Сабақ №36 | Биология Күні:13.01.17 Сыныбы: 7 «в» |
Тақырыбы | Аралар мен құмырсқалар |
Оқу мақсаты | Аралар мен құмырсқалардың тіршілігі мен отбасы құру ерекшеліктерін және мінез-құлықтары мен түйсігі жайлы мәлімет алу. Пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын іздену, құру және салыстыруға тапсырмалар беру арқылы дамыту. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы білу, өмірде қолдана білуге үйрету және оларды қорғауға тәрбиелеу. |
Алдыңғы оқу | Шала түрленіп даму |
Оқу-нәтижелері | 1.Оқушылардың барлығы: аралар мен құмырсқалардың құрылысы мен көбею жолдарын сипаттайды, тіршілігі мен танысады. 2.Басым бөлігі: аралар мен құмырсқалардың өзіндік ерекшеліктерін біледі. 3. Кейбір оқушылар: аралар мен құмырсқалардың көбеюі мен тіршілік ортасымен танысады |
Ресурстар | Биология оқулығы 7-сынып, Әдістемелік оқу құралы.Күнтізбелік жоспар |
Әдіс-тәсілдер | СТО, диалогтік оқыту, АКТ,ОүБ, түсіндіру, баяндау, топтық жұмыс, оқулықпе жұмыс |
Көрнекіліктер | Интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, постер, слайдтар, видеороликтер, смайликтер, сызбалар |
Жоспар
Басталуы
Сыныппен амандасу.
Топқа бөлу/ карточкалар арқылы/
Топқа бөлінгеннен кейін пазл құрастыру арқылы топ аттарын шығарады.
І топ Жирен құмырсқалар
ІІ топ Жұмысшы құмырсқалар
ІІІ топ Жауынгер құмырсақалар
ІV топ Орман құмырсқалар
Ынтымақтастық атмосферасын құру, оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Балалар бүгінгі сабақты бастуадын бұрын ереже қабылдап алайық:
Сабақта тәртіпті сақтау
Өз ойларымызбен еркін бөлісу
Бір-бірімізге көмек көрсету
Бір-бірімізді тыңдау
Ал енді балалар үйге берліген тапсырманы жұлдызшаларды таңдау арқылы сұраймын. Таңдаған ұяшықтарыңа байланысты жұлдызша беріледі.
1-Ұяшық Бунақденелілер класынды неше отряд бар? /35/
2-Ұяшық. Бунақденелілердің дене бөлімдерін ата? /бас, көкірек, құрсақ/
3-ұяшық Бунақденелілер неше жолмен дамиды? /3/
4-ұяшық Бунақденелілерді зерттейтін ғылым? /энтомология/
«Миға шабуыл»
1.Бунақденелілердің қанша түрі бар? (700000)
2. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым (энтомология)
3. Зәр шығару жүйесі (мальпиги)
4. Көкірек бөлігінде не орналасқан? (қанат пен аяқ)
5. Бунақденелілердің денесі неше бөліктен тұрады?(3)
6. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі (трахея)
7. Ересек жәндік қалай аталады? (имаго)
«Қызығушылығын ояту»
Жұмбақтың жауабын шеш
1.Екі басты жұдырықтай,Ортасы қылдырықтай /құмырсқа/
2.Тыру-тыру тырналас,Тауға қарай жорғалар /ара/
3.Бірі ағаш кесу құралы, бірі шырынды бал бұлағы /ара/
4. Иісшіл ит емес, ұшады құс емес /шыбын/
Ортасы
Қысқаша түсінік беремін
Құмырсқалар топтасып (10-100 мыңы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Құмырсқа илеуінің жер үстінде көрініп жатқан төмпешігі (илеуі) ұяның бір бөлігі ғана.Төмпешікте ұяның ішіне кіретін бірнеше тесіктері бар. Илеуді төмпешік сияқты етіп жасауының өзінде үлкен мән бар: жаңбыр суы тез ағып кетеді,күн сәулесі тез қыздырады. Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар – феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды
Ұядағы әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Бір маусымда ара ұясы 100-200 келі бал жинайды. Яғни дала кезіп тынымсыз сірне таситын жұмысшы ересек ара аптасына 6-7 келі балды қорға қосады. Аса шебер Алла тағала өз құдыретімен араның ауыз қуысын бал жасау үдерісінің алғашқы буыны өтетін кішігірім «цех» етіп қойған.
Ондағы қалыпты жылу деңгейі ауыз қуысындағы шырындардың біртіндеп балға айналуының алғашқы әрекеттеріне жағдай жасайды. Құдды бір ұшып жүрген тірі зауыт. Ал ұяда жас аралар сірнені тор көзшелерге салып, желдетіп, артық ылғалын жояды. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды. Көзшелер балға толғаннан кейін, оны балауыз қақпақшамен жабады.
Тақырыпты 4 топқа бөліп беремін 8 минуттың ішінде олар постер дайындайды.
1-топ Аралардың тіршілігі
2-топ Құмырсқалардың тіршілігі
3топ Еңбекқор құмырсқалар
4-топ Жұмысшы аралар
Суреттерді көрсетемін
Аяқталуы
Тұқым тобының даралары | Құмырсқа | Аралар |
Аналық | | |
Аталық | | |
Жұмысшы | | |
Кестені салыстырыңыздар
Балдың шипасы:
Жөтелге
Тіс ауруларына
Остеохондрозға пайдалы
Рефлексия
Бағалау
«Бес саусақ әдісі»
Бір бет қағазға сол қолды бастырады.Әр саусақ өз ойыңды білдіретін қандайда бір бағдар
Бас бармақ-мен үшін маңыздды және қызықты
Екінші бармақ-сұраққа толық нұсқау алдым
Ортаңғы бармақ-маған қиын болды/маған ұнаған жоқ/
Төртінші бармақ-менің психологиялық ортаны бағалауым
Кішкентай бармақ-мен үшін жеткіліксіз болды.