Тақырыбы: Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие – Мәңгілік елдің кепілі
Мақсаты:
Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Сабақ әнұран айтумен басталады.
Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.
«Менің мақсатым». Әр оқушы биылғы оқу жылында өзінің алдына қандай мақсат қоятындарын стикерге жазады. Өз еркімен өз мақсатын жариялағысы келген оқушылар оқып беріп, сол мақсаттарын арман ағашына орналастырады.
Әр адамның өз алдына қоятын мақсаты болады. Ол үлкен болуы немесе тез арада орындалуы да мүмкін. Біздің әрқайсысымыз үлкен гүлденген мемлекетіміздің кішкентай бөлшегіміз. Біз - біртұтас елміз! Олай болса, біздің еліміздің де алдына қойған үлкен мақсаттары бар. Ол – бірлік, даму және ел қамы үшін көркею.
-Қымбатты оқушылар!
Бүгінгі Білім күні сабағымызда болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін мақсат бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамыз бой көтерді. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры -ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа айналып келеді. Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды. Елбасымыз Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Біз, қазақ халқы өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Оқушы:
1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, әнұран.
Оқушы:
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
Оқушы:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Оқушы:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Оқушы:
Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол – тынысы
Кең жазира даламның.
Ән «Көк тудың желбірегені».
Отан деген немене? (топтастыру)
Ой қозғау:
- Біздің Отанымыз қай ел?
- Қазақстан.
- ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?
- ҚР – ның мемлекеттік тілі қазақ тілі.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Еліміздің Ордасы қай қала?
- Астана.
- Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды?
- 30 тамыз.
- Бүгін қандай күн?
- 1қыркүйек - Білім күні.
- Ал тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
- 16 желтоқсан 1991 жыл.
- Ал, балалар биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл ?
- 27 Жыл.
Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
Тудың авторын атаңыз.
Елтаңбаның авторы кім?
Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
Ата заңымыз қашан қабылданды ?(1995ж.30тамызда, )
Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
Ой қозғау пікірталас
- Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер?
-Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай?
-Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің?
Оқушы:
«Мәңгілік ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.
Оқушы:
«Мәңгілік ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.
Оқушы:
«Мәңгілік ел» – бұл атамекенімізге деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
«Мәңгілік Ел» тақырыбына арналған слайд көрсету.
Ал, балалар Отан, ел, жер туралы сендер қандай өлең, мақал-мәтелдер білесіңдер?
Бекіту.
Президент көп айтты, көпке арнап айтты. Ақырын да айтты, батырып та айтты, 2025 жылы латын әрпіне толық көшеміз. Қазақтың тілі түбінде үстемдік етеді. Бұл жолдау алысқа меңзейді, 2050 жылды көздейді. Оған дейін талай-талай уақыт өтер, талай өзен ағып кетер. Қазір қазақ іргесін мықтады, есін жиды, етегін қымтады. Ендігі жол – өсу жолы. Бұл ХХІ ғасыр Қоңыр мінез қазақ баласы үшін алтын дәуір болар – ау.
Ынтымағы орнаған елдің болашағы да берекелі болмақ.
Сабақты қорытындылау мақсатында балаларға бір-бір сөзден беріледі. Сол сөздерді пайдалана отырып, әр оқушы өз елімізге деген тілектерін білдіреді. Өз тілектері жазылған стикерлерді «Мәңгілік ел» плакатына жабыстырады.
-Қымбатты оқушылар, міне біз бүгінгі білім күні Қазақстан –бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы сіздер екендігін түсінді деп сенемін.
