СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Заңды және жеке тұлғалармен есептесу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Заңды және жеке тұлғалармен есептесу

Просмотр содержимого документа
«Заңды және жеке тұлғалармен есептесу»

Заңды және жеке тұлғалармен есептесу

Заңды және жеке тұлғалармен есептесу

Жауапты тұлғалармен есептесу. Қызмепткерлердің берешегі 1250 “ Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шоттар топтамасында қарастырылады, ол шот боынша біренеше аналитикалық шоттар ашуға болады. ( 1-ден 9 – ға дейін өзгерту арқылы ). - 1251 «Жауапты қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектері»; - 1252 “Қызметкерлерге несие ретінде сатылған тауарлар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектері”; - 1253 “Қызметкерлердің несие бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектері”; - 1254 “Қызметкерлердің келтірілген материялдық шығынды өндіру бойынша дебиторлық берешкетері” және т.т Жауапты тұлға лынған сома бойынша 3 – 5 күннің ішінде немесе іссапар аяқталғаннан кейін есеп беруге міндетті. Кассадан алынған соманы ұйымның қажетіне жұмсағаны туралы АВАНСТЫҚ ЕСЕП жасалып, ақша қаражатының шығындалғанын растайтын құжаттар қоса тіркеледі. Шығын құжаттарын мыналар жатады: - фискалдық чектер; - дара кәсіпкер патентінің көшірмесі қоса тіркелген тауарлық чекте: - базардан сатып алғаны туралы актілер, оған міндетті түрде базар әкімшілігіне тіркелгені туралы белгі соғады.

Қызметкерлерді іссапарға жіберген кезде, іссапарының мақсаты, іссапарға баратын жері, іссапарының басталған күні мен аяқталатын күні көрсетіліп бұйрық шығарылады. Бұйрықтың негізінде іссапарға жіберілетін қызметкер алдын ала жасалған есеп бойынша аванстық соманы кассадан алады. Іссапарлар шығындарына мыналар жатады: * іссапарға барып кететін жол шығыны (жол шығындары туралы ұсынылған құжаттардың көлемінде); * пәтер ақы төлеміне кеттетін шығындар(ұсынылған құжаттар бойынша); *тәуліктік төлем (куәліктегі іссапраға барып қайтқан күндері көрсетілген белгілерге сәйкес есептеледі), және кеткен күні мен қайтқан күні 2 күн деп саналады. Еңбек табельінде іссапарға кеткен күндердің орнына “К” деген белгі соғады. Ол қызметкердің жұмыс орнында болмай, іссапарға кеткенін көрсетеді. Іссапар аяқталғаннан кейін жауапты тұлға тапсырманың орындалғаны туралы жазбаша түрде есеп беріледі. Кассадан алған аванс сомасын есептен шығару үшін жауапты тұлға аванстық есеп жасап, ақшалай шығындарын растайтын құжаттарды қоса тіркейді.Іссапар шығындарының сомасына жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық салынбайды.

 Іссапар шығындарын растау үшін қажетті тұлғалардың түпнұсқалары ұсынылады: олардың ішінде жол шығындарының билеттері, қонақ үй төлемақысының фискалдық чектері, келіп кеткені жөніндегі белгілі бір қойылған іссапар куәлігі бар.   Аванстық есептер № 7 Журнал – ордерде жазылады.  Айналым сомалары Бас к ітапқа көшіріледі.   Жауапты ьұлғалармен жасалатын есеп тәртібін жақсарту үшін., берілетін сомалардың жұмсалуын бақылап реттеу қажет. Ол үшін есеп саясатының қосымша ретінде “Жауапты тұлғаларға берілетін сомамен жұмыс істеу туралы” Ережені жасап, бекітіп алған жөн.

