Музыка:
Сахнаға
2 жүргізуші шығады.
1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін Б
ақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Тышқан жылды Ұзатып сап Доңызды.
2 жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2008 тышқан жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық. Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Абай көшесінен үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын.Мен қайдамын? (Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес.Бірақ, бұл маңызды емес.Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны маңызды емес.Неге келіп едім? А иә!Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған тәуелді.Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.) 1.Сайқымазақ: Қане біздің қонақтар! Басқаға мойын бұрмаңдар! Бізге қарай жақындап Қызық күлкі тыңдаңыздар! 2.Сайқымазақ: Барлығыңыз білетіндей шыршада Өте қызық болатынын. Өлең айтып, би билеп Сіздерді достар, құттықтап Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!! (Ұқыпсызға көңіл аударады.) 1 Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе? Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін.Маған екеуміздің біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз. 2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен кімсің өзің? Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Родник көшесінен келдім.Жаңа жылға асығып келдім.Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын. 1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің.Қарашы айналаңа адамдарда мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда! 2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік. (Би биленіп,өлең оқылады.) (Ортаға Чебурашка мен Гена баянмен шығады.) Чебурашка: Мәссаған, Гена қарашы, қаншама халық келген.Мен осыншама үлкендермен балаларды ешқашан көрген емеспін. Гена: Ал мен көрдім.Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің. Чебурашка: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме? Мен әлемге белгісіз жануармын.Ал менің атым ... Барлығы: Чебурашка. Гена: Ал менің – менің атым кім? Барлығы: Крокодил Гена! Гена: Мәссаған-қандай ақылды балалар! Ал енді Чебурашка, біздің жаңа әнімізді айтсақ қайтеді. Чебурашка: Айтсақ айтайық. Пусть белеют тропинки И летают снежинки И заводит пурга хоровод- Сразу ясно прохожим, На сосулки похожим, Что наступит вот-вот Новый год... Гена: Я ж играю на горможке У прохожих на виду... Чебурашка: К сожелению, Новый год- Он тоже раз в году ... Чебурашка: Сөздері енді аздап келіспейді.Мен мына жерде өнер көрсетіп кеткен сияқтымын. Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді.Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой.Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық. (Би биленеді.) Аяз атамен Ақшақарды шақырайық: Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған. Көңілдерің дүр маржан Айналайын ұлдардан Айналайын қыздардан Аяз ата, Ақшақар Жетті жолдан қиналған Ештеңе емес барлығы, Алдымыздан күлді арман Мықтылығым мәлім ғой. Өтіп кеткен жылдардан Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Тышқан жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын. Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын. Ақшақар: Мен сендермен Жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме? (Би биленеді.) Аяз ата: Ойбай, Жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар? Ақшақар маған көмектеседі. (Би, тақпақ айтылады.) Ақшақар: Аяз ата, ал мен ең жақсы киінген және өнер көрсеткен сынып жетекшісіне конкурс жариялағым келіп отыр. Ал қане кім бар күшті. Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда.Жеңген --------- сынып жетекшісі. (Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.) 1- жүргізуші: О, халайық, жараңдар. Қилы-қилы заман бар. Доңыз жылы әне жылыстап, Кетіп барады қараңдар. О, халайық, халайық. Қош айтысып қалайық! 2-жүргізуші: Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған.Доңыз жылын шығарып салайық. Доңыз: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 2008 жылы қадам басқан Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.! Келесі жыл бастауын Тышқанға беремін.(Сахнаға Тышқан шығады.) 2-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл! Бар бол, Жаңа жыл. Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл. Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл. Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл. Тышқан: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым. Тышқан: Мен дағы бір қонақпын Он екі жылда оралар Үлкендерге ақ ниет Сіздерге де ақ ниет. Сіздерге мың рахмет. Барлығы: Қош бол, Доңыз жылы, Қош бол! Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл. Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл! - Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік. (Көріністер кетеді) (Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры » әні орындалады ) - Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар.Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны. Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін. Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар! (Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады ) 1-жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де жеңеді.Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін! Барлық жандар бір тілекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!..
2- жаңа жыл сценарийй.
