СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

В дыбысы мен әрпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыы

Просмотр содержимого документа
«В дыбысы мен әрпі»

Қысқа мерзімді жоспар

Ашық сабақ

Күні: 27 .02.2018ж.

Мектеп: Благодар ОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Баймырзаева Т.К

Сынып: 0 «A»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

В дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша сұраққа жауап беру;

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып, жай сөйлемді құрастыру және жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Берілген тапсырмаларды орындай алады.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, өзін-өзі тану, музыка сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, бейнежазба, интерактивті тақта.

Тілдік құзыреттілік

Вагон-вагон, велосипед-велосипед- bicycle, трамвай-трамвай-train, автобус-автобус-bus

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Шаттық шеңбер:

-«Егер менде сиқырлы гүл болса...»

Класты топқа бөлу. Пазлдарды құру арқылы. (вагон, велосипед, автобус, трамвай).

  • осы сөзде неше буын бар?

  • неше әріп, неше дыбыс бар?

  • дауысты дыбыс нешеу, дауыссыз дыбыс нешеу?

  • қандай сұраққа жауап береді?

  • үш тілде айту.

  • берілген сөздерден сөйлем құрайық.

Шаттық шеңбері (Гүл шоғы)

Көліктер суреті, текшелер







Сабақтың ортасы



Тыңдалым – бейнеролик «Вокзалда».

Суреттен не көріп отырсыңдар?

-Онда барғандарың бар ма?

-Хамит қайда келді? ( темір жол вокзалына )

-Вокзалдан кімді күтті? ( Әжесін )

-Әжесі немен келді? ( поездбен )

-Хамиттің әжесі қай қаладан келді? ( Астана қаласынан)

Мұғалімнің түсіндіру жұмысы.

Тақырыбы: В әрпі және дыбысы. (бейнеролик)

Топтастыру әдісі: В әрпі және дыбысы.

Оқылым. Өрмекші торы әдісі: Көп нүктенің орнына қойылатын әріпті тауып, сөзбен сәйкестендіріп сызыңыз. Сөздерді оқыңыз. (жасыл, Санжар, әтеш, автобус, құмыра, өрмекші, қоян, қою, телефон, шегіртке)

Жазылым. Тақтамен жұмыс. Сөздерден сөйлем құрау.

1 топ: Менің үйімде ванна бар.

2 топ: Дүкенге тәтті вафли әкелінді.

3 топ: Мен әжемді вокзалдан күтіп алдым.

4 топ. Біздің үйде әдемі аквариум бар.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Дәптермен жұмыс. Бейнеролик. В дыбысы мен әрпі.

Галерея әдісі. Суреттер арқылы сөйлем құрастыру.

1-топ 2-топ


3-топ 4-топ

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау.

Интерактивті тақта






Айна, плакат, маркер.

таныстырылым, оқулықпен жұмыс



Көк, қызыл бор/маркер





Суреттер, кір қыстырғыш, жіп.

Аяқталуы

Қызықты тапсырма




-В әрпінен құрастырмалы көрнекілік шығару.

1 топ. В әрпінен сандарды шығару (1 , 3 )

2 топ. В әрпінен жәндіктің суретін шығару(көбелек)

3 топ. В әрпінен музыкалық аспаптың суретін шығару(гитара)

4 топ. В әрпінен әріптер шығару. ( І,З әрпі)


Плакат, әріптің сұлбасы, маркер.





Сабақтың соңы


Рефлексия

Көңіл-күй смайликтері арқылы бағалау.



Смайлик суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.