Балалар залға кіріп шыршаны айналып тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Сіздерді келе жатқан 2011 жылмен құттықтаймын! Әр отбасыға бақыт, табыс, молшылық тілеймін!
Көңілде көп қуаныш
Әрбір сөзге жақсы үміт.
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Бүгін бәрі өзгерек
Жарқын күлкі, сөз бөлек
Тілек айтып күттік біз
«Кел, Жаңа жыл, төрле»-деп.
Масуд: Төрле, төрле Жаңа жыл,
Құтты болсын қадамың
Тілекке елді жеткізіп
Есте қалсаң жарады.
Айтолқын: Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе,
Асқар тау, қарлы шың.
Нұралы: Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ.
Әсем: Тілеймін мен бар адамға
Жаңа бақыт, жаңа жыр!
Ата, әже! Әке, ана!
Құтты болсын...
Барлығы: Қоян жыл!
Өлең "Кел, кел, жаңа жыл" (Жаңа жылда сол рас па)
Әуенмен Ақшақар кіреді.
Ақшақар: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп, кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы достар көбейсін.
Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймын әрине.
Бар жақсылық тілеймін мен
Қонақтардың бәріне.
Балалармен амандасады.
Ақшақар назарын шыршаға аударып:
Ойыншықты мұншама
Кім ілді екен шыршаға
Алақай, айнала түрленді
Балақай, би биле тұрма енді.
Өлең «Шырша туды орманда»
Ақшақар: Балалар, шыршаларың қандай тамаша. Бірақ ол жарқырамай біртүрлі көңілсіз тұр ғой, кәне бұл жағдайды дұрыстайық.
Менімен бірге «1-2-3-4-5-жаншы шырша тез»
Сабина: Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
Томирис: Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Әділхан: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Сабыржан: Бізбен бірге жайдары
Жарқырайды, жайнайды
Жасыл әсем шыршамыз
Қуантады баршаны.
Аружан: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Өлең «Шырша» (Шырша біздің ортамызда)
Балалар отырады.
Әуен ойнап, үш мыстан кемпір кіреді.
Мағрипа: Әй, әй, әй
Бұл не жиын, бұл не той?
Барлығы жиналыпты ғой.
Амандасып көрейік:
Менің атым Мағрипа
Мен боламын Фатима
Танысайық Зылиқа
Балаларға жақындап олардың аттарын сұрайды.
Мағрипа: Сыпырғышпен ұшып келдік
Жолда сынып әрең жеттік
Қарда жауып кетіпті. Брр
Қиын екен жету мұнда
Фатима: Сыпырғышты айырбастау керек.
Зылиқа: Мүмкін «Мерседес» алармыз
Мағрипа: Көліксіз қиын екен
Фатима: Мүмкін спонсор табармыз
Зылиқа: Сонда жиі келеміз
Сендермен көңіл көтереміз
Мағрипа Ақшақарға қарап:
Жүргізуші: Біз жаңа жылды қарсы алудамыз, Аяз атаны күтіп отырмыз, ал бұл Аяз атаның немересі – Ақшақар. Біздің шыршамызға қараңдаршы, қандай әдемі, әсем!
Мағрипа: Иә, шыршаларың қатқан екен
Көп ойыншық таққан екен
Фатима: Ей, біздің орманда да мұндай шыршалар жетеді. Үлкені де, кішісі де бар.
Зылиқа: Жоқ, Фатима, мынадай шырша бізде жоқ
Қарашы, төбесінде жарқырайды жұлдыз шоқ
Қызыл, сары шынылар
Жарқырайды жұлдыздай
Ал біздің шырша мұндай емес
Мағрипа: Болды текке сөйлемей.
Қалсақ бола ма сендермен?
Жүргізуші: Әрине қалуға болады.
Мыстан кемпірлер ән айтады:
Біз көңілді кемпірлерміз
Ән айтамыз, билейміз
Көңілді болып жүреміз
Ойнауды да білеміз
Фатима: Қараңдаршы мыналарға, қалай киініп алған?
Зылиқа: Мында ұлпақарлар да, аю, қояндар да бар. Мен де осылай киінгім келеді. Бірдеңе ойлап табайық.
Мағрипа: Бірақ алдымен мына шамдарды өшіріп кетейік, әйтпесе біз келгенше барлығы бітіп қалады.
Фатима: Мен білем не істеу керек екенін.
Шақырамыз бұзақыларды
Өшіреді олар шамдарды (ысқырады)
Ұлдардың биі
Биден кейін шамдар сөніп қалады.
Зылиқа: О-о, дұрыс болды, енді, қыздар, кеттік. Гуд бай, балалар, ал Ақшақарды өзімізбен бірге алып кетеміз, сосын қайтарамыз.
Мыстан кемпірлер Ақшақарды алып шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар, енді не істейміз, жанып тұрған шамдарды да сөндіріп кетті?