Іссапар шығындарын растау үшін қажетті тұлғалардың түпнұсқалары ұсынылады: олардың ішінде жол шығындарының билеттері, қонақ үй төлемақысының фискалдық чектері, келіп кеткені жөніндегі белгілі бір қойылған іссапар куәлігі бар. Аванстық есептер 7 Журнал – ордерде жазылады. Айналым сомалары Бас к ітапқа көшіріледі. Жауапты ьұлғалармен жасалатын есеп тәртібін жақсарту үшін., берілетін сомалардың жұмсалуын бақылап реттеу қажет. Ол үшін есеп саясатының қосымша ретінде “Жауапты тұлғаларға берілетін сомамен жұмыс істеу туралы” Ережені жасап, бекітіп алған жөн.

Жауапты тұлғалармен берілетін сомамен жұмыс істеу туралы ереже.   Шаруашылыққа қажетті тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алу, жалға алған жайға ақы төлеу,жеткізушілердің қызметіне қолма қол ақша төлеу жауапты тұлғалар арқылы іске асырылады.   Жауапты тұлғаға берілетін сома – ЖШС кассасынан аталған мақсаттарға төлеу үшін берілетін ақша. Жауапты тұлғалармен материалдық жауапкершілік туралы келісім жасалғаннан кейін ғана кассадан аұша беріледі.   ЖШС кассасынан ақша берудің тәртібі төмендегідей етіп белгіленеді:  1. Сіз ақша сұрап тапсырыс жасайсыз. Тапсырыс бланкісін хатшыдан алуға болады. Онда талап етілген деректердің барлығы толтырылады. Қажетті ақшаны қандай мақсатқа пайдаланатыны анық жазылады. Қажетті соманың мөлшері есептеліп, тапсырыс толтырылған күн көрсетіледі. Бөлім басытығы қол қойып, ЖШС басшысынан немесе басшының орынбасарынан рұқсат алынып, бас бухгалтердің қолы қойылғаннан кейін, ақшаны кассадан алуға болады.

2. ЖШС КАССАСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АҚША БЕРІП, ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН СОМАНЫ ҚАЙТАРЫП АЛАТЫН УАҚЫТЫ: Сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10.00- ден 16.00- ге дейін 3. Кассада сіз кассалық шығыс ордеріне қол қойып соманы аласыз, ақшаны тек қана тапсырысыңызда көрсетілген мақсаттарға ғана жұмсауға міндеттісіз. 4. Айтылған жайлар орындалғаннан кейін сіз кассадан ақша алуға құқылысыз. Алынған сома Кассалық шығыс ордеріне қол қойған жауапты тұлғаның жауапкершілігенді сақталады. 5 . Құжаттардың «заңды» болып саналуы үшін төменгі шарттарды тексеру керек: Шот-фактурада көрсетілген уақыт, фискалдық чектің уақытымен сәйкес болуы тиіс. Егер қызмет түрлері көрсетілген болса, ол кезде қызмет көрсетушілерден ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ АКТІСІ + фискалдық чек + шот-фактура талап етіледі. 6. Жауапты тұлғаның қаржысына сатып алынған заттардың барлығы, тауарлы материалдық құндылықтарды есептен шығарғанға дейін, немесе басқа жауапты тұлғаға өткізгенге дейін жауапты тұлғаның жауапкершілігіне кіріс ретінде тіркеліп тұрады. 7. Есептен шығару Есептен шығару актісімен ресімделеді, ал басқа тұлғаға берілген кезде тауардың мекеме ішіндегі қозғалысын реттейтін құжатпен ресімделеді.

Өкілеттік шығындардың есебі және ресімделуі

Өкілеттік шығындардың есебі және ресімделуі

 Субьектінің жарғылық қызметімен байланысты шығындар өкілетті шығындар болып саналады – олардың қатарына іскерлік байланыстар орнатуға келген өзге ұйымдардың (шетелдіктерді қоса алғанда) өкілдерін қабылдап, күтуге қатысты, семинарлар мен курстарда ұйымдастыруға және субьектінің Жарғылық қызметімен тікелей байланысты өзге де шараларға қатысты шығындар кіреді.   ҚР заңнамаларында өкілеттілік шығындарды есептеу мен ресімдеудің тәртібі бекітілгендіктен, өкілеттілік шығындарды ұйымдастыру мен заңдастыруға қатысты құжаттарды субьектінің өзі жасап, Есеп саясатына қосымша ретінде бекітуге тиіс.   Өкілеттік шығындарға төмендегі шығындар жатады:  - та ңертеңгілік, түсінік және кешкілік ресми қонақасылар ;  - іс - шара өткізу кезінде буфеттік қызмет көрсету;  - мәдени қызмет көрсету;  - аудармашылардың қызметіне ақы төлеу;  - іс - шаралар өтетін жайға төленетін жалдау ақысы;  - музыкалық қолдау;  - қонақүйлердің ақысы;  - кәдесыйлар мен сыйлықтар сатып алу;  - арнайы іс шараларға тікелей қатысты және құжаттар арқылы расталған өзге де шығындар;

ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ РЕСІМДЕУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ҚАЖЕТ:  1. Қонақтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы ұйымның бірінші басшысының  бұйрығы. Бұйрықта мыналар атап көрсетіледі: кімнің, қайдан келетіні; олардың қатысуымен қандай шаралар жасалатыны; көрсетілген шараларды өткізуге қажетті шығындар тізімі; шараны өткізу Бағдарламасы мен Сметалық шығынын жасауға жауапты тұлғаларды тағайындау.  2. Шара өткізудің бағдарламасы, бағдарламаның өтетін уақыты мен орны және онда талқыланатын сұрақтар.  3. Бірінші басшы бекіткен сметалық шығындар, онда әр бап бойынша жұмсалатын соманың мөлшері, сметаның жалпы сомасы, қатысушылардың саны және резервтік соманың мөлшері арнайы көрсетілген.  4. Шараны өткізу Бағдарламасын бекіту, шараны өткізуге жауапты коммисияның және шараны өткізу үшін қарастырылған сметаның жалпы шығынын бекіту туралы бұйырық.  5. Сметаның орындалуы туралы акт, смета жоспарының нақты түрде орындалысын көрсететін құжат, шараларды орындауға арналған соманы жауапты тұлғаның есебінен шығаруға негіз болып табылады.

 Шығындарды растайтын бастапқы құжаттар (аванстық есеп, шығыс және кіріс ордерлері, чектер, сатып алу актілері, бағалар туралы анықтамалар, калькуляция, шоттар, билеттер және т.б).   Іс шаралар аяқталғаннан кейін 3 күннің ішінде жауапты тұлға бухгалтерияға мына құжаттарды өткізеді:  - аванстық есп;  - шығындарды растайтын бастапқы құжаттар;  - сметаның орындалысы туралы акт, оған комиссия қол қояды, бухгалтерия тексеріп, басшы бекітеді.   Қызметкерлердің қарызы № 1 251 «Жауапты тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттар топтамасында жүргізіледі.

Шығындарды растайтын бастапқы құжаттар (аванстық есеп, шығыс және кіріс ордерлері, чектер, сатып алу актілері, бағалар туралы анықтамалар, калькуляция, шоттар, билеттер және т.б). Іс шаралар аяқталғаннан кейін 3 күннің ішінде жауапты тұлға бухгалтерияға мына құжаттарды өткізеді: - аванстық есп; - шығындарды растайтын бастапқы құжаттар; - сметаның орындалысы туралы акт, оған комиссия қол қояды, бухгалтерия тексеріп, басшы бекітеді. Қызметкерлердің қарызы 1 251 «Жауапты тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттар топтамасында жүргізіледі.

