Тақырыбы: Ы.Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні
Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіме жанрының ерекшелігін айта отырып, Ы. Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру. Ыбырайдың 3 әңгімесін оқушыларға қысқашы мазмұндата отырып, оның шынайы өмірден алынғандығына назар аударту.
2. Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту. Әңгімедегі көркем сөз айшықтарын білгізу, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3.Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.
Сабақ түрі: дөңгелек үстел
Дереккөздер: https://www.youtube.com/watch?v=aENb58XIlE0
https://youtu.be/w5-q_D-qsQw
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің шығармашалығына байланысты слайд, «Таза бұлақ», «Баланың айласы», «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімелері, Ы.Алтынсарин портреті.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, ой талқы.
Барысы:
І. Үйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе: 1. Қызығушылықты ояту.
- Қазір бейнажазба көрейік. - Балалар, бұл бейнежазба кім туралы?
- Дұрыс, балалар. Бұл Ыбырай Алтынсарин. Олай болса, бүгінгі дөңгелек үстел тақырыбы «Ы. Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні»
2. Мағынаны тану. Мұғалім: Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі. Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі, Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді. Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.
3. Ой қозғау 1 топқа Ағартушы Ұстаз жазушы педагог мектеп ашқан
ЫБЫРАЙ
2 топқа Ы.Алтынсарин өмірбаяны
3 топқа Ыбырайдың шығармалары
Мұғалім: Осы ойымыздың дұрыстығын таныту үшін сіздермен Ыбырайдың 3 әңгімесіне тоқталып, талдап көрейік.
4. Топпен жұмыс
1 топқа «Таза бұлақ» әңгімесі РОЛЬГЕ БӨЛІП ОҚУ
2 топқа «Баланың айласы» ТҮСІНІК КАРТА
3 топқа «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімелері беріледі. КЕШЕНДІ ТАЛДАУ
Әр топ өзіне берілген шығарманың қысқа мазмұнын айтып, шығарманың негізгі ойын, идеясын анықтауы керек және шығарманың бойынша жұмыстарды жасап ұсыну қажет.
Оқушылардың жұмысын тыңдау.
ІІІ. Артық кейіпкерді тап /слайдта/
- Өрмекші, қоңыз, қарлығаш, құмырсқа.
- Молда, бақташы, саудагер, жас жігіт.
- Әлім, жылан, патша, айлакер бала.
ІV. Бекіту сұрақтары Кері байланыс
Әңгіме деп қандай шығарманы айтамыз?
Ы.Алтынсарин шығармаларының ерекшелігі неде?
Әңгімелерінен жазушының өз бейнесін көруге бола ма?
Ы.Алтынсариннің адамгершілік мінез-құлыққа баулитын әңгімелерін ата.
Ы.Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазуға кіріскенде алдына қандай мақсаттар қояды?
Ыбырай шығармаларының басты тақырыптары.
Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні қандай?

V. Рефлексия. Оқушыларды бағалау.
Жарық ЖОББ мектебі
Ы.Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні
(дөңгелек үстел)
Өткізгендер: Шаймерденова М.А. 3 «А» сынып
Майбасова Л.Б. 3 «Ә» сынып
Алтайбаева Г.К. 3 «Б» сынып
2016-2017 оқу жылы