатын заттар.

Оларды карбон қышқылдарының туындылыры деп қарастыруға болады, себебі молекула құрамындағы көмірсутек радикалдарындағы сутегі атомын аминтопшасы орнын басқан.


Амин қышқылдарының кейбір өкілдері


Қышқылдардың аты

Формуласы

Аминсірке

Аминпропион

Аминмай

Аминвалериан

Аминкапрон

Аминэнант

H2N – CH2 – COOH

H2N – CH2 – CH2 – COOH

H2N – CH2 - CH2 – CH2 – COOH

H2N – CH2 – CH2 – CH2 - CH2 - COOH

H2N – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – COOH

H2N – CH2 – CH2 – CH2 –CH2 – CH2 – CH2 – COOH


Атаулары және изомерлері:

а) халықаралық

Халықаралықатаулар жүйесі бойынша қышқылдардың атына сәйкес тізбектегі амин тобының орны цифрмен көрсетіледі.

Мысалы:

О

6 5 4 3 2 1 //

СН3 –СН2 – СН2 – СН2 – СН – С

| \

NH2 ОН

2 – амин капрон (гексан) қышқылы

ә) рационалды

Аминқышқылдары тарихи қалыптасқан жүйе бойынша атау үшін карбоксил тобынан кейінгі көміртектен бастап, грек әріптерімен белгілейді де, сол әріптердің көмегімен амин тобының орнын көрсетеді.

Мысалы:

О

ε σ γ β α //

СН3 –СН2 – СН2 – СН2 – СН – С

| \

NH2 ОН

α – аминқышқылы капрон (гексан) қышқылы


б) тривиалды

Одан басқа табиғатта кездесетін түрлерінің тривиалдық атаулары да болады.

Мысалы: NH2–CH2 – COOH – глицин (аминсірке қышқылы)


О

//

СН3 –СН2 – С

| \

NH2 ОН

аланин (α- аминпропион қышқылы)


Біздің қарастырғанымыз құрамында бір амин тобы – NH2 және бір карбоксил тобы - CООН бар қарапайым, қаныққан қатардағы аминқышқылдар. Оларды молекула құрамындағы радикалдың сутек атомының біреуінің орнын – NH2 амин тобы басқан карбон қышқылдары деп қарауға болады.

Аминқышқылдары – гетерофункционалды қосылыстар

– NH2 амин тобы

– COOH карбоксил тобы

– SН тиол тобы

– ОН гидроксил тобы






Алу әдістері:


1. Практикада аминқышқылдарын көбіне белоктарды гидролиздеу арқылы алады, ал қоспадан бөліп алу үшін хромотаграфия әдісі қолданылады.

2. Синтездік алыну әдісі органикалық заттар арасындағы генетикалық байланысқа негізделген:

СН3СООН + Сl2  СН2 – СООН + НСl

сірке қышқылы Сl

хлорсірке қышқылы


СН2 – СООН + NH3  CH2 – CООН + НСl

| |

Cl NH2

хлорсірке қышқылы аминсірке қышқылы



Физикалық қасиеттері:

Аминқышқылдыры – суда жақсы еритін түссіз кристалл заттар, жоғары температурада балқып, ыдырайды. Спиртте нашар ериді және эфирде тіпті ерімейді.Көпшілік α – аминқышқылдарының дәмі тәтті болады.


Химиялық қасиеттері:

Аминқышқылдарында екі түрлі функционалдық топтар болғандықтан, химиялық қасиеттерін төмендегідей жіктеп қарастырамыз:

Аминқышқылдары әр түрлі қасиет көрсететін екі функционалдық топтары бар екідайлы қосылыстар.Амин тобы негіздік, ал карбоксил тобы қышқылдық қасиет көсетеді.

1.Бір аминқышқылың өзінде карбоксил тобындағы сутек атомы амин тобына ауысып, аминқышқылдарының ерітіндісі бейтарап орта көрсетеді, нәтижесінде, биполярлы иондар түзіледі:

+ -

2-СН2-СООН = NН3-СН2-СОО


биполярлы ион


2.Негіздермен әрекеттесуі (қышқыл ретінде):


Н2С – СООН + NаОН  Н2С – СООNа + Н2О

| |

NH2 NH2


α- аминсірке қышқылы α- аминсірке қышқылының

(глицин) натрий тұзы( глицинді натрий тұзы)



3.Қышқылдармен әрекеттесуі (негіз ретінде):

+

O

//

Н2С – СООН + Н+Cl-  H2C – C Cl -

| | \

NH2 NH3 OH

α-аминсірке қышқылы аминсірке қышқылының

(глицин) хлориді (тұз)


Сөйтіп аминқышқылдары екі жақты қасиет көрсететін органикалық екідайлы қосылыстар.

4.Спирттермен әрекеттесуі:


O O

// //

Н2N – CH2 – C + С2Н5ОН  H2N – CH2 - C

\ \

OH 2Н5

α-аминсірке қышқылы этил спирті α-аминсірке қышқылының этил

эфирі




5.Аминқышқылдары өзара әрекеттесіп, пептидтер түзеді:

О Н

|| |

NH2– CH2 – C + N – CH2 – COOH 

| |

ОН Н

α-аминсірке қышқылы α-аминсірке қышқылы

( глицин) (глицин)


_ _ _

О Н

|| |

NH2–CH2 –C– N – CH2 – COOH + H2O

_ _ _

пептидтік (амидтік) байланыс

дипептид

( глицилглицин )

Аминқышқылдары өзара әректтескенде түзілген:


О H

| |

– С – N –

байланысты пептидтік немесе амидтік байланыс деп аталады. Түзілген қосылысты бірінші қышқылдың тривиалдық атына –ил – жұрнағын жалғап, соңғысын сол қалпында қосып атайды.

