3 мин | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушыларды психология лық дайындау. Өзін -өзі реттеу. | Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу. Балалар сендер бір сыныпта оқып, бір үйдің балаларындай ынтымақты болуымыз керек. Бүгінгі сабағымызды біз бір шаңырақ астында деген тренинг арқылы бастаймыз. Өйткені мен шаңырақ болсам, сендер менің уығымсыңдар. Уық мықты болмай шаңырақ биік болмайды. Сендер бір біріңе мейірімді, ынтымақты, білімді, тату болсаңдар менің биікте самғайтыным анық.  Бір шаңырақ астында тренингі арқылы оқушылар шаңырақты айнала тұрып, уықтарды құрайды. Көңіл - күйлерін көтеру үшін (оқушылар бір-біріне күміс күлкілерін, жылы лебіздерін білдіру) (Жас баланың күлкісінің дауысын естірту, бірге қосылып күлу) ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. | Оқушылар ортаға шығып шаңырақ болып қолдарын жоғары көтеріп бір шаңырақ астында айналып жүреді. Бір – біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді. - Бүгінгі күнің сәтті өтсін. - Сабағыңды беске оқы, ата-анаңның үмітін ақта. |
|
3 мин | Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу. | Шаңырақтың астында қол ұстасып тұрып, санау арқылы 3 шағын топқа бөлу. Отбасын еске түсіру. «Енші алу» салты бойынша түсіндірме жүргіземін. | Оқушылар саналып ,шағын топтарға бөлінеді | Топ реті көрсетілген парақшалар. 1-топ –«Алғырлар» тобы 2-топ –« Тапқырлар» тобы. 2-топ –« Зеректер» тобы. |
5 мин | Үй тапсырмасын сұрау, бекіту Сұрақ-жауап
Қызығушылықты ояту | Миға шабуыл әдісі. Ұяшықтарды таңдау. Сұрақтарға жауап беру. Сөз таптары нешеге бөлінеді? Сан есім дегеніміз не? Жалқы есім дегеніміз не? Кім не сұрағына жауап беретін сөз табы? Кім не сұрағына жауап беретін сөз табы?  |
Ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Талқылайды.
Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөз табын айтады. | Слайд |
15 мин | Жаңа сабақ Зат есім «Жигсо» әдісі 1-тапсырма 2-тапсырма Сергіту сәті. 3-тапсырма «Ақылдың алты қалпағы» әдісі | 
Оқулықпен жұмыс. 1 – жаттығу. Мәтінді оқы. Алдымен бұйымдардың,содан кейін ыдыс атауларын теріп жаз. Бұйымдар Ыдыстар Тостаған, табақ, кесе,қасық, ожау, шара 1 – топқа тапсырма 2 - жаттығу. Сөздер тобын толықтырып жаз. Адамның аты - жөні: Оразұлы, ... , … . Жер аттары: Сарыарқа, … , … . Өзен - көл аттары: Балқаш, ..., ..., ... . Тау аттары: Қаратау, ..., ..., ... . Қала аттары: Жаркент, ..., ..., ... . 2 – топқа тапсырма 3 - жаттығу. Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдырып жаз. Олардың неліктен кіші әріптен басталып жазылатынын түсіндір. Алматы - алматылықтар Панфилов - панфиловшылар Астана - астаналықтар Суворов - суворовтықтар Семей - семейліктер Америка - американдықтар 3 – топқа тапсырма 4 – жаттығу . Жаңылтпашты жатқа айт. Қосымшалы зат есімдерді бір бөлек, түбір күйіндегі зат есімді бір бөлек жаз.
Қосымшалы зат есім Түбір күйіндегі зат есім   «Жау - жау жаңбыр»
Шығармашылық тапсырма Ертегіні аяқта. Жануарлар аттарын теріп жазып, оларға сұрақ қой  Ертегідегі жануарлардың аттарын үш тілде айту. Сахналап көрсету.
Талдау табыс кілті. Зат есімді оқушылардың меңгеруі тақырыбын жан жақты талқылауды ұсыну. 
| Әр топ зат есімді еске түсіріп, мысалдар келтіреді, өзара талқылап, келесі топқа түсіндіреді. Тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады. Талқылайды. І топ –ІІІ деңгей. Ертегіні аяқтап, сахналап көрсетеді. ІІ топ –ІІ деңгей Жануарлардың аттарын теріп жазып оларға сұрақ қояды. ІІІ топ - I деңгей Ертегідегі жануарлардың аттарын үш тілде айтады. | Тапсырма жазылған үлестірмелі материалдар. Оқулық, дәптер, қаламсап.
Оқулық, дәптер, қаламсап, Дәптер, қаламсап, оқулық. Постер, маркер, қаламсап, түрлі-түсті қағаздар,қайшы. |
3 мин | Бағалау. | Әр топтың басшысын сайлап, тапсырма орындау барысында, топ мүшелерін бағалатады. Топтық жұмыстарда топтар өзара бағаланады. | Әр топ басшысы өзінің топ мүшелерін бағалайды. Топтар өзара бір-бірін бағалайды. | Бағалау парақшасы, бармақша, фигура, смайлик. |