СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үздік биологтар

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Молекулалық биология, медициналық генетика пәнінен алған білімдерін қорытындылай отырып, өз білімдерін  таразылау.

Просмотр содержимого документа
«Үздік биологтар»


Тақырыбы: Биология- тіршілік негізі. Үздік биологтар-2018 сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың сабақ барысында алған биологиялық білімдерін тиянақтап, саралау, өз ойларын жинақы, жан жақты айта білуді қалыптастыру. Түрлі оқытудың технологиясы арқылы өздігінен ізденуге топтасып жұмыстануға ұйымшылдыққа баулу. Оқушылардың танымдық медициналық қабілеттерін арттырып пәнге қызығушылықтарын арттыруға ықпал жасау.

Түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: Суреттер, презентациялық слайд шоу

Сабақ барысы :

І. Таныстыру кезеңі

ІІ. Іздеген жетер мұратқа.

ІІІ.Генетика және халықтық педагогика.

ІV. Білім биржасы Қашан? Бұл кім? Бұл не?

V. Үй тапсырмасы


Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі( бүгінгі шараның мақсаты мен өткізілу барысы жөнінде мәлімет беру)

Сабақ сапасын көтеру үшін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда сайыс түрінде өткізілетін сабақтар өте тиімді. «Медициналық биология» пәні бойынша өткізілген сабақтың жоспары.

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым.Бүгінгі өткізіліп жатқан «Үздік биологтар» атты стоматология бөлімінің ІІ курс студенттер арасында «Медициналық биология және генетика» пәнінен өткізіліп жатқан танымдық сайысымызға қош келіпсіздер.

2-жүргізуші:

Ақыл тоң,андығанға тозбайтұғын,

Білім кең,қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаның ауруы не қозбайтұғын-деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай,білімдік сайысқа белсене,құлшына арласатын сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

1-Топ

ДНҚ-тобы

Топ жетекшісі:Базарбай Руслан

Топ қатысушылары: Кужанова Жанаргуль, Ермеков Ербол, Боранбаева Орынай, Аязбаев Алтынбек.

2-Топ

РНҚ-тобы

Топ жетекшісі:Саулетов Тайыр

Топ қатысушылары:Ігілманова Гүлнүр,Құспанов Әлішер,Мурсалимова Нұржанар,Хайтбаев Бексултан.

1-жүргізуші:

Ендігі кезекте сайыскерлерміздің біліміне,шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс бола өтейік:

1. Колледж әдіскері С.О. Коцелл

2. Химия пәнінің оқытушысы Л.Ж. Манашова Л.Ж.

3. География пәнінің оқытушысы: Ищанов М.Б.


2-жүргізуші:

Келесі кезекте сайысымыздың басты бөлімдерімен таныс болынызда.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

І Таныстыру кезеңі.

ІІ Іздеген жетер мұратқа.

ІІІ Генетика және халықтық педагогика

ІV Білім биржасы. Қашан? Бұл кім? Бұл не?

V. Үй тапсырмасы.


1-жүргізуші

Сайыстың кіріспе сөзін пән оқытушысы Турмуханбетова З.М. қысқаша мәлімет бере отырып сәттілік тілеп ашты.

2-жүргізуші:

Тапқыр,білгір,дарынды.

Жарыс бар бүгін арыңды,

Басқа пәнді сүйсең де.

Ортаға сал барыңды,- деп сайысқа катысушы студенттерімізге сәттілік тілей отырып,сайысымыздың алғашқы кезеңі бастаймыз.

  1. Таныстыру кезеңі( екі топ өздерін таныстырып өтіп шығулары қажет) ДНҚ, РНҚ тобы

1-жүргізуші:

2. Келесі кезеңіміз. Іздеген жетер мұратқа ( сіздерге перне тақтаға сандар шығады топ мүшелерімен ақылдаса отырып сандарды тандайсыздар.Тандаған сандарыныздың артында сұрақтар жасырылған сіздер сол сұрақтарға жауап берулерініз қажет.Егерде дұрыс жауап берген жағдайда сіздің топқа сол ұпай қоржыларынызға тиесілі болады.Ойлану уақыты 1 минут.)


