СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаңартылған білім мазмұны бойынша жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-сыныпқа арналған жаңартылған білім мазмұны бойынша  сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Жаңартылған білім мазмұны бойынша жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары»





Пән:жаратылыстану

Сынып: 1Б


«Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ

Күні: 24.01

Мұғалімнің есімі:Ашимова Н.Т.

Сабақтың тақырыбы

Қазір ғарышты қалай зерттейді?

Оқу мақсаты

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

Оқу мақсаты

  • кейбір ғарыш денелерін сипаттау;

  • ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау;

  • қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ресурстар:

ұшу аппараттарының әртүрлі суреттері;телескоптардың суреттерімен презентация

Интернет-ресурстар:

телескопты қалай жасауға болатыны туралы бейнежазба, https://www.youtube.com/ watch?v=k6vs_sjzGFY;

Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы, http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Адамдар ғарышты қалай зерттейтінін біледі.

  2. Олар құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді;

расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айырмашылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, математика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Телескоп, зымыран, расытхана

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейік.

БАРЛЫҚ ІСТЕ САҒАН СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН! РАХМЕТ!


Жұптасу








-Қане, есімізге түсірейік, қандай тақырып өттік? (Адам ғарышты қалай зерттеді?) -Өткен тақырып бойынша қоятын сұрақтарым бар.

-Адамдар ең алғаш қандай жаңалықтар ашты? (Адамдар кейбір жұлдыздар тобының белгілі бір бейне құрайтынын байқаған. Олар шоқжұлдыздар көмегімен кеңістікті бағдарлауды үйренді.)

- Кейін адам Ай мен Күнді бақылай отырып, тағы қандай жаңалықтар ашты? (адамдар Айдың өз пішінін өзгертіп отыратынын байқаған. Алғашқы Ай күнтізбелер пайда болды.)

-Күн күнтізбесі мен күн сағаттар пайда болды.

-Көп жылдар бұрын адамдар аспан денелерін қалай зерттеген? (Бақылаған)

Бүгін сен:

  • Ғарышты зерттейтін құралдар мен ұшатын аппараттар туралы білетін боласың.


Сабақтың ортасы


Телескоп. Оқушылардың назарын дүрбінің суретіне аудару. –Мынау не?

Олардың жауаптарын ақпаратпен толықтыру. Ғалым Галилео Галилей алғаш рет ғарышты қарапайым дүрбінің көмегімен бақылап көрді. Осылайша алғашқы телескоп пайда болды.

Суреттегі телескоптарды салыстыр.

-Алғашқы телескоптардың қандай кемшіліктері болған?

- Тым алыстағы нысандарды ескі телескоптардың көмегімен көруге бола ма? — деп нақтылау.

- Қарапайым дүрбімен кім қарап көрді? Кескін анық болды ма?

- Телескопты қалай жинау керектігі туралы мультфильм көрейік. (Фиксики)


- Заманауи телескоптардың ұлғайтып көрсету мүмкіндігі мол, сондықтан кескіндері де нақты болады.

Телескопты қайда қоюға болады?

-Телескопты қай жерге орналастырған дұрыс?

-Жердің қай тұсынан жұлдызды аспанды бақылаған дұрыс болады? Неге?


(Бақылау жасалатын жер неғұрлым биік болуы керек, мысалы, таулы жер. Көкжиек анық болу үшін жердің тегіс болғаны дұрыс. Айналасында көпқабатты ғимараттар мен жарық оттар болмауы керек.)

-Адамдар телескоптардың көмегімен ғарышты бақылайды. Заманауи телескоптарды расытхана деп аталатын арнайы мекемелерде орналастырады. Олар қалалардан алыс жерлерде, биік тауларда орналасады.

Расытхана (обсерватория) — астрономиялық құбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекеме. Ағылшынның “бақылау” сөзінен шыққан.


Асы-Түрген расытханасы — климатты бақылауға арналған Қазақстандағы ең қолайлы бірден-бір ра­ сытхана.


