СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок по обновленному содержанию образования РК "Қазақстан көлдері"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ тақырыбы

  Қазақстан көлдері

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Қазақстан көлдері жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Урок по обновленному содержанию образования РК "Қазақстан көлдері"»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


5-тақырып. Су — тіршілік көзі


Мектеп: Затобол орта мектебі № 2


Мұғалімнің аты-жөні :

Күні:


Сынып: 5

Сабақ 7*8

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан көлдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Қазақстан көлдері жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Қазақстан көлдерін атайды, мәлімет береді.

Жетістік критерий- лері:

Жаңа сөздер:

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Қазақстан көлдері жайлы айтады, сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Алғашқы дәуір, көне, бұғаз, бастау, балшық, айқын.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, А4 парағы мен маркерлер, парақшалар, түрлі- түсті қарындаштар мен фломастерлер, карточкалар.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, ассоциаграмма, фотоколлаж, «Атаулар кестесі» тәсілі, сергіту жаттығуы, диаграмма , «Шағын шолу» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Балалар энциклопедиясы», 2-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.




Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылар-мен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алып, аманда- сады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. «Балалар

энциклопедиясынан» («Балалар энциклопедиясы», 2-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-126 бет) көлге қатысты мәліметтерді оқиды, оқушылармен бірге талдай- ды. «Көл» сөзіне ассоциаграмма құратады.

... Көл — құрылықтағы ойыстарды толтыратын табиғи су қоймасы. Жер шарының ең ірі көлі — Каспий теңізі, ең терең көлі — Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км.

Слайдтарды сипаттайды, судың пайда- сына қатысты мәліметтерді талдайды, ассоциаграмма құрайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айты- луымен ауызша жаттығу жүргізеді.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Өзі білетін Қазақстандағы көлдерді диаграммаға жазады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, тақырып қояды, жоспар құрады.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға сан есімдерді қолданып, жауап береді.

Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды, сөйлемді жазады.


4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады. «Қазақстанның көлдері» деген тақырыпта фотоколлаж дайында- тады.

«Қазақстанның көлдері» деген тақы- рыпта фотоколлаж дайындайды, сыныпта қорғайды.











Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Мәтінсоңы жұмыс. Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпа- ратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтін құрайды.

IV. Бекіту

Мұғалім оқушыларға «Атаулар кестесі» тәсілін пайдалану арқылы көл мен өзенге сипаттама бергізеді.

Көл мен өзенді сипаттайды.


V. Бағалау


Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.


Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім күннің шапақтары салынған карточка таратады.

Күннің шапақтарына сабақта не үйренгендерін жазады.