СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың өз бетінше оқуын қалай реттеуге болады?» тақырыбындағы коучинг жоспары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Берілген коучинг жоспары барлық пән мұғалімдеріне арналған. Топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың оқуын қалай реттеуге болатыны жайлы әдіс-тәсілдер қарастырылған.

Просмотр содержимого документа
««Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың өз бетінше оқуын қалай реттеуге болады?» тақырыбындағы коучинг жоспары»

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коучинг – сессия жоспары

Тақырыбы: «Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың өз бетінше оқуын қалай реттеуге болады?»

Өткізгендер: Озықбаева П.Қ., Аманбаева А.Ш.

Тараз, 2017

Сабақтың тақырыбы:

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың өз бетінше оқуын қалай реттеуге болады?

Коучтер

Озықбаева П.Қ., Аманбаева А.Ш.

Өткізілген уақыты:

15.03.17ж

Мақсаты

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың өз бетінше оқуын қалай реттеуге болатынын үйрету, өздігінен реттелу туралы түсініктерін

қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыстың оқушылардың өз бетінше оқуын қалай реттеуге болатыны туралы пікірлерімен және тәжірибелерімен алмасады;

  • тапсырмаларды шешудің жолдарын бірлесіп табады;

  • Үздік бірлескен нәтижелерді беру.

  • Жұмыстың баламалы бағыттарының идеяларын ұсынады және онымен бөліседі;

  • Маңызды істер мен түсініктемелерді дамытады.

  • Жекелеген адамдардың тәжірибесі мен біліміне сүйенеді;

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:

  • Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыстың тиімділігі жайлы ақпарат алады;

  • Жағдаяттардан шығу жолдарын қарастыра отырып, коммуникативтілік дағдыларын жетілдіреді;

  • оқушылардың өз бетінше оқуын қалай реттеуге болатыны туралы ой түйеді.

Сілтеме:

үлестірмелі материалдар, бейнесюжеттер

Сабақ барысы:

Уақыты

Коучердің іс - әрекеті

Тапсырманың сипаты

Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер

2 минут

Сәлемдесу.

- Cәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Cабақты бастамас бұрын бір шеңберге тұрып алайық. Көктемнің шуақты күндері біз сіздерге құлпырған гүл сыйлағымыз келеді.

Әр қатысушы бір-біріне гүлді сыйлай отырып, өз әріптесіне жағымды сөз немесе жылы лебіз білдіруі керек.

Жеке жұмыс:

әріптестерім сәлемдеседі.

1 минут

Топқа бөлу

Үлестірілген гүл бойынша топқа бөлу.

1-топ:Бәйшешек

2-топ:Қызғалдақ

3-топ: Раушан

Топқа бөліну

3 минут

  1. Тақырыпты болжау.

  2. Топтық тапсырмаға байланысты бейнежазба көрсетемін.

  3. Сұрақ: Бейнежазбадан нені байқадыңыздар?

Бүгінгі біздің коучингіміздің тақырыбын анықтап көрейікші.

Ынтымақтастық дегеніміз не?

Ынтымақтастық - бұл түрлі топтардың мәселелерді ұйымшыл, бейбіт бірлесіп шешудегі қабілеттілігі болса, ынтымақтастықтық атмосфера іс-әрекет етуге жағдай жасау. Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру сапалы білім алуға жол ашады.

Қойылған сұрақтарға жауап береді

Топпен жұмыс

3 мин

Жұптық жұмыс.

Мұғалім оқушылардан орындарынан тұрып қалаулары бойынша жұп тауып және жұбымен «Бұрын-соңды қатты үрей тудыратын, қорқынышты кітап оқып көрдіңіздер ме?» деген сұрақты талқылауларын сұрайды.

Жұп бойынша талқылайды.

Жұптық жұмыс

5 мин

Жағдаяттық тапсырманы шешу.

Оушылар мұғалім тарапынан дайындалған түрлі жағдаяттарға байланысты өз шешімдерін ұсынады (жағдаяттар оқушылардың көңіл-күйін көтеру үшін гүл жапырақтарына қыстырылып беріледі).

Топтық жұмыс

15 минут

Болжау әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасау.

Мәтін бөліктері таратылады. Қатысушылар рет-ретімен оқып, талқылайды. Өз болжамдарын ұсынады.

Келесі бөлікті ашып, өз болжамдарының қаншалықты тура немесе қате екенін байқайды.

Топтық жұмыс

Болжау әдісі

3 минут

Кері байланыс сұрақтары:

  1. Топтық жұмыс кезінде топ мүшелері толық қатысты ма?

  2. Тапсырма орындау кезінде қандай кедергілер кездесті?

Берілген сұрақтарға ауызша жауап береді.

Ауызша сұхбат

5 минут

«Дискуссиялық карта» толтыру.

