СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Внеклассное мероприятие по казахскому языку Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка внеклассного мероприятия по казахскому языку 3 класс "Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!"

Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие по казахскому языку Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!»

Кудайбергенова Ляззат Бакытовна «Тілдер күні» ашық сабақ

Ақмола облысы Бұланды ауданы 3-сынып

Тоқтамыс ауылы қазақ тілі

«Тоқтамыс орта мектебі» КММ

ІІІ - деңгей

сабақ: Қазақ тілі

мектеп: Тоқтамыс орта мектебі

күні: 16.09.2015

Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова Л.Б.

сынып: 1

Қатысқандар оқушылар саны: 3

Қатыспағандар: 0

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар сабақ соңында мемлекеттік тіл туралы біледі, өз бетімен жұмыс  істеу қабілеттерін дамытады; топта жұмыс істеуге  үйренеді; қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындай алады. өз тілін құрметтеуге үйренеді.

Көрнекілік:

Интербелсенді тақта, бағалау парақтары, оқулық, дәптер, ватман, маркер, сөзжұмбақ

Табыс критериі

Барлық оқушылар істейтін болады:

  • Тіл туралы біледі.

Оқушылардың көбі істейтін болады:

  • Берілген әріптерден сөз құрастырады

Кейбір оқушылар істейтін болады:

  • қазақ тілінде сұрақтарды түсінеді, жауап бере алады

Жоспар

кезеңдері

Сабақтың барысы

Модудельдер

Басы

  1. мин

1.Қызығушылықтарын ояту.

Психологиялық ахуал Тренинг «Күлкіңді сыйла» .

  • балалар, бір шеңбер құрып, бір-бірімізге күлкімізді сыйлайық. Қандай әсер алдыңдар?

  • Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. олар кімдер? /мұғалімдер./ Амандасаыйқ

Сөзжұмбақ:

  1. Адамдар оны оқып, білім алады.

  2. Мектепте оқушылар не алады?

  3. Дәптерге немен жазады?

«ТІЛ»

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбымыз «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!»

Табыс критериі. Бүгінгі сабағымыздан біз не білу керекпіз?

Оқудағы жаңа тәсілдер

Ортасы

35 мин

2.Өткенді қайталау. (3 мин) )

  1. Сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?

  2. Қазақстан Республикасының бас қаласы.

  3. Қазақстан Республикасының президенті кім?

  4. Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.

  5. Мемлекеттік тіл қандай?

  1. Жаңа тақырып.

Қазақ тілім - өз – тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана – тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Ана тілі анамыздың ақ сүтімен дарыған. Осы тіл арқылы бүкіл ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіреміз. Сондықтан ана тілімізді шұбарламай, қазақ тілінде таза сөйлеп, тілімізді сүюіміз керек.
Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге керексіндер
  Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген. Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз



Дәптерлеріңе бүгінгі күнін, айы жазыңдар.

Тіл арқылы адамдар бір-біріне хабар береді, білмегенін сұрайды, кеңеседі.

4.Ойсергек. Тіл туралы қандай өлең білесіңдер.

Әсет

Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

Настя

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

Женя

Қазақстан халқының,
Қазақ тілі тірегі.
Ана тілде айтылар,
Әнұраны жүрегі

/Жұптық жұмыс/ Оқы. Аудар.

Әрбір халқының өз ана тілі бар. Сен өз тіліңді құрметтеуге міндеттісің.

- Әрбір дұрыс жауап бойынша осындай смайлик беріледі. Ең көп смайлик жинаған топ жеңімпаз болып аталады.

5. Сергіту сәті. «Төрт қадам». Оқушылар билейді.

3-тапсырма.

Язык – тіл, слон - ......

Смех – күлкі, лиса - .....

Мысль – ой, баран - ......

Гусь – қаз, лето - .......

Сердце жүрек, лопата - .....

4-тапсырма. /Шығармашылық тапсырма/

Әріптерден сөз құрастыр, дәптерге көшір.

1. т, е, м, к, е, п

2. т, і, к, а, п

3. т, е, д, п, ә, р

4. н, ы, с, ы, п

6. Қорытындылау. «Тіл не үшін керек? /топтық жұмыс/













Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер







Оқытуды басқару және көшбасшылық









Оқытудағы жаңа технологиялар







Диалог



















СТО





АКТ

Соңы

5 мин

- Балалар, бүгін біздер сабақта қандай тақырыппен таныстық? Кімнің тапсырмаларын орындадық? Смайликтерімізді санайықшы кімнің смайлигі көп екен, топ ең жақсы баға алады. Барлығыңызда жақсы қатынастыңдар.

7. Рефлексия стикер әдісі.

  • Сабақта не ұнады?

  • Сабақта не ұнамады?

  • Қандай тапсырма қиын болды?

8. Бағалау. Бағалау парақтары, смайликтер арқылы
- Сау болыңыздар.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
























































































Рефлексия

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 4

Тақырып: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!

Нәтижесінде: Оқушылар сабақ соңында мемлекеттік тіл туралы біледі, өз бетімен жұмыс  істеу қабілеттерін дамытады; топта жұмыс істеуге  үйренеді; қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындай алады. өз тілін құрметтеуге үйренеді.

Көрнекілік: интербелсенді тақта, бағалау парақтары, оқулық , дәптер, постер, ватман, маркер, смайликтер, стикерлер.

Сабақтың түрі: жаңа

Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұнда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша бірлескен оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Мен оқушының белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын топпен жұмыс істеу және жұппен жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, не қателігін мойындауға, қателігін көрсете білуге, пікірлесе отырып шешім қабылдауға үйретуді жөн көрдім. Сол арқылы оқушыда өз білімін бағалау және бақылау, өз-өзін реттеу дағдысы меңгеріледі. Жаттанды емес терең ой елегінен өткізіп, жаңалықты өзі ашқан түрде игереді. Сабағым келесі кезңдерден тұрады:

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Тренинг «Күлкіңді сыйла»

ІІІ Қызығушылықтарын ояту. сөзжұмбақ

VI Өткенді қайталау. /ашық сұрақтар / Табыс критериі.

V Жаңа тақырып

ІV Ойсергек.

V Сергіту сәті

VІ Шығармашылық жұмыс

VІІ Қорытындылау

VІІІ Рефлексия

ІХ Бағалау

Оқушылардың барлығы да қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Топқа бөлініп жұмыс істеу арқылы бір-біріне көмектесіп, топ намысын қорғау үшін, тіпті, сабаққа деген ынтасы төмен оқушының өзі белсене қатысып, жақсы қарым-қатынасқа бет алғандығы қуантты.

Қойылған мақсатыма жеттім, деп ойлаймын. Болашақта оқушылардың дағдыларын қалыптаcтырудың жолдарын қалай дамытуға болу жолдарын қарастырамын деген ойдамын.