Несиелер мен зайымдардың есебі

Несиелер мен зайымдардың есебі

 Мекеме бизнесінің дамуына қажетті әр түрлі мақсаттарға қажетті қосымша ақша қаражатын тарту үшін займ алу тәсілін қолданады. Зайымдық қаржыларды тартудың кең дамыған жолы банкіден зайым (несие) алу болып табылады.   Банкіден зайым алу үшін төмендегі құжаттарды ұсынуға міндетті:  - займ алушы қол қойған өтініш, онда несиенің қандай мақсатқа пайдаланатыны және баланстық құны көрсетілген кепілге қойылатын мүліктердің тізімі көрсетіледі;  - уәкілетті органдардың несие алу туралы шешімі;  - заңды тұлғаның займ алуды қамтамасыз етуге қатысты міндеттеріні орындау үшін мүліктерін кепілге қою туралы уәкілетті органның шешімі;  - займ алуға негіз болатын бизнес – жоспар немесе техникалық – экономикалық негіздеме;  - несиенің пайдалану мақсатын растайтын құжаттар;  - займ алушының салық төлеуші есебінде тіркелгені туралы құжаты және ссудалық қарызы мен салық бойынша берешектерінің жоқтығын қуаттайтын қызмет көрсетуші банктің анықтамасы;  - банктің ойынша займ алушының қаржылық тұрақтылығын ашып көрсететін және растай алатын басқа да құжаттар мен ақпараттар.

Несие банкімен жасалған “Банктік несие келісім шартына” сәйкес беріледі. Келісім шартта төмендегі ақпараттар міндетті түрде көрсетілуі тиіс: - несиенің мақсаты; - берілетін несиенің жалпы сомасы мен валюта түрі; - қайтару тәсілдері мен мерзімі; - қамтамасыз етілуі; - пайыздық сыйақы мөлшері; - займ алушыны ң банкке беретін есептерінің түрлері мен мерзімі. Мекеме займ алған кезде оның кредиттік берешегі пайда болады, ол балансындағы міндеттемелер құрамында көрсетіледі. Бір жылға дейінгі мерзімде орындалуға тиісті міндеттемелер қысқа мерзімді, қалғандарының барлығы ұзақ мерзімді болып саналады. Зайымдардың бухгалтериялық есебі төмендегі шоттар топтамасында жүргзіледі: 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз» 3020 «Уәкілетті органның және Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар» 3040 «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» 3050 «Өзге қысқа мерзімді қаржылыө міндеттемелер» 4010 «Ұзақ мерзімді банктік қарыз» 4020 «Уәкілетті органдарының және Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларда жүзеге асырылатын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар» 4030 « Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер »

Несиелер теңгемен де, валютамен де беріледі, сондықтан соңғы сан “ 0 ” - ді “ 1 ” - ден “ 9 ”-ға дейін өзгерте отырып әр кредит бойынша жеке шот ашуға болады. Бухгалтерлік есеп несие туралы әрбір келісім шарт бойынша жеке жеке жүргізіледі. Егер заем жеке тұлғадан алынған болса, онда мекеменің займ бойынша міндеттемелері 3050 немесе 4030 « Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер » шоттарында есепке алынады, оған қоса займ міндетті түрде пайыссыз болуға тиіс, болмаса ол операция қолданыстағы заңға қайшы келеді. Жеке немесе заңды тұлғадан алынған заемды мекеме, қайтару туралы келісім шарт мерзімі аяқталғаннан кейін белгісіз себептермен үш жылдың ішінде қайтармаса, ол сома мекеменің табысы болып саналады және оған өзге де пайда сияқты корпаративтік салық салынады. Егер жеке тұлғаға берілген заем заңды түрде талап ету мерзімі аяқталғаннан кейін мекемеге қайтарылмаса, онда қайтарылмаған сома жеке тұлғаның пайдасы болып саналып, табыс көзі ретінде салық салынады және мекеменің шығыны ретінде есептен шығарылады, пайдаға салынатын салық есептелген кезде ол сома есепке алынбайды.

