Ұйымдастыру- іздестіру
Сергіту сәті
|
- Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
- Малдардың жүрген жері қалай аталады деп ойлайсыңдар?
- Жайылымға қай мезгілде малдарды жібереді.
- Егістік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Жұмбақ жасыру:
- Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.
/Түйе/
- Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар.
Иегінде сақалы бар,бір сыпырғышы бар.
/Ешкі/
Сөздік жұмыс: Киіз үй, жайлау, өріс, майса, жайылым, алтыбақан, егістік.
Д/ о. «Сөзге сөз қос»
Мақсаты: Балаларға сөз ұйқасын таба отыра көпше, жекеше түрлерде қолдана сөйлемді құрастыруға үйрету.
-Жайылым, жайылым, жайылымда не жайылып жүр?
- Жайылым, жайылым, жайылымда мал жайылып жүр.
Жайылым, жайылым, жайылымда нелер жайылып жүр?
- Жайылым, жайылым, жайылымда төлдер жайылып жүр.
Д/о. «Шақырамыз төлдерді»
Ұзын құлақ шұнақты,
Шақырамын лақты:
Қойдан жуас бозымды,
Шақырамын қозымды
Білмейтұғын ұзауды,
Шақырамын бұзауды.
Алатаудай жоталы,
Шақырамын ботаны
Желбеген тұлымды,
Шақырамын құлынды.
Шөбі шүйгін,суы салқын.
Бұлағы мөлдір,ауасы таза,
Біздің жайлау, біздің жайлау,
Біздің жайлау, осындай.
Д/о. «Суретті құрастыр»
Дәптермен жұмыс: Жайлауға қажетті суреттерді сызықпен қос та ата.
Д/о. «Кім, не істейді»
Мақал—мәтел:
«Жерің отты болса малың сүтті болады»
«Мал-баққанға бітеді»
|
Бейнелеу орталығында балалар жайылымға қажетті заттар мен құрал-жабдықтарды қиып, желімдейді. Екінші топ әдебиет орталығында сюжетті сурет бойынша жұмыс жүргізеді.
Балалар сұрақтарға суретке сүйене отыра және алдынғы алған білімдерімен жауап береді.
Балалар жұмбақтың шешімін табады.
Сөз ұйқастарын жекеше, көпше түрде ұйқастырады.
Шөре, шөре, шөре.
Пұшайт, пұшайт,
Ауһау, ауһау,
Қос, қос.
Құрау, құрау.
Сөздердің мағынасына сәйкес қимылдарын жасап келтіреді.
Балалар суретті құрастырады. Сурет бойынша бөлшектеп әңгіме құрастырады.
Суреттерінің ішінен қажеттілерін белгілейді.
Мақалды жаттайды және мағынасын ашады.
|