«Топтық жұмыс оқушылардың өз бетінше оқуына оңтайлы әсер етеді» деген пікірмен келісесіз бе?

Ия, себебі...

Жоқ, себебі ...

Топтық жұмыс

Карта

5

Рефлексия

Мен жаңаша не білдім?

Маған не оңай болды?

Маған не қиын болды?

Мұны өз сабақтарымда қолдану қаншалықты шынайы?

Ашық хат түріндегі парақшаларды толтыру.

Ашық хат

2 минут

«Бәрі сенің қолыңда» бейнесюжетін тамашалау арқылы коучингті қорытындылау.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !

Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін!

Қосымша материалдар

Жағдаяттық тапсырмалар

  1. Сіз шетел тілі курсына барып кештетіп үйге қайтып келесіз. Сағат 10. Сіз 5 минуттан соң автобустан түстіңіз.Сіз тезірек жүріп келесіз, бірақ соңыңыздан біреудің ілескенін сезесіз. Осы сәтте қандай әрекет етер едіңіз?

  1. Сіз лифтіде келе жатсыз. Сіздің қасыңызда бір ер адам бар. Сіздің оған көзіңіз түсіп еді, ол адамның өңі қашып бара жатады. Қндай шара жасайсыз? Сіз қорқар ма едіңіз?

  1. Ауылда тұратын әжеңізге қыдырып бардыңыз. Ол сізді бірде көрші үйден шайға сүт әкелуге жұмсайды. Бірақ ол үйге жақындай бергенде ауладан үлкен ит шығып, сізге ұмтылады. Не істер едіңіз?

Болжауға ұсынылатын мәтін

Қараңғы кеш

Бұл қарашаның салқын әрі қараңғы кеші болатын. Сағат 6 шамасы. Адамдар жұмыстан үйлеріне қайтып жатты. Адель қала сыртына беттеп барады. Ол өте асығыс болатын. Бірақ ол үйге бара жатқан жоқ. Адель жолшыбай бір шыны (бөтелке) шарап сатып алды. Адель қайда бара жатыр деп ойлайсыздар?

О

л кешкі ас ішуге досына бара жатыр. Оның досының аты Айдын болатын. Ол фермер болғандықтан қала сыртында тұрады. Адель радио тыңдап отырды. Ол жұмыстан кейін қатты шаршады, сондықтан бой жазғысы келді. Адель бір топ ағаштан аса бергенде жолдан бір нәрсені қағып өтті. Ол көлігін тоқтатып, сыртқа шықты.

Қалай ойлайсыз, ол нені қағып кетті?

О

л өліп жатқан итті көрді. Адель итті жолдың шетіне сүйреп апарды да машинасына отырып жолын жалғастырды. Кенет Адель айнадан бір қара машинаның ілесіп келе жатқанын көрді. Адель машинасын оңға бұрса, ол да оңға бұрады, Адель машинасын солға бұрса, ол да солға бұрады. Соңынан қалмай келеді. Бұл машина неге қалмай келеді деп ойлайсыздар?

Адельдің ойынша бұл көліктің иесі манағы өлген иттің қожайыны болса керек. Адель не істеді?

Адель көлігін тез жүргізе бастады. Соңындағы машина да сөйтті. Сағат 7 болғанда радиодан жаңалықтар беріле бастады. Радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше түрмеден аса қауіпті қылмыскер қашып кетті. Сақ болыңыздар!» - деген хабарлма жолданды. (Жаңалық барысында полицияның кеше түрмеден қашып шыққан қылмыскерді іздеп жатқандығы және оның өте қауіпті екендігі хабарланды). Адель қандай күйде болды деп ойлайсыздар?

Адель қатты қорықты. Ол соңындағы көлікте сол қылмыскер отыр деп ойлады. Машинасын қатты жүргізді. Айдынның фермасына жақын қалды, бірақ соңындағы машина да таяп (жақын/қатар) келеді. Адель Айдынның үйіне келіп жетті де, машинадан дереу шығып есікке жүгірді. «Айдын, аш, көмектес, көмектес!» - деп айқайлады, қоңырауды басты.

Айдын қайда деп ойлайсыздар?

Бұл уақытта Айдын ас үйде тамақ пісіріп жатты. Ол Адельдің айқайын естіген соң, қолына тапаншасын ала жүгірді. Ол есікті ашты. Сол сәтте, қара машина келіп Адельдің машинасының қасына тоқтап жатты. Машинадан ұзын бойлы жігіт шықты. Бұл жігіт кім деп ойлайсыздар?

«Бұл түрмеден қашқан қанішер, бізді өлтіреді» - деп Адель айқайлап жіберді. «Жоқ, жоқ, мен қылмыскер емеспін, түрмеден қашқан қылмыскер сіздің машинаңыздың артында» - деді жігіт.

Қылмыскер Адельдің машинасына қалай мінген?