Тянь-Шань астрономиялық расытханасы Үлкен Алматы көлінің маңайында орналасқан.


“Каменское плато” расытханасы Алматыдағы В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтқа қарайды.

Ойлан. Жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба әлде биік ағашта отырған адам ба?

Есте сақта! Ұшатын аппараттар.

-Жерден барлығын көруге бола ма?

-Ғарышқа бару үшін адамдарға не қажет? (Зымыран)

Зымыран – ғарышты зерттеуде кең қолданыс тапқан ұшу аппараты. Ғарышта ауа жоқ, сондықтан ол жаққа ұшақпен, тікұшақпен, әуе шарларымен ұшу мүмкін емес. Ғарышкерлер дем алу үшін скафандр деп аталатын арнайы киім киеді. Ұшу аппараттары арқылы ақпарат алып отырады.

Таныстырылым,

















Презентация



Оқулықпен жұмыс




бейнежазба, https://www.youtube.com/ watch?v=k6vs_sjzGFY;

























Презентация

Сергіту сәті

«Ғарышқа саяхат» көзге арналған жаттығуы

Таныстырылым

Қызықты тапсырма























Қосымша тапсырмалар


Зерттейік. Оқушыларды үш топқа бөлу, нұсқаулық беру.

1-топ. “Суретшілер” — зымыранның суретін салады.

2-топ. “Мүсіншілер” — оны ермексаздан жасайды.

3-топ. “Оригами” — зымыранның үлкен үлгісін қағаз­

дан жасайды. (Нұсқаулық беріп, қажетінше көмек көрсету.)





Осы жұмысты орындағаннан кейін барлық топ мүшелерін жинау. Оқушыларға өздерінің орындаған жұмыстарын талқылап, қорытынды жасау үшін бес минут уақыт беру. Содан кейін қатысу­шыларды таныстырылымдарын тыңдау үшін ортаға шақыру. Әр топта өзара бағалау жасатып, тапсырма орындаудан алған әсерлерімен бөлісіп, алынған нәтижелер бойынша өз ойларын ортаға салу мақсатында оқу диалогін құру.

Қазіргі уақытта әлемде ғарыш аппараттарын ұшыратын ғарыш айлақтары көп емес. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы да бар.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы бейнежазбасын көру.

35-жұмыс парағы. Ұшу аппараты. «Ғарыштан алынған фотосуреттер)

36-жұмыс парағы. Расытхана.

Суретшінің қателігі. Оқушылар суретті қарап,

сәйкессіздікті анықтап, себебін түсіндіре алады. (Расытханалардың айналасында көпқабатты ғимараттар болмауы керек, расытханалардағы телескоптар заманға сай болуы керек.) Осыдан кейін оқу шыларға суретті бояп шығуды ұсыну.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырма сабақ барысында алған білімдерін бекіте түседі.


Оқулық, дәптерлер.























http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/.



Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы


Сен не білдің?

Сұрақтарға жауап бер

  • Ғарыш дегеніміз не?

  • Астрономия нені зерттейді?

  • Қазір ғарышты қалай зерттейді?

  • Қазақстанда орналасқан ғарыш айлағы қалай аталады?

  • Ғарышқа саяхат жасау үшін не қажет?

  • Телескоптар орналасқан ғимаратты қалай атайды?

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді смайликтер арқылы бағалау.

Мен үшін сабақ қызықты болды, барлығын түсіндім.

Сабақ қызықты болды, бірақ маған әлі де көмек қажет.

Мен ештеңе түсінген жоқпын.


















Бағалау


Оқушылар:

ғарышты зерттеуге қандай құралдар мен аппараттар қолданылатынын біледі, олардың көмегімен жаңалықтар ашылатынын түсінеді.

Зымыран. Оқушылар зерттеу кезінде алынған зымыранның аппликациясын жасай алады.

Әр оқушыға өзінің ұшатын аппаратын жетілдіріп, элементтер қосып, атын ойлап табу ұсынылады.

Пәнаралық байланыс. Көркем еңбек.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?