СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Внеклассное открытое мероприятия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытое мероприятие было проведено виде флеш-моба. В мероприятие  учавствовали учащиеся 1-2 курсов.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассное открытое мероприятия»

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

«БҚОӘББ Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК



«Бекітемін»

Директордың ТЖ

бойынша орынбасары

_________Н.Г.Хайруллина

"___" 2016 ж

«Наурыз шашу» көктем мерекесіне араналған билер фестивальі

Жауаптылар : ӘГП ПЦК оқытушылары:АлтаеваА.К,Сисенгалиева С.К,

Ибатова А.А, Кумаргалиева А.А,Баймункина Ж.С,

Маликова С.К, Сариева А.М, Кайыржанова Г.Р.



Орал 2016 жыл

Тақырыбы: Наурыз шашу

Мақсаты: Ел саясатының негізіндегі ұлттардың арасындағы татулық пен сүйіспеншілік, өзге халықтардың мәдениетін құрметтеу қасиеттерін ояту және қазақ елінің тарихы мол би өнерінің сыр-қырын жан жақты көрсете отырып, болашақ ұрпақты жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу.

  1. Жүргізуші:Меңдіғали Назеркем

  2. Жүргізуші:Қасиетов Азамат

  1. Жүргізуші:
     Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді келіп жеткен көктем мезгілімен құттықтаймыз!

  2. Жүргізуші:Шуақты көктем мерекесіне арналған «Наурыз шашу» атты би фестиваліне қош келдіңіздер!

  1. Жүргізуші:
     Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.

2-Жүргізуші:
                                                     Туған тілім тірлігімнің айғағы
                                                   Тілім барда айтылар сөз ойдағы
                                                    Өссе тілім, мен де бірге өсемін
                                                    Өшсе тілім мен де бірге өшемін,- деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай тіл қай ұлтта қай елде болса да, қастерлі, құдыретті.
1- Жүргізуші:
О, туған жер! Қасиетіңнен айналдым
Тамсанамын, қарап тұрып артыңа
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер - анадай алыптан- дей келе көктем мерекесіне арналған Мұнай газ бөлімі оқушыларының би шашуын қабыл алыңыздар!-дей келе сөз кезегін колледж директоры ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Мұхамбеталиев Серік Хайырұлына беріледі.

  1. - Жүргізуші

Қазақ осы -айтатұғын елге сыр,

О ағайын, халық емес ол көл-көсір.

 Қазақ осы –аңғал- саңғал жабусыз,

Қазақ осы-ағыл тегіл,көл көсір.

Қазақ осы -дала дейтін,күн дейтін,

Қазақ осы -өнер алды тіл дейтін.

 Қазақ осы -қарасың ба,ақсың ба,

  Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- 

деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай,ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім. Бүгінгі кешіміздің бет ашары ретінде қазақ биін тамашалаңыздар!

  1. Жүргізуші: Ендеше, Қазақ биімен ортаға қыздарымызды шақырайық!



  1. Жүргізуші:
     Бейбітшілік әніміз.
    Бауырласпыз бәріміз
    Қазақстан даласында
    Жарасады сәніміз
    Ұлы Отан аясында
    Жадырайды жанымыз- дей келе Қазақстанда тұратын ұйғыр халқы туралы баяндайық! Ұйғырлар Орта Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының жергілікті халқы.Сондай –ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және таяу Шығыс елдерінде тұрады. Ал Қазақстанда көбінесе Жетісуда тұрады.



  1. Жүргізуші:Ортаға ұйғыр биімен биші қыздарымызды шақырамыз!

1- Жүргізуші:

Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

   Қайталанып, жаңарып айтылады,

   Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып Қазақстанда өмір сүретін кәріс халқы туралы әңгімелейік. 

  1. Жүргізуші:

Осыдан 75 жыл бұрын қазақ жеріне 100 мыңнан астам корей халқының өкілдері қоныстанған болатын. Саясаттың ықпалымен атажұрттан ауған кәрістер қазақ жеріне жетті. Жолда аштықтан, індеттен ажал құшқандары қаншама?! Кеңқолтық қазақ халқы оларды жатсынбады. 130 ұлт пен ұлыстың арасына бір үйдің баласындай кәрістер де сіңісіп кетті. Бір мемлекеттің арасында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

  1. Жүргізуші: Келесі би кезегін кәріс халқының биіне берейік!Қошеметтеп қарсы алайық!



  1. Жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

        Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.- 
дей отырып би кезегін Грузин ұлтына береміз қошеметтеп қарсы алайық!

1-Жүргізуші: Ортаға грузин биімен жігіттерімізді шақырайық!
2- Жүргізуші:
Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың. 

Ортаға өзбек ұлтының биімен биші қыздарымызды қошеметтеп шақырайық!



  1. Жүргізуші:

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

 Елім менің биіктігі шарайнам,

  Қыран құсы көгінде мың самғаған- деп келесі би кезегін татар халқының биіне берейік!



  1. Жүргізуші:Ортаға татар халқының өкілдерін қошеметтеп қарсы алайық!


1- Жүргізуші: 

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

 
2-Жүргізуші:Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы.

  Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

  1. Жүргізуші:

Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр дей келе қазақ халқының символына айналған «Қара жорға »биімен ортаға бір топ жігіттерімізді шақырайық!

  1. Жүргізуші:

Келесі сөз кезегін директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Хайруллина Назира Гайсиевнаға беріледі.

  1. Жүргізуші: 

Құрметті оқытушылар, кешіміздің қонақтары бүгінгі  өтіп отырған «Наурыз шашу – фестивалі» атты мерекелік кешіміз аяқталуға  тәмәм, әр ұлт өкілдеріне көп, көп рахмет.

  1. Жүргізуші: 
    Дүниеде Тәуелсіз Қазақстан бар!

  2. Жүргізуші:
    Әлемде Егемен Қазақстан бар
    Оның көп ұлты ынтымақшыл халқы бар!
    1- жүргізуші:Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар!




2- Жүргізуші:Ел басшысы бәріннен нұрлы
Бүгіннен кемел болашағы бар!


1- жүргізуші:Көп ұлтты халықты, бір шаңырақ астында айрандай
Ұйытып отырған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бар.
2- жүргізуші:Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні бар!

1-Жүргізуші:
: Ендеше, бейбітшілік жасасын
: Ынтымақтастық жасасын!