Тақырыбы: «Ана өмір - шуағы»
Жүргізуші:
Асыл анам – асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Берсе барлық адамға ана мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық - дей келе «Күншуақ» тобының
«Ана - өмір шырағы» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!!!
Ал құрметті халайық
Мерекені бастайық
«Күншуақ» тобын әуенмен
Қошеметпен қарсы алайық
(Ортаға балалық шақ музыка ырғағымен балалар кіреді).
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Сендей болса бар кісі,
Шексіз перзент алғысы –дей келе құттықтау сөзі осы балабақшамыздағы барлық балалардың анасы, құрметті С.Р.Тұрғынбайқызына беріледі.
Жүргізуші:
Ана - жүрек, жүректі құдіретте,
Ана - тірек, тіректі де құрметте.
Ана - шыңын, шыңыңа сағынып жет,
Ана - күнің, күніңе табынып өт – дей келе, күндей нұрын шашқан аналарымызға арналған балаларымыздың орындауында
«Құттықтаймын мама» әнін тамашалаңыздар.
Ана деген – жүректегі асыл ән,
«Ана - бақыт» деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің – өмірдегі асыл жан!
Құрметті, аяулы аналар, кішкентай балапандарымыздың сіздерге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Айша
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Адамға айтар лебізі.
Айжан
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.
С.Айзере
Үн қатасын бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен
Махаббат
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Гүлфайруз
Жанымызды жайнатқан
Сіздерді ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар
А.Айзере
Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам!» - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім!»- деп жатпаған.
Ақпейіл
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Нұрай
Апатайым анашым,
Ақылы мол данасын.
Уали
Ананың біз гүліміз,
Ана - біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Тілеулес
Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған.
Бізсіз тамақ татпаған,
Айналайын мақ мамам.
Мирас
Баққа гүл толғанда,
Біз оны жинаймыз.
Мереке болғанда,
Анаға сыйлаймыз.
Нұрайым
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Наргиз
Жақсы көрген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Бегнар
Асыраған баптаған,
Айналайын ақ мамам.
Ердаулет
Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
Еркежан
Аппақ мамам, ақ мамам,
«Ақ мамам!» - деп шаттанам.
Түн ұйқынды төрт бөліп,
«Бөпешім!» -деп жатпаған.
Армысыз, еліміздің асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
«Қуыршақтар» биі.
Жүргізуші: Балалар, біздің мейрамымыз жылдың қай мезгілінде болып жатыр?
Балалар: Көктем мезгілі
Міне, балалар көктем мезгілі аналардың мейрамын алып келді. Балалар көктем мезгілінің басқа қандай ерекшеліктері бар?
Балалар: күн жылына бастайды, қар ериді, құстар ұшып келеді, гүлдер көп болып өседі.
Ендеше көктем мезгілін де ұмытпай тақпағымызды арнайық.
Гүлфайруз
Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып.
Қызғалдақ болып құлпырған,
Көктем біздің балалық.
Айша
Арайлап атты таңымыз,
Жайнайды бақша - бағымыз.
Гүлдердей құлпырып,
Би билейміз тағы біз.
Хор: «Жаңбыр жауды тырс - тырс»
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Кезекті «Гүлдер» биіне берейік (Күншуақ тобының биші қыздары)
Жүргізуші: Балалар, біз аналарымызды құттықтап, тақпақ, ән айтамыз, би билейміз, ал анамыз туралы не білеміз?
(Балалар өз аналары туралы айтып береді)
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда
Жүргізуші:
Құтты болсын әже шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз дей келе ортаға « Күншуақ» тобының әжелерін шақырамыз.
Ән шырқалар бақытымен бағымен
Ән айтылса ұйып тыңдар жанымен
Ән айтпақшы Айша сынды қызымыз
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен
Жеке ән:
А. Айша «Айгөлек»
Би: «Бабушки» (ұлдар)
Тілеуімізді тілеген, еркелігімізді көтерген, ауырсақ – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған балаларымыздың асыл әжелеріне арнаған тақпақтарын тыңдайық.
Әбілмансұр
Жүре берсе қасымда,
Аппақ әжем, ай әжем!
Ботам деген даусынан,
Мен мәз болып оянам.
Мағжан
Құрт мен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Кәусар
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит әкеп береді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
Ойын: «Гүл сыйлау»
Шарты: ұлдар жарысып қыздарға гүл сыйлайды.
Ата - аналарға арналған. (ойын)
1 «Түсін де көрсет»
Шарты: Мимика бойынша түсіну және көрсету.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып Балаларымыздың аналарына дайындаған гүлдерін сыйлауға рүқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын!Осымен «Ана – өмірдің шуағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Бекітемін:
«Қуаныш» балабақшасының
Меңгерушісі:
Р.Т.Сейтпенбетова_______________
«Күншуақ» тобы
8 наурызға арналған
мерекелік ертеңгілік
«Ана өмір шуағы»
Тәрбиешілер: Майшекеева Ж.А.
Сақбаева Р.Х.
2015 оқу жылы