Просмотр содержимого документа
«Ұстаздарға арналған тренинг»
Ұстаздарға арналған жағымды көңіл-күй орнатуға бағытталған лездеме тренинг
Дайындаған: Рафикова Н.Р
Барысы: Ұстаздарды ортаға шақырып шеңбер жасап тұруын сұрау.
Сәлеметсіздер ме! Қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге арналған квест ойынға ұйымшылдықпен қатысуға шақырамыз.
Таңертен үйден шығар алдында айнаға қарап шыққан адам қол көтерсін. Ал, айнаға қарап күлімдеген адам қол көтерсін. Көріп тұрғанымыздай, күлімдеп шыққан адам аз. Сондықтан, құрметті әріптестер қазір жүзімізге күлкі ұялатып, бір-бірімізге күлімсіреп қарайық.
Жаттығу «Танысу»
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз есімін және өмірлік кредосын айтады.
Топқа бөлу мақсатында «Шаңырақ» жаттығуын өткізу.
Шарты:
Қатысушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, дөңгелек көпшіктің шеттеріне байланған түрлі түсті лента жіптерін ұшын ұстауды ұсыну. Көпшіктің ортасына пластмасса стаканқа су құйып қою.
Жүргізуші: Осы құтыны түсіріп алмай, жіптерден ұстап көпшікті иықтарына дейін көтеру тапсырылады.
Сол жаққа күлімде
Оң жағына күлімде
Күніміз сәтті өтсін де!!!
Мақсаттарына жеткен соң бір-бірін қошеметтейді
Енді Қызыл мен жасыл лентаны ұстап тұрғандар бір топ
Көк пен ақты ұстап тұрғандар екінші топ болып бөлініп тұрсын
Біз текке бұл табиғат аясына келген жоқпыз.Бізді қоршаған ортамызда әлі де көптеген жұмбақтар бар, ал соларды шешу үшін екі командандаға бөлініп тезірек табайық.
«Мозаика» тапсырмасы
Топтарға таратылып берілген қағаз қиындыларынан сурет құру.
Жеңімпаз топқа 1 жұмбақ-қазақ тілінде беріледі.жұмбақ шешу арқылы келесі орыс тіліндегі жұмбақты табады.
Екі жұмбақты шешіп тапқан команда соңғы жасырылған конвертті тауып мәресіне жетеді.
Конвертте
Құттықтаймыз! Сіздер жеңіске жеттіңіздер! поздравляем! вы победили! Congratulations! you win!
- Құрметті әріптестер! Біздің сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті. Олай болса бүгінгі күн сәтті болуына тілектеспіз!