Просмотр содержимого документа
«Жабайы және үй құстары. Ұрпақ тіршіліктің жалғасы.»
Бекітемін:
Күні: 13.05
Сынып: 2
Пәні: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй құстары. Ұрпақ тіршіліктің жалғасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құстар туралы түсінік беру. Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын,
қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға,табиғатты сүюге үйрету. Олардың өз өмірінде қандай рөл атқаратынын санасына қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау, сөздік, практикалық, талдау-жинақтау, мадақтау.
Көрнекілігі: құстардың суреті, ұя, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
-Оқушыларға аудиожазба тыңдату. Сол аудиожазба арқылы жаңа тақырыпты ажырату.
2. Оқушылар топқа бөлінеді.
-Оқушыларға көк және қызыл қағаздарға құстардың аттары жазылып ұсынылады. Оқушылар қағаздардағы құстарды оқи отырып қызыл түстегілер бір топқа, көк түстегілер екінші топқа ұшып барып отырады.
«Кір ілгіш» жіп әдісі арқылы оқушылар топтың аттарын анықтайды.

ІІ. Өткенді пысықтау
-Оқушылар өткен сабақта үй және жабайы жануарлармен танысқан болатын. Соған байланысты буклет жасап әкеледі және қорғайды.
-Оқушыларға жануарлар бейнеленген суреттер таңдауға ұсынылады. Бейнеленген жануарды сипатттайды.
ІІІ. Жаңа сабақ
-Оқушылармен құстар туралы әңгіме жүргізіледі. Оқушылардың алдыңғы білімдерін ескере отырып құстар туралы түсінік беріледі.

Топтық жұмыс
1-топтың оқушыларына құстар бейнеленген суреттер таратылады. Сол құстардың ішінен үй құстарын ажыратады.
2-топтың оқушыларына құстар бейнеленген суреттер таратылады. Сол құстардың ішінен жабайы құстарды ажыратады.

Оқулықпен жұмыс
Оқулықта берілген жыл құстары мен қыстап қалатын құстар туралы әңгіме жүргізіледі.


«Білгенге маржан»
Оқулықта берілген құстарды оқушылар «Мен» әдісі арқылы айтып шығады.
1-оқушы: Бәбәсек
2-оқушы: Бірқазан.
Сергіту сәті
Оқушыларға құстардың аттары айтылады. Үй құстарын естігенде қол шапалақтайды. Жабайы құстарды естігенде аяқтарын тықылдатады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
1 – топ: Үй құстарының пайдасы.
2 – топ: Құстарға қалай көмек береміз.
V. Сабақты қорыту
Оқушылар жабайы және үй құстары туралы үйренгендерін А4 қағазына жапсырады.

VІ. Үйге тапсырма
Жабайы және үй құстары тақырыбын оқып, мазмұндау. Құстар туралы қызықты мәліметтер әкелу.
VІІ. Бағалау