СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«З» және «С» дыбыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

.....................................................................................................................

Просмотр содержимого документа
««З» және «С» дыбыстары»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в среней группе

Өткізу күні / Дата проведения: 12.03.2018

Тәрбиеші / Воспитатель : .

Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация

Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Табиғаттың гүлденуі"

Тақырыбы / Тема: «З» және «С» дыбыстары

Мақсаттары / Цели. Мақсаты:

1. Тәрбиелік – воспитательная : Фонетикалық қабылдауын дамыту, дыбысты ажырата білу.

2.Дамытушылық – развивающая Сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау және артикуляциялық аппараттарын дамыту

3. Оқыту – обучающая : Сөздер мен дыбыстарды ажырата білу

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, , сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение

Билингвалдық компонент :

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Жыл мезгілдерін рет-ретімен атау.

Қай сөзде «с», қай сөзде «з» дыбысы бар екенін айта отырып, сол дыбыстарды дұрыс әрі таза айтылуын қадағалау, сөйлем құрауын ұсыну.

- «ЬІз-ыз-ыз» деп ызылдап дыбыс шығарайық.

- Ненің дыбысына ұқсайды?

«С», «з» дыбыстарын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей керіліп, тістер көрінеді. Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді, тіл ортасы сәл дөңестеніп, екі жағы тістерге жанасады. Деміміз тіл ортасынан шығады.

«3» дыбысына дыбыстық жаттығу жасату.

За-за-за - таза

Зу-зу-зу - жазу

Зы-зы-зы - қозы

Зе-зе-зе - зерек

Аз-аз-аз - жаз

Ыз-ыз-ыз - қыз

Үз-үз-үз - күз

Із-із-із – сәбіз

Буын ішінде келген «с» дыбысын ажыратқызып үйрету.

Са-са-са - сана

Су-су-су - суық

Се-се-се - кесе

Ас-ас-ас - тас

2.Негізгі бөлім

«С» және «3» дыбысының ауада жазылуын көрсету.

«3» дыбысының 3 санына ұқсайтыны айтылады.

Топтағы немесе баска да «3» және «С» дыбысы бар заттарды атау.

Тыныштык сақтап сағаттың дыбысын тындату. Оның

кажеттілігі мен пішіндері туралы әңгіме өрбіту.

- Бәріміз сағат болайық: сырт-сырт, сырт-сырт.

Сергіту жаттығуы.

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезін бұзык-ау,

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің кызык-ау.

(Қ.Ыдырысов).

Дидактикалық ойын: «3 және С дыбыстары»

Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту және «3» мен «с» дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.

Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады.

Дәптердегі №1 тапсырма әр жыл мезгілдеріне сәйкес суреттерді кос, ал №2 тапсырма суреттегі заттың атын ата, оны дұрыс айтып үйрен.

Мақалдың мағынасын түсіндіру.

Судың да сұрауы бар.

Жаңылтпаш жаттату.

Арыктан су сылдырлап ағады,

Сылдырап ағады,

Сылдырап ағады,

Сылдырап ағып,

Сырдарияға барады.

- Күз(з).

- Қыс(с).

- Жаз(з).

Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрайды.

- Ыз-ыз-ыз.

- Араның, масаның дыбысына ұксайды.

Буындар мен сөздерді

тәрбиешімен бірге қайталап, дұрыс дыбыстап сөйлеуге тырысады.

Тәрбиешімен бірге ауада

жазуға талпынады.

«3» дыбысының 3 санына ұқсайтынын біледі.

Өздері білетін сөздерді

атауға атсалысады.

Терезе, есік, сандық, сиыр, сағат, сағыз, сан.

Сағаттың дыбысын салып сыртылдайды, сағат туралы

әңгімелейді.

- Сырт-сырт, сырт-сырт.

Қимылын келтіріп жасайды.

3.Қортынды

балалар біз қандай дыбыстарды өттік,? жарайсыңдар сендерге көп рахет.