СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Жайнай берсін - Астанам»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еліміздің маңызды мерекелерінің бірі  Астана күні құтты болсын!                   Астана күні - еліміздегі жарқын да,  жасампаз  мерекелерінің  бірі.  Өйткені,   Астана – тәуелсіздіктің  тірегі,  халқымыздың  болашаққа  деген  сенімі.

Просмотр содержимого документа
««Жайнай берсін - Астанам»»

Мақсаты: Балаларды Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен

таныстыру. Отанын, туған жерін,еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру. Бас

қала – Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік

және мақтаныш сезімдерін тудыру.


Жүру барысы:


Жүргізуші: Құрметті әріптестер мен қонақтар!

Еліміздің маңызды мерекелерінің бірі Астана күні құтты болсын! Астана күні - еліміздегі жарқын да, жасампаз мерекелерінің бірі. Өйткені, Астана – тәуелсіздіктің тірегі, халқымыздың болашаққа деген сенімі.

Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам - мәңгі жарық аспанымсың.
Астанам - пейіш қала, ел арманы,
Астана қайда жүрсем мақтанышым – дей отырып,

«Жайнай берсін - Астанам» атты мерекелік іс шарамызды бастаймыз. Ортаға №7 «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндерін , №9 «Мереке» тобының және №12 «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен шақырамыз.



Әнұран орындалады.


Жүргізуші: Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған елің, туған жерің, дос - жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Осы үлкен Отанның ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әр уақытта да қымбат. Өйткені, сен туған өлке, саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Туған ел, туған жерсіз адамның күні жоқ.


- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Елордамыз қай қала?
- Астана қаласы.

- Астана күнін қашан атап өтеміз?

- 6 шілде.


Жүргізуші: Дұрыс - ақ, балалар, ендеше Отан, туған ел, елордамыз -Астана туралы жырлап, ән шырқайық.


Кезекті №7 «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндеріне береміз.


Нұрсәуле: Елордам менің-Астанам

Осында жаңа бастам.

Сәулетті зәулім үйлер көп,

Көрікті сондай жас қала.


Ақылхан: Бәйтереу құшақ жайған көшем жаңа,

Астана қарқын алды өсер дала.

Есілдің жағалауын жарқыратқан,

Аққудың ұясындай әсем қала.


Есет: Сарарқа кең дала

Сенсіз жетім мен бала.

Самұрықтай киелі,

Сен бәйтерек, сен ғана.


Әсел: Құлшынған күн шығыста жас қалаға

Батасын берді Алатау басат алға.

Ақжарқын Азияға нұрын шашқан,

Тілейміз құт, береке Астанаға.


Арнат: Қызылорда, Ақорда,

Өзге елде жоқ орда.

Көкке бойын тіреген,

Көңіл күйі тоқ орда.

Би: «Қаражорға».


Жүргізуші: Сәулеңді шаш еліңе
Нұрыңды төк жеріңе
Киелі менің Елордам
Бақ болып қонған төріме – деп мерекелік кезекті құттықтауды

№9 «Мереке» тобының тәрбиеленушілеріне береміз.


Ақниет: Күн болып қарайды,

Шуақ болып тарайды.

Әлемге нұр шашқан

Астанам –арайлым.


Нұрайсын: Елорда қуатты,

Шырайлы, шуақты.

Шұғыла шаша бер,

Алтын күн сияқты.


Сабира: Астана аққала,

Ақ мәрмәр пәк қала.

Шарықтап, қарыштап,

Шалқи бер, шлаттана.


Жүзбай: Туғандай қиялдан,

Үйлері бір арман.

Аспандап барады,

Аяулы ұлы ордай.


Би: «Өзбек биі».


Жүргізуші:  Киелі менің Ақордам
Арудай сұлу таранған
Береке, бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.


Ендігі кезек №12 «Айгөлек» тобының балдырғандарында .


Айша: Сарарқа төсінде

Сән беріп Есілге

Жас қала, бас қала

Астана өсуде.

Күн болып қараймыз

Шуақ болып тараймыз,

Әлемге нұр шашқан

Астанам –арайлым.


Фатима: Сен деген туған елдің жүрегісін,

Өзіңмен басталар өлеңімсің.

Шағала толып жатқан бірақта сен

Бәрінен біреге, бөлексің сен.


Алішер: Сәулелі жаз еліне

Нұрын төккен

Киелі менің елордам

Бақ болып қонған төріме .


Гауһар: Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді, күн шуақы.





Әсия: Жаз жайнады алақай,

Жатыр жайнап даламыз.

Жүр кәнеки балақай,

Шомылуға барамыз.

Жүргізуші: №12 «Айгөлек» тобының тәрбиеленушісі Кулбаев Рамазанның орындауында «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.


Ойын: «Арқан тарту», «Қыз қуу».


Ән: «Атамекен».


Жүргізуші: Жайнай бер жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап, бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Осымен құрметті қонақтар мен әріптестер ! Бүгінгі Астана күніне арналған «Жайнай берсін - Астанам» атты іс-шарамыз аяқталды.

Көріп тамашалағандарыңызға рахмет, сау болыңыздар!