СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ыбырай Алтынсарин. «Салақтық»

Нажмите, чтобы узнать подробности

: Ыбырай Алтынсариннің «Салақтық» атты әңгімесімен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын меңгерту, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту.  

Просмотр содержимого документа
«Ыбырай Алтынсарин. «Салақтық»»

«№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 «В» сынып жетекшісі Асанова Айида

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. «Салақтық»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Ыбырай Алтынсариннің «Салақтық» атты әңгімесімен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын меңгерту, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, өзіндік ой – пікір айта білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелесу, баяндау, ой қозғау, түсіндіру, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакат, сөзжұмбақ, суреттер.
Пән аралық байланыс: дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу.
- Сынып тазалығына мән беру.
- Құралдарын тексеру.
- Назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық
Барлығымыз көзімізді жұмып:
Мен сабақта мектептемін.
Менің зейінім тұрақты.
Мен жақсы ойлап отырмын.

Ал енді сабағымыздыбастамас бұрын топқа бөлініп алайық.
1 – топ, 2 – топ, 3 – топ.
1 – топ – «Күншуақ» тобы.
Дала қандай көрікті,
Жарқыраған, жайнаған.
Күн шуағын төгіпті,
Құлпырады айналам.

2 – топ – «Ағаш» тобы.
Бақшамызда көп ағаштар,
Жасыл түсті жайнаған.
Тау беткейі орман, тоғай.
Аппақ қайың, шыршалар.

3 – топ – «Бұлақ» тобы.
Сылдырлайдымөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, маңдайың
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.

Әр топ өздерінің топтарының аттарына байланысты сурет салып, қорғау.
1 – топ. «Күншуақ» тобы.
Ғаламдағы негізгі жарық көздері – жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен бізге ең жақын жұлдыз – күн. Күн жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол жер бетінің негізгі жылу көзі болып табылады. Адамдар, өсімдіктер, жан – жануарлар, жәндік тіршілік атаулы күннің нұрынан нәр алады.
Күн туралы мақал – мәтелдер.
1.
Ай – ортақ, күн – ортақ, жақсы – ортақ.
2. Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман адамның тілі ащы.

2 – топ. «Ағаш» тобы.
Ағаш өмірде – тірі табиғатқа жатады. Ағаштардыңжаны бар, «тіршілік иесі». Әлемнің көптеген халықтары ағашты қастерлеп, табынған. Балғын жас ағашты кесуге қазақтар «көктей соласың» деп тыйым салады. Сондықтан жас, толық өсіп жетілмеген ағашты қажетіне қарай ғана кеседі. Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны, үй жиһаздарын, оқулық, дәптерлер, қағаз атаулы ағаштан жасалады.
Ағаш туралы мақал – мәтелдер:
1. Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
2. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
3. Ағашты жемісінен таниды,
Адамды ісінен таниды.

3 – топ. «Бұлақ» тобы.
Су- бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Су – бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер мен мөлдір көлдер. Адамдар да, жан – жануарлар да сусыз тіршілік ете алмайды. Таза су – түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Сулардың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.
Бұлақ туралы мақал – мәтелдер.
1.
Ағын су жолын табады,
Ақ адам оңын табады.
2. Ақпаса су бұзылады.
3. Арық бар жерде су бар,
Су бар жерде ну бар.
4. Арық қазбасаң су келмейді.
5. Бұлақ көрсең көзін аш.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Ыбырай Алтынсариннің «Салақтық» атты әңгімесімен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын меңгерту, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту.

ІІІ. Материалды түсіндіру кезеңі:
Авторға тоқталу.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 21 қазанда қазіргі Қостанай облысында туған. Алғашқы ағартушы ұстаз. Тұңғыш «Қазақ хрестоматиясын» жазған. Оның қаламынан туған аудармалар, мысалдар, өлеңдер, ертегілер оқырман жүрегінен жол тапқан. 1859 жылы оқуын «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. 1889 жылы қайтыс болады. Ыбырай Алтынсарин мұражайы, мектеп, көшеге есімі берілді. Білі жетістігі Ыбырай Алтынсарин атында болды.

Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық
мұражайы
– Қостанай облысында орналасқан мұражай.

Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы 1991 жылы 9 желтоқсанда ашылды. Оқиға ұлы ағартушы мен жазушының туылғанына 150 – жыл толуы қарсаңында оны құрметпен еске алу үшін орайластырылды. Арнайы мұражай үшін Қостанай қаласының бас сәулетшісі Хажымұрат Күшіковтің жобасы бойынша өз сәулетінде ұлттық бағытпен классикалық бағыт үйлесім тапқан киіз үйге ұқсас ғимарат салынды.




