СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жабайы аң - аю" мүсіндеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: мүсіндеуге деген қызығушылығын тудыру, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Мүсіндеудің таныс тәсілерін бекіту: домалақтау, созу, бөліктерді бір – біріне қосу.

3.Оқыту – обучающая: Балаларды бірнеше бөлікетен тұратын заттарды мүсіндеуге үйрету. Бөліктерді біріктіруді жетілдіру,жануарлардың мүсінін жасауды үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Жабайы аң - аю" мүсіндеу»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.

Пән/Предмет: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Аңдар қалай қыстайды?»

Тақырыбы/Тема: «Жабайы аң - аю»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: мүсіндеуге деген қызығушылығын тудыру, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Мүсіндеудің таныс тәсілерін бекіту: домалақтау, созу, бөліктерді бір – біріне қосу.

3.Оқыту – обучающая: Балаларды бірнеше бөлікетен тұратын заттарды мүсіндеуге үйрету. Бөліктерді біріктіруді жетілдіру,жануарлардың мүсінін жасауды үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, түсіндіру және көрсету.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: ермексаз, тақтай, стек пышағы, майлық, үлгі, аюдың суреті.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: аю-медведь


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: -Балалар мен балабақшаға келе жатсам біреу мына әдемі қорапты біздің есіктің алдына тастап кетіпті үстінде хаты бар.

(Хатты оқиды)

-Бұл сандықта ерекше бір жануар бар. Қорапты ашу үшін жұмбақ шешу керек.

Жұмбақ:

-Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (Аю)

Билингвалдық компонент: аю-медведь

Балалар, аю жабырқау, оны достары жоқ екен. Сендерде көп достарың бар, ал ол жалғыз.

Біз аюға қалай көмектесеміз?

Дұрыс айтасыңдар, аюға достар жасап берейік. Ол үшін алдымен аю туралы біліп алайық.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Суретпен жұмыс.

Аюдың дене мүшелерін атайықшы: басы, денесі, қолдары мен аяқтары.

Дұрыс ендеше біз аюға достар жасайық.

-Аю қандай түсті болады?

Балалар біз бүгін қоңыр немесе ақ ермексаздан аюдың мүсінін жасаймыз.

Мүсіндеу ретін көрсетемін.

Ермексаздан үзіп бір бөлігін аламыз. Ол басы болады. Ермексазды екі алақанымызбен, домалату арқылы басын жасаймыз.

Екінші бөлігінен денесін жасаймыз. Ол үшін ермексазды алып домалатамыз, есеміз. Бізде шұжық сияқты сопақша пайда болады.

Үшінші бөлігінен қолдары мен аяқтарын жасаймыз. Аюда неше аяқ болады? Ал қолдары? Сонда біз неше сопақша істейміз?

Қолдары мен аяқтарын денесіне қосып сылау керек. Енді денесін қоя тұрамыз.

Келесі істейтініміз құлақтары. Екі құлағын жасаймыз. Домалатамыз да жалпақтаймыз. Басына жапсырамыз.

Көздерін ақ ермексаздан, ішін қарадан жасаймыз.

Тұмсығы қоңыр болады.

Құйрығын жасаймыз.

Басын денесіне қосамыз. Сылаймыз.

Сергіту сәті:

Ормандағы аю ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға (солға) бұрды,

Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.

Оңға (солға) бір, ағаштарды байқап көрді.

Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.

Балалардың жұмыс жасауын бақылаймын, қиналған балалармен жеке жұмыс жасаймын.

Жеке жұмыс: Гумарға, Маликаға ермексазды дұрыс бөлуді үйретемін.

Аз қимылды ойын: «Ұйқыдағы аю»

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар, біздің аю көңілденді, енді оның көп достары бар. сендерге рахмет айтуда. Аю бізге өзінің сүйікті құлпынайларын сыйлады.

Балаларды мадақтау.