Осы сабақта қол жеткізілетін оқу | 7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу. 7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды. Сұрақтар құрастыра алады. Жауап береді. Білім алушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді,нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді. Кейбір білім алушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға нақты жауап береді. Ақпаратты анықтауға бағытталғансұрақтар құрастырады. |
Басы | Қызығушылықты ояту. «Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Менің хоббиім» тақырыбында өз қызығушылығы туралы ой бөліседі. «Балалық шақтан қызықты оқиға» Мақсаты: эмпатияны дамыту. Нұсқаулық: «Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді. Талдау: Өздеріңізді қалай сезінудесіз? Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Ұялы телефон Және интернет желілері Кітап |
Ортасы | Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді. Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді 1-тапсырма .Берілген нақыл сөздерді түсініп оқып ,тілдің қоғамда қаншалықты қажеттілігін түсіндіріңдер. Ана тілің –арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл,- Өз тіліңді құрметте. (Қ.Мырза Әли) 2-тапсырма. Берілген диалогті оқып , өзара сөйлесіңдер. -Сәлем ,достым! -Сәлем! Не оқып отырсың? -Мен қазақ тілінен қосымша курсқа барып жүрмін , сол тапсырмаларды орындап отырмын. -Ия, қазақ тілін білу-бізге парыз. -Бірақ мен әлі де кей сөздерді түсіне алмаймын. -Үйреніп кетесің. Мен қазақ тілін жақсы білемін,қазір ағылшын тілінің курсына барып жүрмін. - Дұрыс . Бірнеше тіл білген жақсы ғой. -Ия, «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте » деп дұрыс айтылған. 3- тапсырма. Тақырыпқа байланысты үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар . | Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады | Смайликтер арқылы ҚБ өзін-өзі бағалау ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай» Бағалау парақшасын толтырады. ҚБ Бағдаршам | Слайдар Ашық сұрап-жауаптар |
Сабақтың соңы | Үйге тапсырма: «Қазақ әдебиеті» оқулығының хрестоматиясынан немесе балалар энциклопедияларынан ұлттық киім атауы бар мәтін тауып, ондағы зат есімдерге көптік, тәуелдік жалғауларын жалғаңдар. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |