СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Жай бөлшектерді қосу және азайту»

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Күні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Осы сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

5.1.2.17

бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Сабақ мақсаты:

Бөлімдері бірдей бөлшектер туралы түсініктері қалыптасады.

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін біледі.

Амалдардың орындалу ретін біледі.

Бағалау критерийі

  1. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосындысын табады.

  2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады.

Тілдік мақсаттар:



Оқушылар:

- жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады;

Пәндік лексика және терминдер:

-жай бөлшектерді қосу және азайту;

-арифметикалық амалдар алгоритмі.

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

- бөлімдері бірдей екі бөлшекті қосу үшін ... керек;

- бөлімдері бірдей екі бөлшекті азайту үшін ... керек.

Құндылықтар баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият. Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы. Оқушылардың денсаулығын басты назарда ұстау.

Пәнаралық байланыс

қазақ әдебиеті, информатика

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Бес сөз, бір сөйлем» әдісі бойынша өткен тақырыпты пысықтау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланаған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

Махараджа ертегісі

Үнді елінде Махараджа өзіне министр таңдайды. Ол былай деп жарлық салады. Кімде-кім қала қабырғасына дейін толы сүті бар құмыраны төбесіне қойып, төкпей толық әкелу керек дейді. Көптеген адам жүріп өтеді, бірақ жолда әр нәрсеге қарап, сүтті төгіп алады. Ал енді біреуі төкпей әкеледі. Жан-жақтағылар оған айқайлап қорқытып, әр нәрсеге алдандырады. Сонда да ол төкпей әкеледі. Сол кезде Махараджа: мен саған айқайлап, қорқытқандарды көрдім сен қалай төкпей әкелдің деп сұрайды? Жоқ мен тек сүтке қарадым, бар назарымды сүтке аудардым,-дейді әлгі адам. Ендеше барлығымыз бар ойымызды тек қана сабағымызға назар аударайық.

2 топқа бөлу: кеспе қағаздар арқылы (топ ережесімен таныстырылады, топ басшысы сайланады)

Кеспе

қағаздар,

суреттер


Сабақтың ортасы


Топтық жұмыс. «Миға шабуыл» стратегиясы. АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып суреттер көрсету арқылы ой шақыру. Суретке қарап отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.


Талқылауға арналған сұрақтар, суретке қарап сұрақтарға жауап беру:

  • Суреттерде нелер бейнеленген?

  • Қанша бөліктері боялған?

  • Қандай математикалық амалдар қолданылған?

  • Сурет бойынша не түсіндік?

Жеке жұмыс. Оқушыларға 2х4 өлшемді тіктөртбұрыш салуды және оны бірдей сегіз бөлікке бөлуді ұсынамын. бөлігін көк түске , ал бөлігін қызыл түске бояуды ұсынылады.

Тапсырмаға байланысты сұрақтар қойылады.

Мысалы:

1.Тіктөртбұрыштың барлығы қанша бөлігі боялған?

2. Орындалған әрекетті санды өрнектің көмегімен қалай жазуға болады?

Оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмаларды қолдану

А деңгейінің есептері №501, №502, №503

В деңгейінің есептері № 508, №509, №510

С деңгейінің есептері № 521, №522

Бас бармақ арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Оқушылар

  • толықтай түсінсе, сенімді болса көрсетіп, бас бармағын жоғары көтереді.

  • түсінуге жақын болса, аздап білсе, көрсетіп, бас бармағын ортада ұстайды.

  • егер түсінбесе, сенімсіз болса, көрсетіп, бас бармағын төмен түсіреді.


Жұптық жұмыс

Бесжұлдызды смайликтер беру арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.


Интербелсенді тақта, оқулық, плакат, түрлі-түсті қағаздар, маркер, қарындаш

тар


















Түрлі-түсті бояу

























«Бесжұлдыз» смайликтері

Сабақтың соңы


Топтық жұмыс

bilimland сайтынан 3-4 жаттығуларды орындайды.


Дискриптор: жай бөлшектерді қосуды және азайтуды біледі. Топ басшысы топ мүшелерін бармақ әдісі арқылы бағалайды.

http://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=11522


Рефлексия

(кері байланыс)

5 минут

Сабақ соңындағы кері - байланыс.

Бүгін сабақ қызықты әрі түсінікті болды.

Әлі де түсінбеген сұрақтарым бар.

Сабақ қиын болды, ештене түсінбедім.

Үйге тапсырма: №504, №505, №511

Күн, бұл, бұлттан шыққан күн суреті

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

  • Сабақ барысында АКТ пайдалану арқылы сабаққа деген қы-зығушылығы, жауапкершілігі артты.

  • Үлгерімі жоғары оқушыға жоғарғы дәрежедегі сұрақтарды қойылды.


  • Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.

  • Топтық, жеке, жұптық жұмыстардан соң оқушыларды бағалау мақсатында жақсы жауап берген топтар, оқушылар бағаланып бас бармақ, бесжұлдызды смайлик арқылы бағаланып отырды.

  • Күн, бұлт, бұлттан шыққан күн -оқушылардың сабақты түсінгендерін не түсінбегендерін білдірді.

Көзге арналған жаттығу жасалды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ма? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ мақсаттары шынайы қолжетімді болды. Барлық оқушылар бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды үйренді. Білімландтан тапсырмалар орындағанда оқушылар қызығушылықпен орындады. Сабақ уақытында уақыт тиімді пайдаланылды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  1. Сабақта қолданылған тапсырмалар қызықты болды.

  2. Тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай келді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  1. Сын тұрғысынан ойлай отырып қатысушылар сабаққа, оқуға деген ынтасы, қызығушылығын арттыра алды.

  2. Оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалаудың түрлері қатысушылардың реттелуіне, біріге отырып жұмыс жасауына әсер етті.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

  1. Сабақ барысында қолданылған әдіс тәсілдер тиімді екенін білдім. Жекеленген оқушыларға сараланған тапсырмалар беру керек екенін түсіндім.