Банктік займдардан (несиелерден) басқа коммерциялық (тауарлық) несиелер де болады. Бір ұйымның екінші ұйымға төлемі тауар сатылғаннан кейін қайтару үшін, несие ретінде беруі коммерциялық несиелер қатарына жатқызылады. Коммерциялық несиелер берудің төмендегі тәсілі қолданылады: - вексельдік тәсіл, сатушы сатып алушыдан сатылған тауардың орнына вексель алады. Вексел – құнды қағаз, ол вексель берушінің вексельде көрсетілген соманы вексель ұстаушыға уақыты келгенде, келісілген жерде қарызын сөзсіз түрде қайтарып беру туралы жазбаша міндеттемесі. - келісілген мерзімде ақысы төленген кезде жеңілдік беру шарты. Коммерциялық несиенің бұл түрі, сатып алугы шот жазылған уақыттан бастап, контрактіде келісілген мерзімде төлем жасайтын болса, онда тауар құнына жеңілдік жасалады. Егер олай болмаса, онда барлық сома жеңілдіксіз белгіленген уақытта төленеді. - консигнация, Тауар консигнацияға берілген кезде, сатып алушы тауарды ешқандай міндеттемесіз қабылдап алады. Ақысын берушіге тауар атылғаннан кейін төлейді, олай болмаса тауар ешқандай айыппұлсыз сатушыға кейін қайтарылады.

Еңбекақымен есептесу

Еңбекақымен есептесу

 Еңбеккерлердің еңбекақысымен есептесу № 3350 “Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек” шоттар топтамасында жүргізіледі. Меншік түрлеріне қарамастан заңды тұлғалардың барлығы жергілікті статистика органдарына тиісті формаларға сәйкес еңбек жөніндегі есептерін беруге міндетті. Аталған есепті жасау тәртібі ҚР статистика жөніндегі Агенттік Төрағасының 12 маусым 2002 ж. №38-Г бұйрығымен бекітіліп, ҚР Әділет Министірлігінің 17 тамыз 2002 ж. №1953 бұйрығымен тіркелген.   Еңбек туралы есепте еңбек етушілердің саны, оның категориялары, жұмыс уақытының пайдаланылуы, кадрлар қозғалысы, есептелген еңбекақы қорының мөлшері (ЕҚ) және 1 жұмыскердің орташа мөлшері есептеледі.   Орташа мөлшер дегеніміз - есепт і кезеңдегі орташа арифметикалық көрсеткіш.   Еңбекақыға қатысты төленетін салық түрлері: ТАБЫС КӨЗІНЕН ҰСТАЛЫНАТЫН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ, ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ, ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАУ ҚОРЫНА АУДАРЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ЖАРНАЛАР ЖӘНЕ ЕҢБЕККЕРЛЕРДІҢ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ АУДАРЫМДАРЫ.

Еңбеккерлердің еңбекақысымен есептесу 3350 “Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек” шоттар топтамасында жүргізіледі. Меншік түрлеріне қарамастан заңды тұлғалардың барлығы жергілікті статистика органдарына тиісті формаларға сәйкес еңбек жөніндегі есептерін беруге міндетті. Аталған есепті жасау тәртібі ҚР статистика жөніндегі Агенттік Төрағасының 12 маусым 2002 ж. №38-Г бұйрығымен бекітіліп, ҚР Әділет Министірлігінің 17 тамыз 2002 ж. №1953 бұйрығымен тіркелген. Еңбек туралы есепте еңбек етушілердің саны, оның категориялары, жұмыс уақытының пайдаланылуы, кадрлар қозғалысы, есептелген еңбекақы қорының мөлшері (ЕҚ) және 1 жұмыскердің орташа мөлшері есептеледі. Орташа мөлшер дегеніміз - есепт і кезеңдегі орташа арифметикалық көрсеткіш. Еңбекақыға қатысты төленетін салық түрлері: ТАБЫС КӨЗІНЕН ҰСТАЛЫНАТЫН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ, ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ, ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАУ ҚОРЫНА АУДАРЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ЖАРНАЛАР ЖӘНЕ ЕҢБЕККЕРЛЕРДІҢ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ АУДАРЫМДАРЫ.

ЕҢБЕКАҚЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚ   Қызметкрлерге төленетін қысқа мерзімді сыйақылардың баптарына төмендегілер кіреді:   - Қызметкерлердің еңбекақысы;    - Қызметкерлердің қысқа мерзімге жұмысқа қатыспаған кезінде төленетін төлемдер;   - Ақшалай емес сыйақы түрлері;   Еңбекақы негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.  А) Негізгі еңбекақыға төмендегі тәсілдермен есептелген жалақы жатады:  - тариф және бекітілген жалақы бойынша нақты атқарған жұмыс күндеріне сәйкес есептеу;  - дайындалған өнім көлеміне, атқарылған қызмет түрлеріне арнайы бағалау арқылы есептеу.  Б) Қосымша еңбекақыға төмендегілер жатқызылады:  - ақылы демалыс;  - мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған кездегі төлемдер;  - өндірістен қол үзіп оқу кезінде төленетін төлемдер;  - жұмысқа жарамсыздық парақтары бойынша төленетін төлемдер;  - әртүрлі сыйақылар;  - заңды және жұмыс уақытынан тыс жұмыс істегені үшін төленетін қосымша жалақы;  - пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төленетін өтемақы;  - жұмыссыз тұрған кездегі төлемақы.

 Еңбекақы есептеуде негізгі бастапқы құжаттардың құрамына төмендегілер кіреді:   * жұмыс уақытын есептейтін табель, онда ай бойы әр жұмыскердің жұмысқа қалай қатысқаны туралы ақпарат көрсетіледі. Табель бекітілген жалақы мен тарифтік ставкалар бойынша еңбекақы есептеуге негіз болып табылады;   * бекітілген штаттық кеңес;   * Еңбек Келісі шарты;   * атқарылған жұмыс көлемін белгілейтін нарядтар мен басқа да құжаттар және қолданылатын бағалар;   * қызметкерлерді іссапарға жіберу, сыйақы төлеу мен басқа да қосымша еңбекақы мен өтемақылар төлеу туралы бұйрықтар;   * ж ұмысқа жарамсыздық парақтары.     ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ  1. өндірілген өнімге жекелей ақы төлеу.  2. өндірілген өнімге бригадалық жүйе бойынша еңбекақы төлеу  3. өнім көлеміне қарай тікелей сыйақы қоса еңбекақы төлеу жүйесі.  4. еңбекақы төлеудің аккордтық жүйесі  5. еңбекақы төлеудің басқа да жүйелері мен түрлері.

НЕГІЗГІ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ  Негізгі еңбекақыны есептеу тәртібі.   Еңбекақыны есептеу 3350 “Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек” пассивтік шоттар топтамасында жүргізіледі.   Ұйымдардағы еңбекақыны есептеу төмендегі құжаттар бойынша жасалады:   - ай сайынғы есептік төлем ведомосы;   - немесе ай сайынғы есептік ведомосттар және төлем ведомосттары бөлек жасалады;   - немесе жыл бойы пайдаланылатын, кітап етіп тігілген есеп ведомостары қолданылады.   ҚОСЫМША ЕҢБЕКАҚЫ   Орындаған жұмыс пен атқарылған жұмыс уақытына тікелей қатысы жоқ төлемақы, қосымша ақы, өтемақылар қосымша еңбекақының қатарына кіреді. Қосымша еңбекақының көлемін есептеп шығару үшін, айлық, күндік, сағаттық орташа еңбекақы көрсеткіші жиі қолданылады.

