Мотивациялық- қозғаушы
| Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Қәне айларды атаңдаршы? -Өте дұрыс,айтасыңдар. –Балалар,өткен ұйымдастырылған оқу-іс әрекетімізде нелерді үйрендік? -Иә,үй жануарларын атайықшы? - Жарайсыңдар,ендеше балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын. Аяғы жоқ жүрмейді Қанаты жоқ ұшпайды.( балык) Суда онын өмірі, Суда-онын,қорегі.(балык) -Ал,балалар бүгінгі оқу-іс әрекетімізде дәл осы балықтар туралы болмақ. Тәрбиеші балықтардың тіршілігімен, сан алуан түрімен таныстырады: сазан, бекіре, мөңке, жайын т.б. | - Қазір жылдың күз мезгілі. – Күз мезгілінде үш ай бар. – Қыркүйек, қазан, қараша. - Үй жануарларды. - Сиыр, қой, тауық, ит, т.б.
– Сазан, бекіре, мөңке, жайын,-деп қайталайды. |
Іздену- ұйымдастырушы | Тәрбиеші балалардың назарын үлестірмелі материалдағы «Теңіз асты патшалығы» сюжетті суретке аударуларын сұрайды. – Мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
- Теңіз астында ешнәрсе жоқ екен. Кәне, су асты бос болмас үшін ішіне балықтарды, ұлуды, ракушка және балдырларды жасап жіберейік. Билингвальды компонент: су-вода, балық - рыба. | -Су астындағы балықтарды, ұлуды, тастарды және шөптерді көріп тұрмыз. Балалар қуана келіседі. Балалар «су-вода», «балық – рыба» сөздерін қайталайды. Балалар тапсырма бойынша жұмыс жасайды. |
Іздену- ұйымдастырушы | -Суда жүзіп жүрген балықтарды көргендерің бар ма? - Хайуанаттар бағында болдыңдар ма? Хайуанаттар бағында жан-жануарлар, құстар, аңдардың және жәндіктердің түр-түрі бар. Адамдар барып оларды тамашалайды. Міне, сол жерде аквариумдарда неше түрлі балықтар бар. Онда неше түрлі балықтар мен теңіз жәндіктерін күтіп баптайды. Үйде кішігірім балықтары бар аквариумдар болады. – Балалар, кімнің үйінде аквариум бар? Сергіту сәті. Балық болып жүземіз, Шынығамыз суда біз! Шынықсақ біз бәріміз, Шымыр болып өсеміз! Дидактикалық ойын: «Түстерді балықтарға ретіне қарай орналастыр» Ойынның шарты: Балықтардың суреттері берілген. Қажетті түстерді балықтарға орналастыру.
Ұжымдық жұмыс: - Ендеше, теңіз асты патшалығына балықтарымызды, ұлуды, ракушканы, балдырларды орналастырайық. Осы кезде үнтаспадан сылдырлап аққан судың даусы естіледі. Тәрбиеші жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі. |
-Ия, көрдік. Балалар әртүрлі жауап береді.
Балалар тәрбиешінің көрсеткен сергіту жаттығуын орындайды.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар көк түсті қағазға қиып алған балықтарды, ұлуды, ракушканы және балдырларды жапсырады. |
Рефлексті- коррекциялаушы | -Біз бүгінгі оқу іс-әрекетінен не білдік? Судың астында қандай жәндіктер тіршілік етеді екен? - Жасаған жұмыстарың ұнады ма? Қоштасу шеңбері: Ақ балық-ау,ақ балық, Үркек балық,сақ балық, Суды үнемдеп тазалап, Балықтарды сақталық. | -Теңіз астында неше түрлі жәндіктер тіршілік ететінін білдік. Судың астында балықтар, әртүрлі шаяндар, ұлулар тіршілік етеді екен. – Ия, өте әдемі болды. Балалар шеңберге тұрып, өлеңді айтады. |