3 класс
1. | Қазақ тілі. Оқулық. 1, 2 бөлім + CD (1, 2 бөлім) | Ә. Жұмабаева, Г. Уайсова, Г. Сәдуақас (CD - Б. Сабденова) | 2018 | Атамұра |
2. | Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. 1, 2 бөлім | Ә. Жұмабаева, М. Оспанбекова | 2018 | Атамұра |
3. | Қазақ тілі. Диктанттар жинағы | Г. Уайсова, А. Бесірова | 2018 | Атамұра |
4. | Қазақ тілі. № 1, 2, 3, 4 жұмыс дәптері | Ә. Жұмабаева, А. Амирова, М. Оспанбекова | 2018 | Атамұра |
5. | Әдебиеттік оқу. Оқулық. 1, 2 -бөлім + CD (1, 2бөлім) | Б. Қабатай, У. Зейнетоллина, В. Қалиева | 2018 | Атамұра |
6. | Әдебиеттік оқу. Оқыту әдістемесі. 1, 2-бөлім | Б. Қабатай, В. Қалиева | 2018 | Атамұра |
7. | Әдебиеттік оқу. Хрестоматия | Б. Қабатай | 2018 | Атамұра |
8. | Әдебиеттік оқу. № 1, 2 жұмыс дәптері | В. Қалиева | 2018 | Атамұра |
9. | Русский язык. Учебник 1, 2 часть + CD | Калашникова Т., Султанова А., Беспалова Р., Карпыкова Г. | 2018 | Алматыкітап |
10. | Русский язык. Методическое руководство. Электронный вариант | Карлова О., Гунько Н. | 2018 | Алматыкітап |
11. | Русский язык. Рабочая тетрадь № 1, 2 | Калашникова Т., Беспалова Р. | 2018 | Алматыкітап |
12. | Математика. Оқулық + CD. 1, 2, 3, 4 бөлім | Ә. Ақпаева, Л. Лебедева, М. Мыңжасарова, Т. Лихобабенко | 2018 | Алматыкітап |
13. | Математика. Әдістемелік нұсқау + CD. Электронды нұсқа | Ә. Ақпаева, Л. Лебедева, М. Мыңжасарова, Т. Лихобабенко | 2018 | Алматыкітап |
14. | Математика. № 1, 2, 3, 4 жұмыс дәптері | А. Ақпаева, Л. Лебедева, М. Мыңжасарова | 2018 | Алматыкітап |
15. | Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар. Оқулық + CD | Г. Көпеева, Ү. Ділманова | 2018 | Арман-ПВ |
16. | Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар. Мұғалім кітабы | Г. Көпеева | 2018 | Арман-ПВ |
17. | Ақпараттық - коммуникациялық технология. Жұмыс дәптері | Г. Көпеева | 2018 | Арман-ПВ |
18. | Жаратылыстану. Оқулық. 1, 2 бөлім | Т. Андриянова, В. Беркало, Н. Жакупова, С. Кузнецова, А. Полежаева | 2018 | «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ |
19. | Жаратылыстану. Мұғалімге арналған нұсқаулық | Т. Андриянова, В. Беркало, Н. Жакупова, С. Кузнецова, А. Полежаева | 2018 | «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ |
20. | Жаратылыстану. Жұмыс дәптері. 1, 2 бөлім | Т. Андриянова, В. Беркало, Н. Жакупова, С. Кузнецова, А. Полежаева | 2018 | «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ |
21. | Дүниетану. Оқулық | Б. Тұрмашева, С. Салиш, В. Пугач | 2018 | Атамұра |
22. | Дүниетану. Оқыту әдістемесі + CD | Б. Тұрмашева, С. Салиш, В. Пугач | 2018 | Атамұра |
23. | Дүниетану. Оқушы дәптері | Б. Тұрмашева, С. Салиш, В. Пугач | 2018 | Атамұра |
24. | Музыка. Оқулық | Ш. Құлманова, Б. Сүлейменова, Т. Тоқжанов, Ж. Махамбетова | 2018 | Атамұра |
25. | Музыка. Оқыту әдістемесі | Ш. Құлманова, Б. Сүлейменова | 2018 | Атамұра |
26. | Музыка. Фонохрестоматия | Ш. Құлманова, Б. Сүлейменова, Н. Мирманов | 2018 | Атамұра |
27. | Музыка. Нота хрестоматиясы | Құраст.: Ш. Құлманова, Б. Сүлейменова, Н. Мирманов, Ә. Бүшікова | 2018 | Атамұра |
28. | Көркем еңбек. Оқулық | Н. Раупова, Ә. Төлебиев, Е. Дашкевич | 2018 | Атамұра |
29. | Көркем еңбек. Оқыту әдістемесі + CD | Н. Раупова | 2018 | Атамұра |
30. | Көркем еңбек. № 1, 2 жұмыс дәптері | Н. Раупова | 2018 | Атамұра |
31. | Өзін-өзі тану. Оқулық | Р. Ізғұттынова, Р. Мұратханова, Ә. Оралбекова | 2018 | Бөбек |
32. | Өзін-өзі тану. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал | Р. Ізғұттынова, Р. Мұратханова, Ә.Оралбекова | 2018 | Бөбек |
33. | Өзін-өзі тану. Оқушы дәптері | Р. Ізғұттынова, Р. Мұратханова, Ә. Оралбекова | 2018 | Бөбек |
Оқушы:
«Мәңгілік ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.
Оқушы:
«Мәңгілік ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.
Оқушы:
«Мәңгілік ел» – бұл атамекенімізге деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Оқушы:
1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, әнұран.
Оқушы:
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
Оқушы:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Оқушы:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Оқушы:
Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол – тынысы
Кең жазира даламның.
2016-2017 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан, Мәңгілік жансың бағың! /Патриоттық тәрбие/
Тәрбие сағатының мақсаты:. Оқушыларға «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, компьютер, Елбасының, Астананың суреті және слайд.
Түрі: ашық тәрбие сағаты.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, постер қорғау, талдау,
Тәрбие сағатының барысы:
Гимн орындалады.
1.Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа ынтасын аудару.
