Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: |
Күні: Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.1 Зейін қойып тыңдау. Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. 1.1.4.1 Әдеби тіл нормасын түсіну. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады. 1.2.4.1 Диалогке қатысу. Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады. Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді. Кейбірі: Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.. Сұрақтарға жауап бере алады. |
Жетістік критерийлері | Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады. Қазақ тіліне тән дыбыстар мен сөздерді дұрыс айта алады. Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Іні, қарындас, сіңлісі, ұл, ұлы, қыз, қызы. Менің әжем бар. Оның аты... . Ол ... жаста. Оның шашы ақ. Оо – Өө- дауысты дыбыс |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | «Менің отбасым» аудиожазба |
Бастапқы білім | Менің отбасым |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбері Фонетикалық жаттығу. Өө– Оо Өрік, өрмекші т.б. қалған сөздерді оқушылар өздері мысылдар келтіреді. Орман, отбасы, оқушы т.б. қалған сөздерді оқушылар өздері мысылдар келтіреді. (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) «Мен анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетемін» Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. | |
Сабақтың ортасы 3 минут 3 минут 10 минут 2 минут 1 минут 6 минут 8 минут | Тапсырма.№1 (Ұ) Оқушылар отбасы мүшелері туралы аудиомәтіннен тыңдап, естігендерін өз парақтарындағы алты суреттің шетіне сәйкес 1-6 (1-ата, 2-аға, 3-ана, 4-әже, 5-әке, 6-әпке) сандарымен белгілейді. № № № № №  № Жаңа сөздермен таныстыру: Іні – Қарындас – Сіңлісі – Ұл – Ұлы – Қыз – Қызы –  СЕРГІТУ СӘТІ. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Бас бармақ - атам Балан үйрек – әкем Ортан терек – анам Шылдыр шүмек – ағам Кішкене бөбек – мен Тапсырма.№2 Аудиомәтінде отбасы мүшелерін сипаттайтын сөздер бар (кім, жасы, аты, қысқа сипаттамасы, шашы, көздері және т.б.) Берілген суреттерде айтылған сипаттаманы оқушылар түрлі түсті қарындаштармен бояп көрсетеді.  Тапсырма №3 Оқушылар өздері таңдаған отбасы мүшесінің суретін салады да, мұғалім берген үлгіге жүгіне отырып, өз көршілеріне сол адам туралы сипаттама айтып береді. (мысалы, Менің әжем бар. Оның аты... . Ол ... жаста. Оның шашы ақ. және т.б.) Жетістік критерийі: Дифференцация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: суретке сәйкес жай сөйлемдерді құрайды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: оқушылар өз отбасы мүшелері туралы сөз орамдарын айтады. |
Аудиожазба №1
Аудиожазба№2 |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия «Пайыздық көрсеткіш» арқылы оқушылар бүгінгі сабақта не қиын болды, не жеңіл болғандары туралы айтып өтеді. Қабырғада тұрған пайыздық көрсеткіштерге тұрып, өз деңгейлерін көрсетеді. 25 %, 50%, 75 %, 100%. | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар суретке сәйкес жай сөйлемдерді құрайды. | Оқушылар отбасы мүшелері туралы аудиомәтіннен тыңдап, естігендерін өз парақтарындағы алты суреттің шетіне сәйкес 1-6 (1-ата, 2-аға, 3-ана, 4-әже, 5-әке, 6-әпке) сандарымен белгілейді. | Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу. |