Балалар: Аяз атаны шақырайық
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, бәріміз бірге шақырайық:
Қапшығын арқалап Аяз ата кіреді.
Аяз ата: Әйтеуір сендерге жеттім ғой. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Құт-береке әкелсін! Көңілде жұбаныш,
Тасысын береке
Жаңа жыл – қуаныш
Жаңа жыл – мереке.
Алыс жерден мен келдім,
Сыйлықтарды әкелдім.
О-о, қандай тамаша шырша! Көп балабақшалар да болдым, бірақ мынадай әсем шыршаны көрген емеспін!
Жүргізуші: Аяз ата, шыршамыз сөніп қалды
Аяз ата: Ай-яй-яй! Не болып қалды?
Жүргізуші мыстан кемпірлердің қылығы туралы айтып береді.
Аяз ата: А-а, білем мен бұл көңілді, бұзақы кемпірлер туралы.
Бұл жарамайды, қазір жандырамыз.
- Шырша, шырша, жан, жан! (таяқпен 3рет соғады - жанбайды)
- Балалар, маған сендердің көмектерің керек. (балалардың көмегімен шырша жанады).
Өлең «Аяз ата» (Борандатып аққарлатып)
Балалар отырады
Аяз ата: Балалар, енді сендердің өнерлеріңді көрейін, дайындаған тақпақтарың бар ма?
Балалар дайындаған тақпақтарын оқиды
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар әлі жоқ қой?
Аяз ата: Мен оны сезіп отырмын, ол келе жатыр. Кәне, бәріміз бірге шақырайық: Ақшақар, ау!
Ақшақардың киімін киген екі мыстан кемпір кіреді:
- Ей, құрметпен көп тосқан
Мерекеге біз келдік
Келіңдер кел достар
Шапалақ ұрыңдар.
Аяз ата: Бұлар кім?
Мыстан кемпірлер: Қане табыңдар. Өздерің бізді шақырдыңдар ғой. Біз сенің немерелерің – Ақшақармыз
Аяз ата: Балалар, менде неше немере бар?
Балалар: Біреу
Аяз ата: Көрдіңдер ме, балалар да біледі. Қазір мен сендерге көрсетемін...
Мыстан кемпірлер: Жоқ-жоқ, Аяз ата, біз жай қалжындадық. Білесің ғой біз көңілді кемпірлерміз. Ал Ақшақар міне, бізбен бірге келді.
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, ата!
Аяз ата: Сәлеметсің бе, қызым! Сенің достарың қайда?
Ақшақар: Қаршақыздарым қайда
Би билейік бұрала.
Би (қыздар)
Мыстан кемпір: Аяз ата, мүмкін біз балалармен ойын ойнармыз.
Аяз ата: Иә, дұрыс айтасыңдар, балалардың көңілдерін көтеріңдер.
Ойын «Кім жылдам» (шаңғымен сырғанау)
Мағрипа: Ой, қалай жақсы ойнадық, енді үйімізге қайтсақ та болатын шығар.
Фатима: Ой-бой, қайдан, біздің сыпырғышымыздың моторы сынып қалыпты.
Аяз ата: Мұңаймаңдар, мен сендерге сыйлыққа шаңғы беремін. Үйге жылдам жетесіңдер.
Зылиқа: О-о, Аяз ата, сәнкью вэри мач!
Фатима: Мэрси!
Мағрипа: Сау болыңдар!
Мыстан кемпірлер шығып кетеді.
Жүргізуші: Қане, балалар, Аяз ата мен Ақшақарға өлең айтып берейікші.
Ән «Жаңа жыл – той тамаша»
Аяз ата ойын ойнатады. «Қатырамын»
«Кім тез арқанды тартып алады?»
Аяз ата: Енді, балалар, сендерге сыйлық тарататын уақыт та келіп қалды. Осы жерде менің қапшығым бар еді. (үйшіктің қасына барады)
Қызықты сәт: Қапшықты сүйретіп шыршаның қасына әкеліп ашқанда, ішінен мыстан кемпір шығады.
Мағрипа: Хи-хи-хи
Аяз ата: Ойбай, бұл не сұмдық? Сен қайдан пайда болдың? Балалардың сыйлығы қайда?
Мағрипа: Хи-хи-хи. Бұл менің қалжыным ғой. Саған жеңіл болсын деп, сыйлықтарды жолға тастап кеттім, ренжімеші. Сен сиқырлап көр, сонда барлық сыйлықтарың қайтадан қапшығыңа толады.
Аяз ата: Эх, не деген бұзақылық. Жарайды, сиқырлап көрейін.
Аяз ата сиқырлап, сыйлықтарды қайтарады. Балаларға үлестіреді.
Ертеңгілік
«Жаңа жыл – той тамаша»
Тәрбиеші: Суюндикова Н.С.