Түзілген затта амин және карбоксил тобы болғандықтан, ол екі жағынан тағы да аминқышқылдарын қосып алады. Осындай реакция нәтижесінде көп аминқышқылды буындары бар молекулалар түзіледі. Олар полипептидтер деп аталады.

Аминқышқылдарының маңызы.

Аминқышқылдары адам және жануарлар организмінде белоктың құрамына кіретін тіршілік үшін аса маңызды заттар.Бұл мақсат үшін аминқышқылдарын тікелей тағамнан алады немесе организм өзі синтездейді. Осыған байланысты аминқышқылдары екі топқа бөлінеді:

  1. алмасатын аминқышқылдары- саны – 11. Адам организмінде синтезделеді.

  2. алмаспайтын аминқышқылдары- саны – 9. Адам организмінде синтезделмейді, жануар текті белоктары бар тағам арқылы қабылданады.

Алмасатын аминқышқылдары

Алмаспайтын аминқышқылдары

1.Глицин

1.Валин

2.Аланин

2.Лейцин

3.Глутамин

3.Изолейцин

4.Серин

4.Треонин

5.Аспарагин

5.Метионин

6.Тирозин

6.Фенилаланин

7.Аргинин

7.Триптофан

8.Пролин

8.Лизин

9.Оксипролин

9.Гистидин

10.Цистеин


11.Цистин




Белоктың құрамына кіретін аминқышқылдарының жалпы формуласы:


R – CH – COOH


NH2



Осы кезге дейін белок құрамынан 20 шақты α - аминқышқылдары табылған. Олар тіршіліктің негізін құрайтын заттар.


IV. Сабақты бекіту:

Қорытындылау:

1.Аминқышқылдарының құрамында қасиеттері бір-біріне қарама-қарсы екі функционалдық (амин және карбоксил) топтары бар.

2.Амфотерлі органикалық қосылыстар.

3.Халықаралық, рационалды және тривиалды номенклатура бойынша атайды.

4.Гетерофункционалды қосылыстар.

5.Биполярлы иондар, күрделі эфирлер және полипептидтер түзеді.

6.Аминқышқылдарының тіршілік үшін маңызы зор.

Жаттығулар мен есептер:

1.Берілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңдар

а) α-амин-γ-метилвалериан қышқылы

ә) α,δ диаминовалериан қышқылы

б) α- амино-β-фенилпропион қышқылы


2.Валиннің метил эфирін қалай алуға болады? Реакция теңдеуін жазыңдар.


3.Берілген өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

С2Н4→С2Н2→СН3СОН→СН3СООН→СН2-СООН→ СН2-СООН

| |

СI NН2

4.Тест тапсырма.


V. Үйге тапсырма беру:

§ 13.3. Аминқышқылдары. 250-257 беттер;

255 бетте 3,5-жаттығулар,8-есеп.


















Тест тапсырма


1.Азотты органикалық қосылыстарға жатпайды:

а) аминдер

в) аминқышқылдар

с) нуклеин қышқылдар

д) алкиндер


2.Аминдердің жалпы формуласы:

а) R-СООН

в) NН2-R -СООН

с) R –NО2

д) R -NН2


3.Келесі қосылысты атаңдар СН3-СН2-СООNа:

|

2

а) β - аминсірке қышқылының Nа тұзы

в) β - аминпропион қышқылының Nа тұзы

с) α –аминпропион қышқылының Nа тұзы

д) α -аминсірке қышқылының Nа тұзы


4.2-аминбутанқышқылы мен аммиак әрекеттескенде қандай өнім түзіледі?

а) δ- аминмай қышқылы

в) β –аминмай қышқылы

с) α – аминмай қышқылы

д) γ –аминмай қышқылы



5.Аминқышқылдарына қандай физикалық қасиеттер жатпайды?

а) суда жақсы ериді

в) газ тәрізді заттар

с) кристалл заттар

д) түссіз

6. Неліктен аминқышқылдары амфотерлі заттар болып табылады?

а) құрамында амин және карбоксил тобы бар

в) құрамында азоты бар қосылыс болғандықтан

с) сумен әрекеттеседі

д) қышқылдармен әрекеттеседі


7.Глицин мен валин амин қышқылдарының әрекеттесуінен түзілген өнімді қалай атайды?

а) тұз

в) амин қышқылы

с) дипептид

д) қышқыл


8. Амин қышқылдары әрекеттеспейді:

а) негіздермен

в) спирттермен

с) қышқылдармен

д) қаныққан көмірсутектермен


9.Төменде берілген формуланың қайсысы α-аминопропион қышқылына сәйкес келеді?

а) СН3-СН( NН2)-СООН

в) СН3-СН(NН2)-СН2-СООН

с) NН2-СН2-СН2-СООН

д) СI –СН2-СН2(NН2)-СООН


10. Берілген аминқышқыл қандай қасиет көрсетеді?

2- СН2-СН( NН2)-СООН

а) бейтарап

в) негіздік

с) қышқылдық

д) ешқандай


Жауаптары


1

д

2

д

3

с

4

с

5

в

6

а

7

с

8

д

9

а

10

в

Критерий: 8-10 «5»

6-7 «4»

5-4 «3»

3-1 «2»