ЕҢБЕКАҚЫДАН ҰСТАЛЫНАТЫН ҰСТАЛЫМДАР Еңбекақыдан төмендегі сомалардың ұсталуы мүмкін: - жеке табыс салығы (ЖТС); - Жинақтау Зейнетақы Қорларының міндетті аударымдары; - сот шешімдері бойынша; - жеке сақтандыру клісім шарты бойынша сақтандыру жарналары; - мекемеге қарыздарын өтеу төлемдері. ЖЗҚ аударысдары. ЖЗҚ есебі 3220 “Зейнетақы аударысдары бойынша иміндеттемелер” пассивтік шотында жүргізіледі. Аударысның ең төменгі еңбекақының 10%- нан кем болмауға тиіс. Арнаулы салық режимін қолданатын субьектілерден басқалары, ЖЗҚ міндетті жарналарын есепті айдан кейінгі айдың 20 – жұлдызынан кешіктірмей төлейді. Аудару мерзімі кешіктірілсе әрбір кешіктірілген күн үшін қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде қызметкерлердің пайдасына айыппұл есептелінеді. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап Ұлттық Банк қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерін 11% көлемінде бекіткен. Есептелген айыппұл шығындары мекеменің таза пайдасының есебіне жатқызылады. Міндетті зейнетақы жарналарының сомасы ұсталмайды: қызметкерлеге келтірілген зиянды қайтарған кезде; экологиялық апатқа байланысты; медициналық қызмет төлемдерінен; бала туу, жерлеу кезінде төленетін төлемдерден; пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысынан

 Жеке табыс салығы.   Салық жылындағы салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар салық төлеуші болып табылады.   Салық салынатын нысандар:  - салық салынатын табыс көздері;  - салық салынбайтын табыс көздері.   Еңбекақыға теңгерілген жеке тұлғалардың табысынан ұсталынатын салық ставкасы 10% ЖТС есептеу кезінде қызметкер еңбекақысының ең төменгі жалақы мөлшеріне тең бөлігі салық салудан босатылады.   Жеке тұлғаларға қатысты табыс салығының есебі 3120 “Жеке табыс салығы” пассивтік шотында жүргізіледі.

 ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР   Жұмыс берушінің жұмыскерге төлейтін барлық табыс түрлері, оның ішінде ақшалай немесе натуралдық түрлері де бар, салық салудың нысандары болып саналады. Мекеменің шаруашылық қызметіне талдау жүргізілген кезде әлеуметтік салық бойынша есептелеген шығындар, мекеменің қызметкерлерге төлеген еңбекақы шығындары болып есептеледі.   Әлеуметтік салық төлеушінің қатарына мыналар кіреді:   а) заңды тұлғалар ҚР резиденттері мен резидентті есместері;   б) дара кәсіпкерлер, арнаулы салық режимін қолданушылардан басқалары;   с) жеке нотариустар, қорғаушылар.   Жеке тұлғаларға төленген шығындар бойынша есептелген әлеуметтік салықтың есебі 3150 “Әлеуметтік салық” пассивьік шотында жүргізіледі.   Әлеуметтік салықты есептеу ай сайын салық салу нысанына 11% ставканы қолдану арқылы жүргізіледі және есептік айдан кейінгі айдың 25 жұлдызынан кешіктірілмей бюджетке төленуге тиіс.

БЕРУШ ІЛЕР ЖӘНЕ САТЫП АЛУШЫЛАРМЕН ЕСЕПТЕСУ.

БЕРУШ ІЛЕР ЖӘНЕ САТЫП АЛУШЫЛАРМЕН ЕСЕПТЕСУ.

