СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок коучинг семинар по казахскому языку

Нажмите, чтобы узнать подробности

коучинг для учителей  по теме "Көшбасшылык кәсіптің қайнар көзі"

Просмотр содержимого документа
«Урок коучинг семинар по казахскому языку»

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ СЕМИНАРДЫҢ КОУЧИНГІ











Тақырыбы: «Көшбасшылық - кәсіби дамудың қуатты көзі»





Коуч: Г.Ш.Асаинова

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі







Железин ауданы

2019 жылы





ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ СЕМИНАРДЫҢ КОУЧИНГІ

2019жылы ___ қараша Категориясы: мұғалімдерге

Коучтің аты - жөні: Асаинова Гульмира Шакаровна

Тақырыбы: Көшбасшылық - кәсіби дамудың қуатты көзі



Мақсаты: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы қатысушылардың қарым - қатынастарын реттеу, топтық жұмыстарда жан - жақты талдаулар жүргізу арқылы көшбасшылық қызметін анықтап, шешім қабылдауға баулу.

Нәтижесі: Оқытудағы көшбасшылықтың маңыздылығын анықталады, көшбасшылықтың түрлерімен танысады, мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттері қалыптасады, кәсіби дамудың қуатты көзі екендігіне көзі жетеді



Сілтемелер: , үлестірмелі материалдар, бейнесюжеттер

Ресурстар: А - 4 парақтары, стикер, интербелсенді тақта, слайд маркер, қалам. смайлик



1. Ұйымдастыру кезеңі



Мұғалімдерді қиылған сөздерден сөйлем құрастыру арқылы 3 - топқа бөліну

Психологиялық ахуал туғызу

1. Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Көшемет» тренингін ұйымдастырамын.Таныстыру

2. Ой қозғау.

Құрметті әріптестер, қалай ойлайсыздар, бүгінгі білім жүйесіндегі білім беруде мұғалімнің рөлі қаншалықты?



Интербелсенді тақта



Бейне ролик көрсету



Көшбасшылыққа жетудің кедергілері қандай?



Керемет басшы қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

Қазіргі экономикалық жағдайда сіздің пікіріңізше, білім беру менеджеріне қандай қасиеттер тән болуы керек?

Көшбасшыдан не үйренуді қалайсыз?



Көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады.



Көшбасшылық ерекшеліктерін өз тәжірибелерінде қолданады.



Топқа бөлу (слайд)



«Кілттік сөздер» әдісі бойынша «Бұл кімдер?» сұрағы арқылы ой қозғалады.

3 Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»

Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық. Әріптестердің арқасында ілінген ақ қағазға, өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі.

4. Топтық жұмыс Постер жасау

Мәтін таратылып беріледі,

(тақырыпты ашып түсіндіремін)

Жауаптарды қорыту:

- Үш ұлы адам бойынан осы қасиеттер табыла ма?



Басқа топтың постерін бағалау - түрлі смайликтерден біреуін таңдап, неге осындай смайлмен бағалағандарын түсіндіру қажет.

5 «Жасырылған мамандықты тап!» жаттығуы

Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 — топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербалды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.



6 «Әріпті мамандық» ойыны

Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарының қыр — сырын айту керек.

Мысалы:

І топ: «А», ІІ топ: «К», ІІІ топ: «Ж», ІІІ І топ: «Б».

Агроном күзетші журналист биолог

7. Сергіту сәті «Хор»

4 адам бір мезгілде өлеңнің 4 тармағын қатар айтады, бір адам қай өлең екенін анықтайды.

8. « Басымдылық пирамидасы» бойынша жұмыс

«Білім беру менеджер» тақырыбы бойынша

Тапсырманы топтарға таратып беремін, түсіндіремін.

Топтастыру арқылы тақырыпты тұжырымдау.

9. Психологиялық жағдаят шешу

Үш топқа үш тапсырма беремін, шартын түсіндіремін.







10.«Аяқталмаған сөйлем» әдісі Сөйлемдерді аяқтаңыздар:

І топ. Көшбасшы - ол...

Көшбасшы болу үшін...

ІІ топ. Көшбасшы алдымен,...

Көшбасшы үшін тән қасиет...

ІІІ топ. Көшбасшы болып тумайды, ол қалыптасады, себебі...

Мен көшбасшыға мына жайды ескеруін өтінемін.



11. Бағалау.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау



12. Рефлексия

«Тілек ағашы»

Стикерлер арқылы мұғалімдер ойларын білдіреді.