1.Ақуыздың бірінші реттік құрылымында қандай байланыс болада?(пептидтік)

2.ДНҚ –ның молекуласының екі еселенуін қалай атайды? (репликация)

3.РНҚ –ның құрамына қандай көмірсу кіреді? (рибоза)

4.Мембранасыз органоидтарға нелер жатады? (жасуша орталығы, рибосома , микротүтікшелер)

5.Бір хромосомада орналасқан гендер?( тіркес гендер)

6.Тірі жасушаны қоршаған ортада бөлетін басты кедергі ? (сыртқы жасушалық жарғақша)

7.Жасушаның құрылысын , химиялық құрамын және жасуша ішіндегі түрлі құрылым дарының атқаратын қызметтерін биология ғылымының қандай саласы зерттейді? (цитология)

8.Хромосоманың иықтарының ұзындығы тек бірдей шамалас типі? (метацентрлі)

9.Ағзалардың өз белгілерін , қасиеттерін даму ерекшеліктерін келесі ұрпаққа беру қабілеттілігі? (тұқым қуалаушылық)

2-жүргізуші:

3.Кезеңіміз Генетика және халықтық педагогика (сіздерге мақал-мәтелдер беріледі.Сіздердін мақсаттарыныз мақал мәтелді жалғастыру.Дұрыс тапқан жауапқа 3 ұпайдан қосылып тұрады)

1. Тектіден текті туар (сараланып)

2. Теріңді өзгерте алсанда (тегінді өзгерте алмайсын)

3. Аяғын көріп асын іш, (анасын көріп қызын ал)

4. Жеті атасын білген ер (жеті жұрттын қамын жер)

5. Жеті атасын білмеген( құлағы мен жағын жер)

6. Жұртынды ауыстыра алсанда (ұлтынды ауыстыра алмайсын)

7. Салтынды ауыстыра алсанда ( халқыңды ауыстыра алмайсың)

8.Еңбекпен ер өседі (егізден төл өседі)

1-жүргізуші:

4. Сайысымыздың 4 кезеңі. Білім биржасы (перне тақтаға ғалымдардың суреті шығады. Қай ғалым екенің табуларыныз керек. Және сол ғалым жайлы мағұлмат беріп кетулерініз қажет. Дұрыс жауап 5 ұпай. Егерде ғалымды дұрыс тауып мілемет бере алмаған жағдайда 2 ұпай қосылады. Ойлану уақыты 2 минут.)

1.Мендель



2.Т.Морган







3.Шванн

4.Гипократ


5. К.Линний



6.Ламарк

2-жүргізуші:

5. Келесі кезеңіміз үй тапсырмасы (яғни студенттер өздірінің видеороликтерін ұсынады.) Гендік модификацияланған ағзалар. ГМО. Ұлудың пайдасы.

1-жүргізуші:Әділ-қазылар ойланып әділ бағаларын шығарғанша көрермендерімізбен бір сергіту сәтін өткізгіміз келіп отыр.Сіздерге сөз жұмбақ жасырғымыз келіп тұр.Дұрыс тапсаныздар сіздерге сыйлық тарту етеміз.

Генетика деген сөз

2-жүргізуші:

Қайсысы білгір білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек,кімдер жылдам?

Таланттарын табайық.

Әділқазы алқасы,

Сараласын бағалап

Кім женеді сайыста

Анықтайық даралап-дей келе сөз кезегін әділ-қазы алқаларына берейік.

1-жүргізуші:

Сонымен бүгінгі Үздік биологтар атты сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Алда әлі де биік-биік асулардан көріне берулерінізді тілейміз. Алтын уақыттарынызды бөліп келгендерінізге көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау саламатта болыныздар.