Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средный группе
Өткізу күні/Дата проведения
Тәрбиеші/ Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация
Пән/Предмет: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Менің отбасым»
Тақырыбы/Тема: : Ы.Алтынсарин «Ананың сүюі» (Өлең)
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік - воспитательная: Анаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Дамытушылық - развивающая: Тақпақты жатқа айту,есте сақтау қабілетін дамыту..
Оқытушылық - обучающая: Тақпақты нақты,түсінікті түрде жеткізе білу. Ауыз әдебиетін негізге ала отырып мақал жатта.
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Отбасы мүшелерінің суреттері. Үлкенді құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Отбасы-семья, әке-папа, ана-мама.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:
Тосын сәт: Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді екен, қарандаршы.
Қарандаршы мына суреттегі кісі кім деп ойлайсындар.
Бұл Ы.Алтынсарин атамыз. Бұл кісі ақын, жазушы.
Бұл кісінің «Ананың сүюі» деген өлені мен танысамыз.
Негізгі бөлім:
Кім сендерді балалар тербететін
Еркелетіп ойнатып ,сергітетін
Жалқау болсаң балалар жаман болсан
Қамқор анаң көз жасын көлдететін
Балалар бұл өлең жолдары кімдерге арналған
дұрыс айтасыңдар балалар бұл өлең жолдары аналарымызға арналған
біз үйде аналарымызға еркелейміз. Аналарымыз бізді қатты жақсыөреді. Бәрінен бізді қорғай.
Бізді өмірге алып келген, осы аналарымыз.
Сурет пен жұмыс: «Менің отбасым» тақырыбына әңгімелесу.
Балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым-қатынастары туралы айту.
Балалар, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы –дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы – ол бақыт,
Отбасы – ол ата-ана,
Отбасы – туыстарымыз,
Отбасы – ол шаңырақ.
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.
Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б.
Билингвалдық компонент: Отбасы-семья, әке-папа, ана-мама.
Сергіту сәті:
Басбармағым – атам
Балан үйрек - әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз,
Бір үйде біз бесеуміз.
Саусақ жаттығуы: «Менің отбасым»
Әжемен қоштасу. Рахмет айту.
Жеке жұмыс:Айлина отбасы мүшелеріне кімдерді жатқызамыз ?.
Айланақандай тақырыппен таныстық?
Айару бізге қонаққа кім келді?
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар бізге қонаққа кім келді?
Суретте кімдер болды?
Біз кімдерге арнап өлең оқыдық?