СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Заттар қандай пішіннен құралады

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эта готовая разработка для дошкольника которому учать по математике.Есть стихи,песни о треугольнике,квадрате и т.д

Просмотр содержимого документа
«Заттар қандай пішіннен құралады»

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Заттар қандай пішіндерден құралған?

Мақсаты:

Ақпараттық құзіреттілік:Балалардың геометриялық пішіндер туралы түсініктерін тиянақтау,пішіндер жайлы білімдерін анықтау.

Коммуникативтік құзіреттілік:1-10 дейін тура және кері санауға үйрету,пішіндерден не құрастыруға болатынын анықтау.

Проблема шешу құзіреттілігі: Балалардың ойлау,көріп-тану,есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.

Жалулық шеңбері

Дөңгеленіп тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып қане біз

Ақ тілекті жолдайық.

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң бақшамыз

Қайырлы таң достарым

Балалар бүгінгі қарапайым математика оқу қызметінде біз пішіндер туралы білімдерімізді көрсетеміз.алдымен пішіндерге тоқталайық.

Суретпен жұмыс

Қандай пішін?

Түсі қандай?

Енді пішіндерге ұқсас заттарды айтайық.Суреттегіден басқа тағы қандай заттар ұқсайды.Мынау нелер балалар?Қане санайық.Біз тура және кері санай білеміз бе?

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,Енді кері санайық.

Балалар бір дыбыс естіле ме,тыңдайықшы,бұл кім болды екен?

Топқа аққала кіреді.

  • Сәлеметсіңдерме балалар.ой сіздерде қандай жылы менің қолым тоңып қалды,сіздермен бірге жылы жерде отырсам болама?

  • Әрине болады.Аққала сіздің қолғабыңыз жыртылып қалыпты ғой,сол себепті қолыңыз тоңып қалған ғой,қане балалар аққалаға қолғабын жамауға көмектесемізбе?Бұл қолғап пішіндеріміз тәрізді жыртылған екен,қане біз оны түрлі пішіндермен жамап келтіріп берейік

Ойын : «Қолғап жамау»

  • Қазір қай жыл мезгілі екенін сендер білесіңдерме?Бұл жыл мезгілінің ерекшелігі қандай?Қыста не жауады?Қар қандай?

Балалар сендер бәрін біледі екенсіңдер.

Балалар біз пішіндер туралы білімдерімізді аққалағ көрсетейік.ендеше ойын ойнайық

Ойын: «Заттар қандай пішіннен құралған?»

Пішіндерден үй,зымыран,аққала,ағаш,балапан,аққала құрастыру.

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста

Емін еркін тыныста

Оң қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қол босқа тұрмасын

Шеңбер жасап тынбасын.

Аққала: Баллаар мен сендердің енді ойлау қабілеттеріңді байқау үшін сұрақтар қояйыншы?

Логикалық есептер

Бес алманың біреуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?


Жаңа ғана шалғанда

Төрт бұзау жүр еді

Әлде шаршап қалды ма

Жатып қалды ма

Жатып қалды біреуі

Нешеуі енді жайылып

Жүргенін айт айырып


Әкем анам

Ағам және мен

Отыр едік шәй ішіп

Әпкем келді сабақтан

Нешеу болдық бар кісі?

Жарайсыңдар балалар,мен сендерді білімдеріңе ризамын.Мен жылындым енді қайтайын.Көп рахмет сендерге.Сау болыңдар.

Ойын: «Қандай пішін жетіспейді?»

Ән: «Пішіндер әні»

Ойын: «Жасырын санды тап»

Санамақ

Кел санайық санамақ

Саусақтарды даралап

Бас бармағым алғашқы

Балан үйрек жалғасы

Ортан терек атасы

Шылдыр шүмек анасы

Шынашағым балапан

Бәріне ортақ алақан

Ән: «Санау әні»

Балалар бүгінгі еңбектеріңізді жұлдызшамен мадақтаймын.Балаларды мадақтау.