Шағын және орта бизнес субьектілерінің қарым – қатынасын реттейтін № 2 ҚЕҰС шаруашылық субьектілерінің арасыгда есептеусудің әр түрлі тәсілдерін қарастырады, оның ішінде қаржылық және одан туындайтын өзге де түрлері бар (вексельдер, өзара есеп және т.б). Сатып алушылар мен берушілер қолма - қол ақшамен, сонымен қатар қолма – қол ақшасыз, тауар, жұмыс, қызмет түрлерін айырбастау, басқаша айтқанда бартерлік жолмен де өзара есептесе алады. Есептесу операцияларының барысында дебиторлық (сатып алушылар мен есп) жәнеи кредиторлық (берушілер мен мердігерлермен есеп) берешектер пайда болады. Есептесу қолма- қол жүргізілген күннің өзінде бухгалтерлік есеп бойынша бұл операциялардың проводкалары міндетті түрде жасалады. Қаржылық операциялардан туындайтын өзге де тәсілдерді қолданған кезде, өзара есептесу операцияларына бірнеше заңды тұлғалар қатысып, қарызды талап етіп, өндіріп алу құқықтары сатып алынады. Әр түрлі себептерге байланысты кредитордың берешкетері жойылып немесе есептен шығарылады. Сондықтан №2 ҚЕҰС бойынша мәннің формадан үстемдігі принципін қолдану басшылыққа алынады. Оны былай суреттеуге болады: “Операциялармен өзге де оқиғалардың шынайылығын қамтамасыз ету үшін, оларды тек қана заңдылық тұрғысынан қарастырып қана қоймай, мәні мен экономикалық тұрғыдан шынайылығын да ескеру қажет”. Сондықтан кей кездері бухгалтерия бухгалтерлік есептің принцептері мен негіздеріне сәйкес келе бермейтін, құқықтық талаптарды өзге тұлғаға беру туралы келісім шарттың да мәліметтерін есепке алады. Ол кездері проводканың орнына операциялардың мазмұнын көрсететін бухгалтерлік анықтама жасалады.

 Әдетте, ұйым берушілер мен мердігерлермен ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес реттелетін келісім шарттар жасайды. Тараптардың қарым - қатынасын реттеуде келісім шарттың дұрыс және толық жасалуы аса маңызды болып табылады. Сондықтан, кейіннен сенімсіз берушілерден опық жеп қалмау үшін келісім шартты қалай - болса солай жазып, қағазды үнемдемей, керісінше барлық шарттарды қамтып, тіпті артық жайлардың өзінде көрсеткен дұрыс.   Берушілер мен мердігерлер мен алдын ала ақы төлеу түрінде, немесе тауарды сатып, жұмысепн қызмет түрлері атқарылған кейін де жасалады. Есептесудің негізін операциялардың атқарылғанын растайтын шоттар мен басқа да құжаттар құрайды (базардан сатып алу актісі, фискальдық чектер, фискальдық чектер қоса тіркелген тауарлық чектер).   Шот – фактураларға мына қосымшалар міндетті түрде тіркелуге тиіс:   - шығыс құжаты:    - алым – берім акті;   - жұмыстын орындалғаны туралы акті.

Сатып алушылар мен берушілермен есептесу Сатып алушылар мен берушілердің арасындағы есептесу қолма – қол ақшасыз және бекітілген мөлшердегі қолма – қол ақша сомасын пайдалану арқылы да жүргізіледі. Есептесу түрлері келісім шарт бойынша анқыталады. Шоттардың үлгілік жоспарында сатып алушылар мен есептесу үшін, жойылу мерзімдеріне қарай төмендегі шоттар қолданылады: 3510 “Алынған қысқа мерзімді аванстар” 4410 “Алынған қысқа ұзақ аванстар” 1210 “Сатып алушылар тапсырысшылардың қысқа мерзімді берешегі” 2110 “Сатып алушылар тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі” Қосылған құн салығы. Бухгалтерлік есепте көрсету тәртібі. Қосылған құн салығы (ҚҚС) тауар өндіру мен айналым (орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) үдерісіне байланысты қосылған құнның бюджетке аударылатын бір бөлігін көрсетеді. Шоттардың үлгілік жоспарында ҚҚС есебін жүргізу үшін төмендегі шоттар пайдаланылады: 1420 “Қосылған құн салығы” – есепті кезеңде ұйымның берушілер мен мердігерлердің шоттары бойынша төленген ҚҚС сомасы. 3130 “Қосылған құн салығы” есепті кезеңде сатылған тауарлар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтер үшін есептелетін ҚҚС осмасы.