СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Word документ Тақырыбы: «Анашым, құттықтаймын өзіңді.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Тақырыбы: : «Анашым, құттықтаймын өзіңді.» "Сынып аруы". (8 наурыз!)

Мақсаты:

1. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы әжелерді, аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекемен құттықтау.

2.Қыз сыны сайысы арқылы, жан-жақты білімдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, жеке тұлғаны қалыптастыру.

3. Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. Ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, гүлдер, шарлар.

 

Барысы:

 Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар бірінің артынан бірі қатармен жүріп шығып, орындарына отырады.

 Жүргізуші: Армысыздар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар, сымбатты ару қыздар! Меркелеріңіз құтты болсы. Өздеріңізге арналған ертенгілігімізге  қош келдіңіздер.

Мұғалім: 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Балаға ең жақын, сіз-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!

Просмотр содержимого документа
«Word документ Тақырыбы: «Анашым, құттықтаймын өзіңді.»»

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 26 орта мектебі" КММ











Тәрбие сағаты

Тақырыбы: : «Анашым, құттықтаймын өзіңді.» "Сынып аруы". (8 наурыз!)









Өткізген: Советова Б.Е


















Өскемен, 2017 оқу жылы



Тақырыбы: : «Анашым, құттықтаймын өзіңді.» "Сынып аруы". (8 наурыз!)


Мақсаты:

1. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы әжелерді, аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекемен құттықтау.

2.Қыз сыны сайысы арқылы, жан-жақты білімдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, жеке тұлғаны қалыптастыру.

3. Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. Ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.


Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, гүлдер, шарлар.


Барысы:

 Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар бірінің артынан бірі қатармен жүріп шығып, орындарына отырады.

 Жүргізуші: Армысыздар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар, сымбатты ару қыздар! Меркелеріңіз құтты болсы. Өздеріңізге арналған ертенгілігімізге қош келдіңіздер.

Мұғалім: 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Балаға ең жақын, сіз-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!



 Ән: "Ақ мамам"

1.Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, 
Құрметті абзал аналар.

2.Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен


3. Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

4. Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,

5. Ана, әже, апалар

Құтты болсын мереке

Осы келген ортаға

Тілейміз біз береке

  

6. Жарқын жүзді ұстазым

Біз бақытты баламыз

Оқып білім аламыз

Жұлдыз болып жанамыз


7.Әр сөзіңді жаттағам

Жүрегімді сақтағам

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам


8. Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Аналарды ардақтап

Әдеппен бас иеміз


9.Өмірдің қызығы

Өзіңсіз өтпейді

Мен үшін анама

Ешкім де жетпейді


 10.Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Бәрімізді қуантып

Ұзақ өмір сүреміз

 

11. Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсаң шаттанған

«Алтыным» деп мақтаған

Айналайын ақ мамам

 

 12.Сыйлайықшы гүлімізді

Қолмен ойып жасаған

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын аналар.


Аналарға сыйлықтарын береді (музыка ойнап тұрады)


Ән "Құттықтаймын мама, туған күніңмен"




Құрметті қонақтар "Анасына қарап қыз өсер"- тақырыпына, "Сынып аруы" - сайысымызды өткіземіз.


Мұғалім:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
"Қыз өссе елдің көркі" деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. - Ару қыздарымызды ортаға шақырамыз. Музыкамен билеп шығады.

Мұғалім:

Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?! -дей отырып әдділқазы алқасымен таныстырамын:

-------------------------

-------------------------

-------------------------

"Сынып аруы" сайысының тапсырмаларымен таныстырып өтейін.

1. Таныстыру

2. Өнер сайысы (ән, би, фокус, гимнастика, т.б.)

3. Білім сайысы (сұрақтаға жауап береді)

4. Ана мен бала сайысы - Тағам дайындап әкеліп, тағамды қорғайды (буклет, кітапша, слайд)

5. Аналар сайысы. Мақал-мәтелді жалғастырып айтуы керек.

6. Сән үлгісін көрсету


Жүргізуші: 

1. Ардақтап, аялап

Мәпелеп өсірген

Армысың ару қыздар,

Шалқып, тасып ән мен күй

Жадырасын жанымыз - ару қыздарым өздерін таныстырады.


Жүргізуші: 

2. Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген - дей отырып келесі кезекте - Өнер сайысы


3. Жүргізуші: 

Оқу- білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы - дей отырып келесі кезекте - Білім сайысы


4. Жүргізуші: 

Ардақтап, аялап

Мәпелеп өсірген

Анамдай жан бар ма

Қатемді кешірген - дей отырып келесі кезекте -Ана мен бала сайысы


5. Жүргізуші:

Жалғыз баласы атқа шапса,

Анасы үйінде өтырып тақымын қысады - Аналар сайысы


Би - ұлдар


6. Жүргізуші: 

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Арулар сән үлгісін көрсетуде - Сән үлгісін көрсетеді



Өздеріңіз көргендей Қыз сыны мәреге жетті.

Әділқазы алқасына сөз кезегін береміз.


Құттықтау сөз, мектеп әкәмшілігіне беріледі


Құттықтау сөз, ата-аналарға беріледі.