Жаңа 2017 жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді. Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл келді о, міне, Далама, қалама, жеріме Шаттыққа бөлеп әр үйді, Шыға ғой менің төріме. (Сиқыршы шығады) Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін? Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған шығар. Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар? Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі. «Сыңғырла, жаңа жыл» биі. Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар! Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан таптың ба? Демек, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек. Орманға біз шаңғымен барамыз. (Балалар жұп болып қатарға тұрып шыршаны айналады) Балалар орындықтарға отырады, әуен шырқалады, Қоян секіреді. Жүргізуші: Ой мынау не? Балалар: Мынау, Қоян. Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жүргізуші: Қоян, сен кебістің екінші сыңарын көрген жоқсың бе? Қоян: Жоқ, көрген жоқпын. Жүргізуші: Енді, не істейміз? Сиқыршы: Қазір мен барлық балаларды орман гномдарына айналдырып жіберемін. (Сиқырлы таяқшасымен балақайларды гномдарға айналдырып жібереді). Жүргізуші: Қане, гномдар, бірігіп билеңдер кебісті табыңдар. «Гномдар биі». Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, Жақсылап би биледіңдер. Бірақ кебіс табылған жоқ. Жүргізуші: Мен білемін біздерге Аққала көмектеседі. Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көңілді Аққаламын. Ойын - күлкі әкелдім, Бақыт, қуаныш сыйлаймын. Мықты денсаулықпенен. Жүргізуші: Қош келдің, Аққала! Біздің басымызға қиындық түсіп, көмек керек. Кебістің бір сыңары жоқ. Аққала: Мен сендерге көмектесемін, бірақ бір би тамашалап алайық. «Аққалалар биі» Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар, Сиқырлы үйді қараңдар. Жарығы жанып тұр, Терезесін қағайын. Кім тұратынын сұрайын. Сиқыршы: Кім екен? Мұнда Ақшақар тұрады. (Үйінен Ақшақар шығады). Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жүргізуші: Құрметті Ақшақар, сізді Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз. Ақшақар: Мен билегенді ұнатамын. Орманда түлкімен серуендеп жүріп кебісімді жоғалтып алдым. Сиқыршы: Балаларға қонаққа келе жатып, кебіс тауып алдым, кебісіңді ала ғой. Ақшақар: Көп рахмет сіздерге балақайлар. Жүргізуші: Ақшақар, балаларымыздың дайындап келген биі бар, бірге билеңіз. «Ақшақарлар биі» Сиқыршы: Балалар сіздер ән айтқанды ұнатасыздар ма? Ендеше ән айтайық. Ән: «Ақшақар» Ақшақар: Балалар, Аяз ата әлі келген жоқ па? Сиқыршы: Мен білемін, Аяз ата балабақшаға келеді. Біздің шаңғыларымыз қайда екен? Үйге қайтатын болды. (Балалар жұптасып қатарға тұрады да шыршаны айналады). (Әуенмен Аяз ата шығады). Аяз ата: Мен көңілді Аяз атамын. Құрметті балалар Сәлеметсіздер ме қыздар мен ұлдар. Жүргізуші: Мүмкін Аяз атаны би билеп қуантамыз, өнерімізді көрсетерміз. «Қонжықтар» биі Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы. Қане барлығымыз бірге үрлеп шыршаның шамдарын жағайық. (Барлығы бірнеше үрлеп шыршаның шамдарын жағады). Аяз ата: Ақшақар қызым менің қолғабымды көрген жоқсың ба? Сиқыршы: Қолғап тауып Аяз атадан сұрайды: Аяз ата мынау сіздің қолғабыңыз ба? Аяз ата: Иә қолғап менікі (Балалар бір - біріне қолғапты беріп, Аяз ата балалардан алуға тырысады). Ойын: «Қолғапты қуып жету». Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, жылдам екенсіңдер. Жүргізуші: Қане, балалар барлығымыз бірігіп ән айтайық. Ән: «Жаңа жыл» Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын беретін кез келді. Аяз ата: Дұрыс айтасың, мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын таратады). (Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді). Жүргізуші: Келесі жылы біз сізді сағына күтеміз. Қош болыңызда
2- жаңа жжыл мерекееееее
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: -Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар! 2- жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер. 1-жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқ тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргендер де көрмегенде арманда. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. 2-жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып, арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. 1-жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. 2- жүргізуші; Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! /Ортаға шығыс биі мен “Айналайын” тобы/ 1-жүргізуші: Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, академик Русаков атындағы №2 шипажай мектеп-интернатының директоры Замзагүл Нарымбекқызына береміз. 2- жүргізуші: - Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы қалалық білім бөлімінің бас маманы Раиса Болатқызына беріледі. 1-жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылың. Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын. /”Жаңа жыл” әні орындайтын Шоланов Р./ 2- жүргізуші: -Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. 1-жүргізуші: * Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар. * Сүйінішпен маңайға жар салыңдар. * Аяз ата келеді Ақшақармен, * Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! /осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./ Аяз ата: Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел, Нарына нарық заман мінгескен ел. Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел, Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел. 1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, Ата! Аяз ата: Уағалейкумассалаум, балам! 2-жүргізуші: Армысыз Ата! Армысың Ақша қар. Аяз ата: Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 1-жүргізуші: - Балығы талдау тулаған, Бақасы қойдай шулаған, мыстың алыбы қарт Балқашқа келдіңіз. Аяз ата: - Бәрекелді, балам! Балқаш әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар? 2-жүргізуші: - Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды. Аяз ата: -Рұқсат шырақтарым, рұқсат. /шығыс биі/ 1-жүргізуші: -Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар? 2-жүргізуші: Олай болса, ортаға еліміздің ордалы оңтүстік өңірінен келген өнерпаздарды шақырамыз. /ортаға 8а сыныбының КВН командасы шақырылады./ 1-жүргізуші: - Сіздердің алдарыңызда еліміздің астықты солтүстік өңірінен келген өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар! /8ә сыныбы КВН/ Би: “Шарара” 10а қыздары 2-жүргізуші: -Қадірлі көрермендер! Алдарыңызда еліміздің байлыққа толы Батысынан келген қонақтарымызды шақырамыз. /9а сыныбы/ 1-жүргізуші: - Құрметті халайық ортаға Еліміздің шырайлы Шығысынан келген шынайы өнер тарландарын шақырамыз. /9ә сыныбы/ 1-жүргізуші: - Құрметті көрермен қауым! Еліміздің Шығысы мен шекаралас жатқан кәдімгі Корей елінен де елшілер келген көрнеді. Олай болса, ортаға корей халқының тыныс-тіршілігін бейнелейтін бишілерін шақырсақ. /”Айналайын” бишілер тобы. Корей биі./ 2-жүргізуші: - Ал, ардақты ағайын! Ендігі кезекті еліміздің Орталық кіндігі – Арқалы Арқа жерінен келген арландарымызға берсек. /10а сыныбы/ 1-жүргізуші: -Қадірлі халқым! Еліміз еңсесін көтергелі біраз жылдар өтіпті. Жыл өткен сайын жаңарған жерлерді көреміз. Соның бір дәлелі: Өткен тышқан жылы 10-ға толған жас Астанамыздың гүлдей жайнап өсуі. Олай болса, осы кезекте ортаға Еліміздің Ордасы – Ару қала Астанадан келген өнер өкілдерін шақырамыз. /ортаға мектеп түлектері 11 сынып КВН / соңынан “Замана” тобы бір ән жолдайды. / 2-жүргізуші: - Ардақты ағайын! Бүгінгі біздің жаңа жыл мерекемізге арнайы ат басын тіреп, құрметті қонақ болып, өнерін шашу еткелі келіп отырған бұрынғы түлегіміз, бүгінгі мақтанышымыз, керемет күйші, мықты музыкант, табиғи талант иесі Қымбат Мұхаметқалиеваны ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер. 2-жүргізуші: Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз. /ортаға әр сыныптан бір биші шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./ 1-жүргізуші: -Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Тышқан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар? Аяз ата: - Бәрекелді қарақтарым! Келсін, тышқан келсін... /тышқан жылы шығады./ Тышқан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!. Аяз ата: Иә, Тышқан қайда тарттың? Тышқан жылы: - Тарих қайнауына. Осы жерде бұзау бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде мөңіреп сиыр жылы келеді./ Жаңа жыл: - Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, тышқан аға! Армысың, Ақша қар. Аяз ата: - Бар бол балам. Тышқан жылы: Уагалейкумассалам, сен бала бұзаумысың? Жаңа жыл: - Дәл өзімін. Тышқан жылы: - Айналайын келші, танауыңнан бір иіскейін. Ал, бұзаужан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін. Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым. Жаңа жыл: - Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін. Тышқан жылы: - Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын! 1-жүргізуші: Қош, өткен жыл! Қош келдің Жаңа жыл. 2-жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік. 1-жүргізуші: -Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін. Аяз ата: Болар, болар... Уа!!! Мен батамды берейін, Үстем болсын мерейің Әрқашанда бұл елге, Қуанышқа келейін. Жақсылық елден кетпесін, Жамандық, келіп жетпесін. Қызыр болсын жолдасың. Әруақтар қолдасын! Қара ниет дұшпаның, Бұл жалғанда оңбасын. Аман болсын, мал басың, Адал болсын жолдасың. Бейбітшілік заман болсын. Ел іргесі аман болсын. Осы айтқаным қабыл болып, Батам менің тәммам болсын! Әумин! Жаңа жылдарың құтты болсын!!! Барлығы бірге: Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл әні орындалады. Кеш соңы бимен ұласады.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/scenarii/2131-new.html
© www.ZHARAR.com