2. Психологиялық ахуал орнату .- Әр оқушы шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.
3.Оқушыларды топқа бөлу: (3 түс арқылы) 1-топ:Мәңгілік ел, 2-топ: Жаңа Қазақстан,
3- топ: Нұрлы жол
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күні 5а сыныбында ұйымдастырылып отырған «Қазақстан, Мәңгілік жансын бағың!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. 2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге тырысайық.
1 – бөлім «Ой қозғау» .Сұрақтар қойып, жауап алу.
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?
3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?
4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?
5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?
6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.
Мұғалім: Нұрсұлтан Назарбаев Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алды.Біз өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекетсіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігенен , өткеннің тағылымынан сабақ алуымыз тиіс.Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда!Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек!Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды.
1-оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
2-оқушы: Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
3-оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге)
4-оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
5-оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! .
6-оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)
Бәрі:
- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
-Мы патриоты нашей старны
- We are patriots of our countries
7.Сабақты қорытындылау:
-Сонымен балалар, Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ ретінде не істеуіміз керек? (Оқушылар бір ғана сөзбен жауап береді.)
ӘН: «Көк тудың желбірегені» (Барлық оқушылар қолдарына ту ұстап тұрып, әнді шырқайды.)
Мұғалім: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымды аяқтаймын.
Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет! Сау болыңыздар!
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері;
Н.Ә. Назарбаев – 2030 бағдарламасы
Слайд «Менің Қазақстаным», «Мәңгілік Ел», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясы» .
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мұғалім: – Балалар, бүгін қандай күн?
1-қыркүйек –білім күні.Білім күні-гүлденген, тәуелсіз еліміз Қазақстанның болашағының мейрамы.Бұл күн тек қана оқушылардың,студендтер мен ұстаздардың мерекесі ғана емес,сонымен қатар өз балаларынан өмірлерінің жалғасын,арман-мақсаттарының орындалып,олардың жарқын болашағын көруге үміттенген ата-аналардың да мейрамы.Сіздерге денсаулық,бақыт, оқушылар білім бәйгесінде тек биіктен көрінсін!
Кіріспе:
-Қадірлі ата-аналар! Қымбатты оқушылар! «Мен елімнің патриотымын» атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан – 2030 » жолдауында «Біздің балаларымыз-бен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы, нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» – деп нақты көрсетілген.
Оқушы:
«Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!…
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»
– деп М. Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз.
Еліміздің әнұранымен басталады.
Мұғалім:
Ақиық ұлы ақынымыз:
«Ой – хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой – хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»- деп жырлағандай,
Слайд 1 Қазақ халқының тарихынан
халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет – қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
Слайд 2 Мәңгілік ел
Оқушы:
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толады. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған Н.Назарбаевтай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!
Слайд 3 Тәуелсіздікке 25 жыл( жетістіктер)
Оқушы:
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Оқушы:
Еліміздің бейбітшілігі мен тәуелсіздігінің арқасында күліп – ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата – анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді.
Мұғалім:
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу – асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.
Мұғалім:
-Бүгін сенің ұлттық намысыңды оятатын, жүрегіңе қуаныш ұялататын байтақ жерің бар, кең-пейілді елің бар.
Слайд 4 Астана, Астананың символы-«Бәйтерек»
Оқушы:
Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналас-қан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. «Астана-Бәйтерек» кешені – Астананың символы.
Ән: Туған өлкем
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
Слайд 5 ҚР рәміздері
Мұғалім:
-Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен?
Назарларыңызға шағын түрде жүргізілген сауалнаманы ұсынамыз.
– Сен өзіңізді патриотпын деп айта аласың ба?
Оқушы:
Мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін.
Патриоттық деген еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік, барлық ұлттық құндылықтарды құрметтеу болып табылады.
Оқушы:
Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс. Мен өз Отанымның патриотымын, өйткені, кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің өз Отаныма деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты.
Қортынды:
– Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің патриоты екендеріңді, көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
– деген екен.
-Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойыңдағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, құрмет тұтып, еліміздің нағыз патриоттары болатындарыңа сенімім мол.
Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел –идеясы»
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіну.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға баулу.
Тәрбиелелік: Білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ашық сынып сағаты
Сабақ әдісі: пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан - 2050» стратегиясы, слайд, Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
Кіріспе: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы.
Мәңгілік ел –
Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Ол – Мәңгілік ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.
Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!
Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.
Ой қозғау пікірталас
- Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер?
-Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай?
-Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің?
Қорытынды: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік!
-Сіздер мектепте "Мәңгілік ел" ұлттық ойы, мектепте қандай жолмен жүзеге асырылуы керек деп ойлайсыздар?
- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек.
Қорытынды: Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайам айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, -оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз.
«Мен 21 – ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! ».
Нұрсұлтан Назарбаев