Мұражай қаланың архитектуралық бөлігінде, Ордабай шатқалында 1884 жылы жазушы негізін қалаған дарынды баларға арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп – интернат жанында орналасқан. Мұражай ғимараты екі бөліктен тұрады. Біріншісі – Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің нақты көшірмесі. Екішісінде – киіз үй тәріздес екі қабатты ғимаратта екі стационарлық көрме «Ыбырай алтынсарин – мұғалім – ағартушы» және «қазақстан республикасы халық жазушысы Мәриям хәкімжанованың шығармашылық лабораториясы» экспозицияға қойылған. Мұражайда жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары, Ы. Алтынсариннің кітаптары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер жиналған.

Сөзжұмбақты шеш. Мақал – мәтелдер жарысы.
Сөзжұмбақтан мақал – мәтел деген сөз шығады.

  1. Ғылым таппай ..... (мақтанба) Бұл кімнің өлеңі?

  2. Асық ойнаған .....

  3. ..... тозбайтын тон,
    білім таусылмайтын кен.

  4. Әдепті бала ..... бала.

  5. ..... – түбі тірлік.

  6. ..... инемен құдық қазғандай.

  7. ..... бала – арлы бала.

  8. ..... бала талпынған құстай.

  9. Тазалық - ..... кепілі.

  10. Ұрлық түбі - ..... .
    (Топтарды сөзжұмбақтың сұрақтарымен жарыстыру)



  • Балалар! Осы мақал – мәтелдерге қандай ортақ тақырып беруге болады?
    а) Туған жер, Отан туралы.
    ә) Еңбек туралы.
    б) Жақсы, жаман істер туралы.
    в) Ерлік батырлық туралы.

  • Абай атаның жақсы мен жаман қандай өлеңін оқып білдік?

  • Ғылым таппай мақтанба. (2 – 3 оқушыдан сұрау)

Ребусты шешу арқылы бүгінгі жаңа сабақты бастаймыз.
«Салақтық» сөзі шығады.

«Ой қозғау» стратегиясы.
- Салақтық сөзін қалай түсінесіңдер?
- Еріншек, сылтаушыл.

Дәптермен жұмыс.
Қаңтардың он бірі.
Ыбырай Алтынсарин. Салақтық.

  • Салақтық әңгімесін мұғалім өзі оқиды.

  • Сөздік жұмыс жүргізіледі.

  • Оқушыларға оқыту.

  • Топпен оқыту, тізбектей оқыту.

Топпен жұмыс.
1 – топ. Керімнің қандай әрекеттері ұнамайды?
2 – топ. Керімге сипаттама жаз.
3 – топ. Түсінігін айту.

ІҮ. жаңа сабақта түсінгендерін тексеру кезеңі.
Тапсырма.
1 – топ. Керімнің орнында болсаң не істер едің?
2 – топ. Салақтық сөзіне қарама – қарсы сөздер бар ма?
3 – топ. Мақал – мәтелдің ішінен осы оқиғаға сай келетін нақыл сөзді тап.

Сергіту сәті:
Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбар,
Былай – былай ойнат.
Топ – топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн,
Жаса, жаса жарқын күн.

ҮІІ. Бекіту кезеңі:
«Кім жылдам» ойыны.
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Қандай әңгімесін оқыдық?
- Керім қандай адам?
- Керім жұмысты қалай істейді?
- Ол неге жуынбайды?
- Не деп сылтау айтты?
- Тұла бойын не қаптады?
- Әркім не деп сұрады?
- Керімнің жауабы қандай болды?
- Салақтық неге апарып соқтырды?
- Керім сендерге ұнады ма?

Топтық тапсырма.
Мақалды оқи отырып, көп нүктенің орнына керекті сөзді қой.
1 – топ.
а) Демі бардың ..... бар, (емі)
ә) Жасыңда ..... болсаң,
Бара – бара былық боларсың. (салақ)
2 – топ.
..... досы – шыбын. (Ластың)
3 – топ.
а) Тазалық - ..... негізі. (саулық)
ә) Ауырым ем іздегенше,
....... жол ізде. (Ауырмайтын)

«Тез ойлан» ойынын ойнайық.
Мына сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрап жіберейік.
Іші, бүріп, Керімнің, бастады, ауыра.
Керімнің іші бүріп ауыра бастады.

Екен, бояу, бояу, әлгі, у.
Әлгі бояу у бояу екен.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру, бағалау.
- Мәтінді мазмұндау.
- Тазалық туралы жазып келу.

«№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









А ш ы қ с а б а қ
Тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин. «Салақтық»




2 «Г» сынып жетекшісі:
Қайыпова Перизат
Әлімқадырқызы





2015 – 2016 оқу жылы










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!