«Мен сіздің соңыңыздан келе жаттым. Кенет сіз итті қағып кеттіңіз, сосын оны жолдың бойына шығарып тастадыңыз. Сіз тоқтаған жерде, ағаштың түбінде бір ер адам тұр еді. Ол дереу сіздің машинаңыздың артына тығылды. Мен оны танып қойдым. Оның суреті газетте жарияланған болатын. Ол түрмеден кеше қашып кеткен. Сол себепті мен сіздің соңыңыздан ердім» - деді жігіт. Мартен қолындағы тапаншасын кезеп, машинаның артын ашты да: «Шық қане, көтер қолыңды!» - деп айқайлады. Ол қылмыскер жүк салонында жатыр екен. (New English File Teacher’s Book Pre-intermediate Photocopiable, Oxford University Press 2005).

«Дискуссиялық карта»

«Топтық жұмыс оқушылардың өз бетінше оқуына оңтайлы әсер етеді» деген пікірмен келісесіз бе?

Ия, себебі____________________________

_______________________________________________________________________________________________________________

Жоқ, себебі _____________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________

Маған не оңай болды?

__________________________________________________________

Маған не қиын болды?

_________________________

Мұны өз сабақтарымда қолдану қаншалықты шынайы?

__________________________________________________________

Рефлексия

Мен жаңаша не білдім?

__________________________________________________________

Маған не оңай болды?

__________________________________________________________

Маған не қиын болды?

_________________________

Мұны өз сабақтарымда қолдану қаншалықты шынайы?

__________________________________________________________

Қараңғы кеш

1

Бұл қарашаның салқын әрі қараңғы кеші болатын. Сағат 6 шамасы. Адамдар жұмыстан үйлеріне қайтып жатты. Адель қала сыртына беттеп барады. Ол өте асығыс болатын. Бірақ ол үйге бара жатқан жоқ. Адель жолшыбай бір шыны (бөтелке) шарап сатып алды. Адель қайда бара жатыр деп ойлайсыздар?

2

О

л кешкі ас ішуге досына бара жатыр. Оның досының аты Айдын болатын. Ол фермер болғандықтан қала сыртында тұрады. Адель радио тыңдап отырды. Ол жұмыстан кейін қатты шаршады, сондықтан бой жазғысы келді. Адель бір топ ағаштан аса бергенде жолдан бір нәрсені қағып өтті. Ол көлігін тоқтатып, сыртқа шықты.

Қалай ойлайсыз, ол нені қағып кетті?

3

О

л өліп жатқан итті көрді. Адель итті жолдың шетіне сүйреп апарды да машинасына отырып жолын жалғастырды. Кенет Адель айнадан бір қара машинаның ілесіп келе жатқанын көрді. Адель машинасын оңға бұрса, ол да оңға бұрады, Адель машинасын солға бұрса, ол да солға бұрады. Соңынан қалмай келеді. Бұл машина неге қалмай келеді деп ойлайсыздар?

4

Адельдің ойынша бұл көліктің иесі манағы өлген иттің қожайыны болса керек. Адель не істеді?

5

Адель көлігін тез жүргізе бастады. Соңындағы машина да сөйтті. Сағат 7 болғанда радиодан жаңалықтар беріле бастады. Радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше түрмеден аса қауіпті қылмыскер қашып кетті. Сақ болыңыздар!» - деген хабарлма жолданды. (Жаңалық барысында полицияның кеше түрмеден қашып шыққан қылмыскерді іздеп жатқандығы және оның өте қауіпті екендігі хабарланды). Адель қандай күйде болды деп ойлайсыздар?

6

Адель қатты қорықты. Ол соңындағы көлікте сол қылмыскер отыр деп ойлады. Машинасын қатты жүргізді. Айдынның фермасына жақын қалды, бірақ соңындағы машина да таяп (жақын/қатар) келеді. Адель Айдынның үйіне келіп жетті де, машинадан дереу шығып есікке жүгірді. «Айдын, аш, көмектес, көмектес!» - деп айқайлады, қоңырауды басты.

Айдын қайда деп ойлайсыздар?

7

Бұл уақытта Айдын ас үйде тамақ пісіріп жатты. Ол Адельдің айқайын естіген соң, қолына тапаншасын ала жүгірді. Ол есікті ашты. Сол сәтте, қара машина келіп Адельдің машинасының қасына тоқтап жатты. Машинадан ұзын бойлы жігіт шықты. Бұл жігіт кім деп ойлайсыздар?

8

«Бұл түрмеден қашқан қанішер, бізді өлтіреді» - деп Адель айқайлап жіберді. «Жоқ, жоқ, мен қылмыскер емеспін, түрмеден қашқан қылмыскер сіздің машинаңыздың артында» - деді жігіт.

Қылмыскер Адельдің машинасына қалай мінген?

9